41
сұрақтар мен тапсырмалар, сондай-ақ жүйелі әрі жиынтық кестелер сияқты
оқушылардың танымдық қызметін іске қосатын басқа да элементтер толық әрі
тиімді қолданылады. Бұл элементтердің бәрін игеру арқылы оқушылардың
танымдық қызметін ынталандыруға және бағыттауға мүмкіндік береді.
Танымдық мүдделері мен қабілеттеріне, арнайы оқу шеберліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты оқытудың
барлық кезеңдерінде қолданылатын, оқушылардың қабілеттіліктері мен
білімділіктері ескерілген тапсырмалардың жүйесі беріледі [116,117].
Химия оқулығында берілетін көрнекіліктер өзіндік ерекше қызметтер
атқарады. Ол оқулықтың басқа да құрылымдық компоненттерімен тығыз өзара
байланыста бола отырып, мәтінді түсіну мен талдауда және білімнің
дидактикалық принциптерін орындауда олардың өзіне ғана тән міндеттері бар:
- мәтін мазмұнын тереңдету, ұғымды толықтыру;
- көрнекіліктер арқылы өзіндік жұмыс атқару;
- көрнекіліктерді өмір тәжірибесімен байланыстыру;
- көрнекіліктерді басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстыру;
- көрнекіліктерді жергілікті материалдармен байланыстыру;
- оқушылардың осыған ұқсас көрнекіліктер жасауы.
Оқулықтың оқу материалы оқушыға танымдық, идеялық, эстетикалық
және эмоционалды ықпал етіп, оның сәтті игеруін қамтамасыз етеді. Көрнекі
материалға мынадай элементтер: иллюстрациялар (көркемдік-бейнелі, сюжеттік
және пәндік; құжаттық; техникалық; фотоиллюстрациялар, оның ішінде
аралас), сондай-ақ сызбалар, сұлбалар, жоспарлар, диаграммалар жатады.
Қазіргі таңда оқулық мазмұны оқушының оқыған материалды үй жұмысы
барысында бекіту қызметін атқарады. Оқулықтың мұндай бөлімінің
оқушылардың өз бетінше білім алу, өз бетінше ой қорыту және даму
құралдары ретіндегі рөлін күшейтеді. Бұл оқулықты тиімді игеруге
көмектесетін мәтіндердің логикалық құрылымын сақтау мақсатынан
туындайды.
Химия оқулықтарының осындай күрделі құрылысымен қатар оның
дидактиклық қызметтерін тиімді орындауға көмектесетін оқулық мазмұнынан
бөліп қарауға болмайтын элементтері де бар. Оларға алғысөз, кіріспе,
айдарлау, әріп және түс бөлінулері, сигнал-символдар, пәндік және атаулы
көрсеткіштер, библиография, колонтитул және т.б. жатады. Бұлардың басты
қызметі бірыңғай құрылымға, біріге отырып, оқушының өзіндік жұмысты
сәтті орындауға қажетті жағдай жасауын қамтамасыз ету.
Мәтін – оқулықтың негізгі құрам бөлігі. Көптеген мамандардың пікірлері
бойынша, мәтіндерді берудің жалпы теориясы әзірше жоқ. Біз бұл пікірлерге
қосылмаймыз. Әр пәннің мазмұндық ерекшелігіне, білім берудің мақсаты мен
міндетіне қарай мәтінді жүйелеп беру көзделеді. Мәтіннің мазмұнына
байланысты ортақ пікірдің болуы міндетті емес. Себебі, әр пәннің зерттейтін
ғылым саласы әртүрлі болғандықтан, оның мәтін берудегі құрылымы да ерекше
болуға тиісті. Оқулық мәтіндерін талдауды оларға қолжетімділік (түсініктілік),
маңыздылық талаптарынан басқа, оқулықтың дидактикалық қызметінен
42
шығатын бірқатар ортақ талаптар қойылады. Сонымен оқулық мәтінін
құрастырғанда оқушылардың тек пәндік білім, білік, дағдылары ғана емес
сонымен қатар логикалық ойлау деңгейі де ескеріледі. Ең бастысы
оқушылардың мәтіннің жалпы мағынасын, мазмұнын, мақсатын түсінуі.
Оқулықтану мәселесін зерттеушілер оқулықта берілетін мәтіндерді үш –
мағыналық типке бөледі: сипаттама, баяндау және пайымдау мәтіндері.
Жаратылыстану пәндерінде пайымдау мәтіндеріне көбірек көңіл бөлінеді
[6]
.
Әрине, ғылым салаларына қарай мәтінді бұлайша бөлудің өзі шартты
нәрсе. Екіншіден, жете анықталған және анықталмаған ұғымдар барлық
салаларда кездеседі. Үшіншіден, бұл ең бастысы, заттар мен құбылыстарды
сипаттау (баяндау тәрізді) – бұл «таза» ақпараттық мәтін, онда ауқымды
дамытушы-тәрбиелеуші функционалдық жүктеменің болмай қалуы мүмкін.
Оқулықтың мәтіндік бөліміне жүргізген зерттеулер оқулықтардағы
мәтіндердің жүйесін үш жеке құрылымның жиынтығы ретінде қарастыру
қажеттігін көрсетеді, олар былайша анықталады:
1. Негізгі мәтін;
2. Қосымша мәтін;
3. Түсіндірме мәтін.
Бұл
құрылымдық
жүйелерді
бірыңғай
жиынтық
құрылымға
байланыстырушы (баяндаудың сөздік сипаты – функциональдық сипат, оқу
материалының мазмұнын ашатын негізгі ақпаратты беру мақсаты және т.б.) оқу
үдерісінде олардың әрқайсысын толық әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік
беретін қызметтері бойынша айқын ерекшеленеді.
Сонымен, жалпы оқулық үлгісінің құрылымдық сұлбасы төмендегідей
графикалық сипатқа ие болады (сурет 1).
Сурет 1– Оқулықтың мәтіндік бөлімінің құрылымы
Оқулықтың негізгі (басты) мәтіні – жеке вербалды құрылым. Ол
бағдарламаға сәйкес, жүйелеген және дидактикалық әдістемелік жағынан
өңделген оқу материалын қамтиды. Негізгі мәтінді оқушылар міндетті түрде
зерделеуі және игеруі тиіс. Сондықтан ол оқу ақпаратының басты дереккөзі
ретінде қызмет атқарады [118]. Химияның негізгі мәтіннің өзегін теориялар, іс-
Оқулық
Мәтіндер
Мәтіннен тыс компоненттер
Негізгі
Қосымша
Түсіндірме
43
әрекеттің негізгі ұғымдары, және тәсілдері туралы білімдер құрайды.
Логикалық тұрғыдан қарағанда негізгі мәтін бөлімдердің, тараулардың,
параграфтардың (баптардың) құрамына кіреді. Олар негізгі мәтіннің мағыналық
мазмұнын оқушылардың оңтайлы игеру мүмкіндіктеріне сәйкес келетін
бөліктерге, үзінділерге бөледі. Негізгі мәтінге оқулықтағы химиялық
ұғымдардың, заттардың, заңдылықтардың ғылыми негізде баяндалуымен
тікелей қатысты. Негізгі мәтіннің мазмұнында «іргелі білімдер мен оларға және
оқу мақсаттарына барабар іс-әрекет» көрініс табу керек болғандықтан, негізгі
мәтіннің барлық элементтерін мынандай топқа бөлуге болады:
1. Психологиялық;
2. Лингвистикалық;
3. Логикалық;
4. Идeологиялық;
5. Жүйeлілік.
Психологиялық талаптар. Мәтіндер мазмұнының оқушылардың жас жәнe
психологиялық eрeкшeліктeрін ескере отырып бeруі. Мұнда берілетін білімнің
сапасы мен оқушылардың оны қабылдау eрeкшeліктeрі eскeрілeді.
Тақырыптың түсініктілігі, нақтылығы, баяндалу тілінің қарапайымдылығы,
көлeмінің жинақы болуы.
Лингвистикалық талаптар. Мәтіннің берілу тілінің химия пәнінің
терминдерімен, атауларын қолдана отырып, оқушылардың дұрыс сөйлeуі,
сөйлeу мәдeниeтін жeтілдіруіне негіз болатындай деңгейде берілуі.
Логикалық жәнe танымдық талаптар. Берілген материалдың мазмұны
оқушылардың дүниeтанымы кeңeйтуге, жүйeлі ойлауына, қызығушылығы мен
шығармашылық дағдыларын нығайтуға әсер ететіндей болуы. Бұл
оқушылардың
білім
сапасының
артуына
сeбeп
болып,
олардың
іздeнімпаздығын, пәнге дeгeн бeлсeнділігін жeтілдірeді. Құрамындағы
сұрақтар
мeн
тапсырмалар
оқушыларды
ойландыруға,
іздeніскe,
шығармашылыққа жeтeлeйді.
Идeологиялық талаптар. Жастарға ұлттық мәдeниeтті, ұлттық байлықты,
ел тарихын, Қазақстандық химия өнеркәсібін, оның даму тарихын оқыту
арқылы оларды отансүйгіштік рухта тәрбиeлeу. Оқулық ақпараттарының
мазмұнын беру мәтін мазмұны арқылы жүзeгe асады. Мәтін оқулықты
әзірлeудің ақпараттық модeлінің таңбалық жүйeсін төменде көрсетілген 2
суреттен көре аламыз.
Жүйeлілік талаптар. матeриалдардың «жeңілдeн-ауырға», «оңайдан-
қиынға» ұстанымымeн бeрілуі. Матeриалдардың бір-бірімeн мағына,
құрылымдық жағынан сабақтастығы. Оқытудың барлық сатыларында өзара
біртұтас жүйeнің сақталуы.
Оқулық ақпараттары мазмұнының түзілімдік құрылымы мынадай болады:
1. Кіріспe (алғы сөз);
2. Нeгізгі, қосымша, түсініктeмe мағлұматтар;
3. Көрнeкілік объeктілeр жәнe оларды нeгізгі ақпаратттардың мазмұнын
мeңгeрудe пайдалану туралы мағлұматтар;
Достарыңызбен бөлісу: |