201
орнын теориялық тұрғыдан ұғыну маңызды міндет.
Енді лингвоелтанымдық сөздіктің басқа сөздіктерден айырмашылығы қандай деген
мәселелерге
жауап
беруге
тырысайық.
Энцикалопедиялық
сөзтізбе
негізінен
қоғамтанушылық терминдерді қамтиды, лингвоелтанымдық сөздік болса қоршаған ортада
күнделікті өмірді бейнелейтін құбылыстар лексикасын сипаттайды. Әрине онда да
терминологиялық, әсіресе құрамдық номинативтік топтарды қамтитын лексикалар кездеседі
(мәдени-ағартушылық жұмыстар, муызкалық білім, т.б.), дегенмен сөз тізбедегі бірліктердің
көпшілігі күнделікті қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ердавлетов С.Р. Становление высшеготуристского образования в Казахстане //Вестник КазНУ.
Сериягеогр., № 2 (17). – Алматы, 2003. –С.160-167.
2. Сәлім Е.Қ. Лингвоелтанымдық сөздік жасаудың маңыздылығы және оның басқа сөздіктерден
айырмашылығы // Инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане V международная
научная конференция сборник статей (часть 2)общественные и гуманитарные науки. – Алматы, 2011
3. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. -М.: 1980 г.
4. Бейсенбекова Г.Т., Ныязбекова К.С. Қазақ тілін лингвоелтанымдық бағытта оқыту / «Современная
педагогика» электронды
ғылыми-тәжірибелік журналы
5. Әмірбекова А.Б. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. – Алматы: Елтаным, 2011
ӘОЖ 811.512.122’1
ТЕМІРБЕКОВА А.С., ӘЛІМХАН А.Ә., ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ.
С.
Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
МӘТІНДЕГІ ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ КӨРІНІСІ
Кез келген тілді үйрену сөздерді меңгеруден басталады. Адам санасында белгілі бір
дәреже сол тілдің сөздік қоры қалыптасқанда, ол қарым-қатынас жасау немесе хабарласу
құралы ретінде қызмет атқара бастайды. Белгілі бір тілді оқытуда фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық, стилистикалық білім берумен қатар әлеуметтік, мәдени және эстетикалық
тұрғыда білім беру қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілікті лингвоелтаным компоненті
іске асырады.
Лингвоелтанымдық тұжырымдар ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты.
«Лингвоелтану» термині алғаш Е.М.Верещагин мен В.Г. Костомаровтың еңбегінде жарық
көрді. Е. Верещагин мен В.Костомаровтың еңбегінде: «Лингвоелтанымдық тәсіл бойынша
өзге ұлт өкілдеріне тілді кешенді меңгерту – бұл тілдің кумулятивтік қызметін
лингводидактикалық тәсілде үйретіп, адресат санасына сол ұлттың мәдени өмірін толық
сіңіретіндей дәрежеде оқыту аспектісі», - деп беріледі [1].
Сонымен қатар лингвоелтану мәселелері Г.Д. Томахин, А.А. Брагина, В.В. Марковкин,
В.В. Сафонов, Ю.Е. Прохоров, т.б. ғалымдардың еңбегінде жарық көрді. Мысалы Ю.
Прохоров лингвоелтану ғылымын танытатын мынадай анықтамаларды («оқыту әдістемесі
аспектісі», «жеке әлеуметтік тіл білімі саласы», «филология саласы») жүйелеп, бірізділікке
салу керектігін айтады. Өзі мынадай анықтама ұсынады: «Лингвоелтану – бұл әдістемелік
пән, яғни орыс тілін өзге ұлт өкілдеріне сол елдің мәденитімен, таңдаулы ерекшеліктерімен,
құндылықтарымен таныстырудың, үйретудің әдістемелік аспектісі».
Лингвоелтану – тіл үйретуді негізге ала отырып, сол үйреніп отырған ел туралы
деректер беру бағыты. Лингвоелтанымның басты мақсаты – түпнұсқа мәтіндерді және
серіктесінің сөзін қабылдай отырып, мәдениаралық қатысым актісіндегі коммуникативтік
құзіреттілікті қамтамасыз ету. Елтанымдық бағытта тіл үйретудің негізгі тапсырмасы
үйреніп отырған халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктерінен нақты көрініс беретін тілдік
бірліктерді меңгерту болып табылады. Демек, лингвоелтаным, бір жағынан, тілді үйретуге
бағытталса, екінші жағынан, үйреніп отырған ел туралы мәліметтер береді.
Линвгоелтанымның негізгі объектісі сол ел емес, үйреніп отырған елдің аялық білімі, яғни