326
Қазіргі заманның талабына сәйкес оқушы-жауынгерлерді оқыту процесінің дамуының
басты барысы болып жүйелі түрде тәрбиешінің рөлін, дамыту және психологиялық
дайындықты арттыру болып табылады. Оқушылық қызметте өмірге сырттай қарау,
абстрактілі ойлау және тәжірибе әрқашан бірлікте болады, ол - зерттеу мазмұнымен,
дайындығымен, дәлелді ережелермен, материалды техникалық қормен, мұғалімнің
шеберлігімен және басқа да факторлармен анықталады. Бастапқы әскери дайындық пәнінің
сабақтарында ассоциативті - рефлекторлы және ойша әрекеттің кезеңдік калыптасу
концепциясы да ескерілуі қажет. Оқыту тәжірибесі және арнайы зерттеулер көрсеткендей
теориялық сұрақтарды оқытуда ассоциативті-рефлекторлы әдістеме көп нәтижелі, ал
дағдыны қалыптастыруда қимылдық әрекеттерді қайталауда ойша әрекеттің кезеңдік
калыптасу концепциясының әдістемесі қолданылады [3,4].
Біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр
мол жерді талай ғасырлар бойы басқыншыны жаудан қорғап, бостандық пен тәуелсіздік
жолында жанын пида етті. Сондықтанда, біздер халқымыздың қас батырлары- Қабанбай мен
Бөгенбайды, Исатай мен Махамбетті, Кенсары мен Наурызбайды, Райымбек пен Қарасайды,
Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың халқы үшін қалтықсыз
қызымет еткен үлгі-өнеге етіп, осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз. Өз
Отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мектептегі әскери-патриоттық жұмыстың басты өзегі болуы
керек. Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін
сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі және бүкіл халықтың ісі деп санайды.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі бастапғы әскери дайындық пәнін оқыту
арқылы жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге жан-жақты дайындады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Әскери психология және әскери педагогика, Ә.Р. Айтуғанов, И.Қ. Тұрметов. К.Д. Баетов, А.,2007ж
2.Педагогика, И.Ф. Харламов, А.,1990ж.
3.Бастапқы әскери дайындық сабағында оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, К.М. Катуков,
А.,1988 ж.
4. Алғашқы әскери дайындық әдістемелік нұсқау, А.:Мектеп 2003 ж
ӘОЖ:159.922.8
СЕКСЕНОВА К., ИГІБАЕВА А.К.
С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеткіншек үшін өзінің беделін, өз деңгейін түсіру, яғни жолдастарының көз алдында
осындай жағдайға ұшырауы – ең үлкен трагедия болып саналады. Міне осы себеппен
жеткіншек жолдастарының көзінше оған мұғалім ескерту жасағанда ашу көрсетеді. Осындай
ескертулерді ол өзінің тұлғасының тапталуы деп есептейді. Осының негізінде жеткіншек пен
мұғалім арасында қақтығыс жиі туындайды. Және жеткіншек «қиын» болады, тек қана
тактикалық көңіл аудару жеткіншектің эмоционалдық қалпын қамтамасыз етеді. Жеткіншек
белсенді түрде адал достарды іздейді, бірақ әрқашан оларды таба бермейді. Мұнда тағы да
жас ерекшеліктің қиындығы жеткіншектің міндеті, жеткіншектің қандай ұжымға кіруін,
оның әр түрлі топтардағы орнын біліп қана қоймай, сондай-ақ жас жеткіншектің тобының
қалыптасуын мақсат бағдарлы түрде басқаруы қажет және әрқайсысына өзінің лайықты
орынын иемденуіне, сондай-ақ сыныпта жолдастарының арасындағы орнын анықтауға
көмектесуі қажет.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей 92 пайыз қиын жеткіншектер изоляциаланған
оқушылар қатарына кірген. Ал бұл жеткіншектердің сыныптастар арасындағы тығыз
байланыстың жоқтығын көрсетеді. Жеткіншектің дамуына жанұя өте үлкен ықпал жасайды.