51
жаңа мәселелерді көре білетіндей, білімді өздігінен іздене отырып, меңгерген
білімін жаңа жағдайда қолдануға жеткізетіндей болуға тиісті. Ол үшін
оқулықпен жұмыс атқаруда мына мәселелер ескерілуге тиісті:
- мәтін мазмұнын оқу барысында онда кездесетін ғылыми анықтамаларды,
заңдарды ойда
сақтайтындай жағдай жасау;
- кездескен атаулар мен жаңа ұғымдарға мән беріп, оларды дәптерге
жаздыру;
- тірек сөздер бере отырып, оқушыларға химиялық ерекшеліктерге
байланысты
сөйлем құрату;
- оқығандарын сөзбе-сөз емес, өз ойларымен қорытындылай отырып, еркін
айтуға жаттығу.
Алға қойған талаптарды орындауда оқулықтың тек өз мазмұнымен,
шектелмей, оның құрамдас бөлігіне енетін оқу құралдарымен тығыз
байланыста, сабақтастықта қарау талабы тұрады. Себебі, қандай ғылыми
ұғымды қалыптастыру мақсатын алға қойсақ та, оларды бір-бірімен ұқсас
ғылымдар жүйесімен байланыстыра отырып оқыту арқылы қол жеткізуге
болады.
Орта метептегі бейорганикалық химия пәні оқушыларға заттар және оның
қасиеттері мен қосылыстарынан бастап, біртіндеп дамыта отырып химия
ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, нақты деректерді, химиялық
ұғымдарды, түсініктерді меңгертеді. Бұл алғашқы ұғымдар зат, оның сапалық
және сандық сипаттамасы, символикасы туралы берілетін ұғымдар. Осылардан
біртіндеп, заттардың өзгерістері, құбылыс, бір заттың екінші затқа айналу
терминдерінің арақатысын меңгере отырып, химиялық реакция ұғымын
түсініп, оның формуласын жазу деңгейіне жетеді. Бұл меңгерту жолында
мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушыладың өзіндік іс-әрекеттерінің тиімді
тоғысулары үлкен рөл атқарады. Осы кезге дейін химия пәнін оқыту мәселесіне
байланысты Республика көлемінде көптеген әдістемелік құралдар жарық көрді.
Бұлардың қатарында: Д.Қоянбаев, А.Г. Гатаулин, Л.З. Дюсюпова,
Л.П.Калашникова, К.А.Сарманова, О. Хаймолдин, А. Мырзабаев, М. Д.
Жадриналарды және т.б. атай аламыз
[121,122]
. Бұл педагогтар орта мектеп
химиясын оқытуға байланысты оны әр тұсынан зерттеп, мұғалім қауымына
үлкен әдістемелік көмек көрсетті және сол еңбектердің нәтижесі қазіргі таңға
дейін мектеп химиясын оқытуда жетістіктерге жетудің негізі болып келеді.
Мектеп химиясын оқытуда тек әдістемелік құралдар дайындау ғана емес,
күрделі ғылыми зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Бұл зерттеулерде химияны
оқытудың басқа пәндермен байланыстару да жан-жақты назарда болды.
Сонымен қатар, мектеп
химиясының мазмұнын талдап, қазіргі таңдағы олардың
құрамына енген жаңалықтарды да көрсете білді. Соңғы жылдардағы зерттеулер
негізінде химия оқулықтарының мазмұндық, құрылымдық жүйесі біраз
реттелді. Химияның ғылыми тілі сараланып, тұрақталып оның мазмұнына біраз
өзгерістер енгізілді. Мәселен, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
және электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан олардың химиялық
қасиеттері жөніндегі мағлұматтар толықтырылып, қорытындыланды.