Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет126/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   187

256 
 
 
 
Аурудан толығымен айығу үшін жаттығуға қосымша суда жүзіп, арқаға, белге массаж 
жасату  керек.  Мұның  бәрі  қан  айналымды  жақсартып,  ағзада  зат  алмасу  процесін 
жақсартады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1 . Нұрмұхамбетұлы Ә.  Патофизиология  3- ші басылым. Алматы ,2007 
2 . Ахметов Ж.Б.   Патологиялық фихиология 1 том.  Алматы; Эверо, 2015 
3 . Ахметов Ж. Б.  Патологиялық анатомия; 2 – ші басылым. Алматы, 2009 
4 . Струков А. И , Серов  В. В.  Патологическая анатомия  5-е изд.стер – М.Литтерра 2010 
 
 
ӘОЖ 159.922.8 
ГУБАЙДУЛЛИНА Г.Н., ЕСКЕНДІРОВА Ж.А.  
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ  
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 
 
Жастарды  ерекше  топқа,  ерекше  әлеуметтік  категорияға  бөлу  адамзаттың  мәдени-
тарихи  дамуының  нәтижесі  болып  табылатындығы  белгілі.  Осы  орайда,  біз  адамзат 
тарихының дереккөздеріне үңіліп, нақты жас тобын қоғам қалай және неліктен ерекше топ 
ретінде бөліп көрсеткендігін түсінуге тиіспіз. Олай болса, алдымен адамзат эволюциясының 
бастауларына  шолу  жасап,  экономикалық-мәдени  даму  сатылары  арқылы  жастардың 
даралануының әлеуметтік келбетін ашып алу қажеттігі туындайды.  
Егер де адамның өмірлік циклінің жеңілдетілген кезеңдеріне тоқталсақ, қазіргі дәуірде 
жас  ерекшелік категориясын былайша бөліп көрсетуге болады: 1) сәбилік;  2) балалық  шақ, 
бұған мектепке дейінгі жас пен төменгі мектеп жасы кіреді; 3) ересектікке бетбұрыс немесе 
жасөспірімдік  жас;  4)  жастық  шақ;  5)  кемелдену;  6)  қарттық.  Психолог-педагог  мамандар 
осы  категориялардың  әрқайсысының  өзіндік  кезеңдерін  әр  түрлі  деңгейде  бөліп  көрсетеді. 
Қазіргі кезде, «жастар» категориясына, негізінен, кейінгі жасөспірімдік жас (пубертатты жас 
деп  аталады)  пен  жастық  шақ  жатады.  Кейбір  зерттеушілер  ересектік  өмірдің  де  бастапқы 
бірнеше  жасын  қамтиды.  Мысалы,  Л.Ю.  Зайниеваның  пікірінше:  «Қазіргі  кезде  «жастар» 
ұғымының  жас  аралықтары  әрдайым,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (15-24  жас) 
анықтамасымен  сәйкес  келе  бермейді  және  негізінен,  13-14  жастан  29-30  жасқа  дейінгі 
аралықты  қамтиды»  [42,  11-б.].  Ал  қазақ  қоғамында  дәстүрлі  таным-түсініктерде  жас 
ерекшеліктердің өзіндік ерекшеліктері сақталады. 
Бірақ,  жастар  феноменінің  физиологиялық  жас  шеңберін  анықтау  –  жартылай  ғана 
біткен  іс  болмақ.  Келесі  кезекте  осы  феноменге  анықтама  беру  қажет.  Әрине,  тұтас 


257 
 
анықтамалармен,  дефинициялармен  шектеліп,  оларға  түбегейлі  жүгінуге  де  болмайды.  Өз 
дәуірінде Гегель: «Анықталатын пән неғұрлым бай болса, яғни, оның қарастыратын қырлары 
неғұрлым  көп  болса,  оған  берілетін  анықтамалар  да  соғұрлым  әртүрлі  болмақ.  Демек, 
мысалы, өмір, мемлекет және т.б. ұғымдарының көптеген анықтамалары бар» [12, 413б.],-деп 
пайымдаған болатын. Осыны негізге алатын болсақ, жастар феноменінің де концепт ретінде 
біраз  дефинициялары  бар.  Бірақ,  мәселе  дефинициялардың  өзінде  емес,  олардың 
маңыздылығы туралы  өз дәуірінде Ф. Энгельс ұтымды пікір  білдірген болатын. Ол  «Өмір» 
құбылысына  дефиниция  ұсына  отырып,  былай  деп  атап  өткен:  «Біздің  өміріміздің 
анықтамасы, әрине, толығымен жеткіліксіз, өйткені ол өмірдің барлық құбылыстарын қамти 
алмайды,  керісінше,  олардың  ішіндегі  жалпы  және  ең  қарапайым  құбылыстарымен 
шектеледі.  Ғылыми  қатынастағы  барлық  анықтамалар  болмашы  ғана  құндылықтар.  Өмір 
туралы  шынайы  толық  түсінікке  ие  болу  үшін  біз  оның  ең  төменгіден  ең  биікке  дейінгі 
көрінісінің түрлерін бақылауымыз қажет болар еді. Бірақ үйреншікті қолданыс үшін мұндай 
анықтамалар  өте  ыңғайлы,  ал  кей  кезде  оларды  қолданбау  өте  қиын;  олардың  шарасыз 
кемшіліктері есте сақталатындықтан, олар бізге зиян келтірмейді»[3, 84б.]. Тағы да: «Ғылым 
үшін  анықтаманың  маңызы  жоқ,  өйткені  олар  үнемі  жеткіліксіз  болып  тұрады.  Бірденбір 
нақты  дефиниция  істің  өзіндік  мәнінің  дамуы,  ал  бұл  дефиниция  бола  алмайды»[4,  634  – 
635бб.].  Сондай-ақ  лигвистикалық  философияның  өкілдері  де  белгілі  бір  парадигмада 
дефиницияның  тавтология  екендігін  анықтап  бергенмен,  дефиницияларға  жүгінбеу  мүмкін 
емес, себебі, ғылым бүгінгі күнге дейін одан басқа ұғынықтырақ және айқын жол таба алмай 
келеді.  Ендеше,  бұл  тұстағы  маңызды  мәселе,  дефиницияларды  барынша  формальді 
логикалық тұрғыдан құру мен оның талаптарына сәйкес анықтау болмақ. 
Егер 13 жастан 30 жасқа дейінгі жастардың жасын алатын болсақ, тұлға он бес жылдан 
астам уақыт бойы біркелкі, бір қалыпта сапада өзгерісіз сақталып қалады дегенге сенудің өзі 
қиын. Мысалы, әлеуметтік мәртебе тұрғысынан алғанда, егер жеке адам 13 жасында небәрі 
орта  мектептің  5-6  сыныбында  оқыса,  30  жасында  ол  (идеалда)  жоғары  білім  алып,  тіпті 
жоғары  әлеуметтік  мәртебелерге  көтеріліп,  мысалы,  ғылыми  дәрежеге  де  қол  жеткізуі 
мүмкін.  Кемінде,  30  жас  –  толығымен  еңбекке  қабілетті  жас.  Физиологиялық  тұрғыдан 
алғанда,  егер,  13  жаста  жыныстық  жетілу  енді  басталса,  30  жасында  жеке  адамның  10  жас 
шамасындағы  ұрпағы  болуы  да  ықтимал.  Демек,  «жастар»  ұғымын  абстрактілі,  жас 
сипаттамаларына қарамастан екшеп алуға болмайды дегенді білдіреді. Сондықтан да жастар 
кезеңін үш сатыға бөлген жөн:  
1) кейінгі жасөспірімдік жас (13-16 жас),  
2) жасөспірімдік (17-25 жас), 
3) кемелденудің басталуы (26-30 жас).  
Кейінгі  жасөспірімдік  жасқа  (әрі  қарай  оны  біз  жай  ғана  жасөспірімдік  деп  атаймыз) 
назар аударайық. Осы тұста, алдымен, жас кезеңі – жай ғана ыңғайлы теориялық тәсіл емес 
екендігін, бұл – өмірдің ақиқаты болып табылатындығын, жаңадан қалыптасып келе жатқан 
жеке  адамның  бір  жас  кезеңінен  екінші  жас  кезеңіне  ауысу  барысында  физиологиялық, 
психосоматикалық  және  интеллектуалды  тәртіптегі  түбегейлі  өзгерістер  болатындығын 
ескеруіміз қажет. Күнделікті өмірде бұл үрдісті «біртіндеп есею» деп атайды. Алайда сәбиді 
немесе  жасөспірімді  толыққанды  адам  ретінде  бағаламау  дұрыс  емес.  Бұндай  өлшем 
негізінен  ересек  адамның  белгілеуімен  түсіндіріледі.  Бұл  түсінікті  жайт:  қоғам  мен 
мәдениетті ересектер жасайды және басымдылық бойынша да дамытын осылар. Бірақ қоғам 
мен  мәдениет  –  адамдар  небәрі  құрал  болатын  әлдебір  мақсаттар  ғана  емес  екендігін 
ескеруіміз қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, бала немесе жасөспірім – әрине, 
жарамдылығы  аз  құрал.  Бірақ  мақсаты  адамдардың  өздері  болып  табылатын  гуманистік 
тұрғыдан қарайтын болсақ, кез келген жас өзіндік бағаға ие және мәдени құндылықтардың 
жасалуына белгілі бір деңгейде үлес қосады. 
Жасөспірімдік  жаста  құндылықтық-мақсатты  сала  да  өзгереді,  идеалдар  мен 
басымдылықтар  ауысады.  Ересектік  идеалы  үстем  болады,  әрине  ол  оны  сын  көзбен 
қабылдамайды. Ересекті көмір оған шынайы және толыққанды адам бейнесіне лайық болып 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау