Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет34/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46

73 
 
Мұндай  жағдайда  оқушыларды  топқа  бӛлуге  болады.  Топтар  құруда 
бірнеше  жағдайлар  ескеріледі,  оқушылардың  бір-бірімен  психологиялық 
сыйымдылығы мен қызығушылықтары;  топ басшысының беделді пәнді жақсы 
білетін оқушының болуы ; білім деңгейлерінің әртүрлілігі.  
Әр  топтың  ӛзмақсатын  түсінуі;  мақсатқа  байланысты    әр  топ  мүшесінің 
жеке  тапсырмаларды  орындауы; жұмыс  нәтижелерін  ӛзара  тексеру  және 
туындаған  қиындықты  шешуге  кӛмектесуі; әр  топ  мүшесінен  алынған 
нәтижелерді  біріктіріп,  бір  толық  қорытынды  жасалуы; топтың  жұмысын  кӛш 
басшы  бағыттап  отырады.   Оның  басшылығымен  барлық  оқушылар  алған 
тапсырмамен  жұмыс  істейді,  берілген  зертханалық  жұмыстарды  орындайды, 
ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша,  немесе жазбаша жауап 
беруге дайындалады. 
а) Оқушыларды топқа  бӛліп (4 оқушыдан)  әр топқа жеке тапсырма беру. 
1-топқа,  мәтін  мазмұнынан  атом  мен  молекулаға  берілген  анықтаманы 
тауып, дәптерлеріне жазу; 
2-топқа, атом мен  молекуланы  зерттеген  ғалымдар  туралы оқып, түсінігін 
айтуға дайындалу; 
3-топқа,  оқу  құралын  пайдаланып  (  42-45  беттер),  тек  бір  ғана  атомнан 
тұратын заттардың атын және олардың ерекшелігін  дәптерлеріне теріп жазу; 
4-топқа  оқу  құралының  (44-45)  беттердегі  зертханалық  тәжірибенің 
суретін салып, оның нәтижесін қысқаша дәптерлеріне жазу; 
5-топқа  оқулықтағы  жай  және  күрделі  заттар  туралы  анықтаманы  оқып 
түсіну, дәптерге олардың анықтамасын жазу тапсырылады. 
Осы  тұста  оқушыларға  ӛзіндік  жұмысты  орындау  уақыты  да  белгіленіп, 
айтылады.  Оқушылардың  ӛзіндік  жұмысының  нәтижесін  кезекпен  ретімен 
бастай  отырып,  бүкіл  сынып  болып  талқылайды.Сабақтың  қорытынды 
бӛлімінде  оқушылардың  ӛзіндік  жұмысының  нәтижесін  қорытындылауды  да, 
олардың  ӛздеріне  тапсырып  кӛруге  болады.  Бұл  жағдайда  олар  бір-бірінің 
жұмысына пікір айтады, олқылықтарын толықтырады, ӛздерінің іс-әрекеттеріне 
сын  кӛзбен  қарауға  жаттығады.  Мұндайда  олардың  мәтінді  түсіну  дәрежесін 
ғана  емес,  олардың  ой  қорыту  мүмкіндіктерін  де  анықтауға  болады.  Мұғалім 
оқушылардың  олқылықтарын  атап  айтып  отырып  толықтырады.  Олардың 
жұмыс орындаудағы іскерліктерін, ой қорыту дәрежелерін де атап ӛтеді. Тіпті 
нашар  орындаған  балаларға  да  кӛтерме  сӛздер  айтып,  олардың  қолынан 
келетіндіктері туралы үміт туғызып отырады. 
Енді оқушылардың сабақта ӛзіндік жұмыстар орындау нәтижесінде  алған 
білімдерін  тиянақтау  мен  тұжырымдау  мақсатында  үйден  орындайтын 
тапсырмалар беру кезінде олардың сыныпта жіберген олқылықтары ескеріледі. 
Сондықтан,  сыныптан  тыс  орындауға  оқушылардың  бәріне  ортақ  жалпы 
тапсырма  беріледі.  Оқулықтағы  мәтінді  қайталап  оқып,  оның  мазмұнын  айту 
үшін  жоспар  құру.  «Білімін  тексеруге»  арналған  сұрақтар  мен  тапсырмаларға 
дайындалу  тапсырылады.  Бұл  тапсырмаларды  орындауда  оқушылар  сыныпта 
алған ұғымдарын жүйелеп, қортындылайды. 


74 
 
Бейорганикалық  химиядан  ӛзіндік  жұмыс  орындау    кезінде  оқушылар 
бойында мына тӛмендегідей іскерліктер қалыптасады: 
- оқулықтың  және  ұсынылған  оқу  құралының  кез  келген  тақырыбы 
бойынша  ӛздігінен жұмыс істей білуі; 
- ӛзі орындаған жұмысын ӛзі  талдап, қорытынды  жасай білуі; 
- орындаған жұмысының мазмұнына  және түріне байланысты ӛз ойларын 
жүйелеп, айта білуі; 
- жұмысты ұйымдастыра білуі; 
- орындаған жұмысының мәнін  басқа оқушыларға түсіндіре білуі; 
- ӛзінің жұмыс орындау тәсілін басқаға үйрете білуі; 
- басқаны тыңдай білуі, жолдастарының орындаған жұмысына байланысты  
сұрақ қойып, талқыға қатысуы; 
- ұжыммен қарым-қатынас жасау мәдениетінің болуы. 
Оқулық  пен  оқу  құралындағы    мәтіндердің  қайсысын  алып  қарасақ  та  
ғылыми  негіздегі  ұғымдарды    оқушыларға  жеткізуге  негізделген.Сол 
материалды  оқушылар  санасына  жеткізудің  тиімді  жолы  берілетін  білімнің, 
оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекетіне  негізделуі  болып  табылады.  Білімді  саналы 
меңгеру оқушының ӛзіндік іс-әрекеті, ӛзіндік ой тоғамы,  ӛз еңбегі арқылы ғана 
жүзеге асатыны белгілі. 
Берілген  тапсырмалардың  дұрыс  бӛлінуіне  байланысты  оқушылардың 
ӛзіндік  жұмысын  орындауда    ептілікгі,  іскерлігі,  шеберлігі  мен  тездігі 
осылардың нәтижесінде  жұмысты орындау дағдысы  дамиды. Біртіндеп ӛзіндік 
жұмыс орындауға дағдыланған оқушылардың арасында сабақ үстінде олардың 
шапшаңдығын  дамытатын  жарыстар  ұйымдастыруға  да  болады.  Мұнда 
берілген тапсырманы дұрыс және шапшаң орындау біліктіліктері анықталады. 
Ӛзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың    тиімділігі  оның  нақты  мақсаты 
болуына  байланысты.  Әрбір  оқушы  жұмыстың  орындалу  тәртібін  жетік  білуі 
керек. Дұрыс  ұйымдастырылған  ӛзіндік  жұмыс  оқушылардың  бойындағы 
танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Ӛздігінен  орындауға  тапсырылатын  жұмыстың  мазмұны  оқушының 
қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс яғни, оның  іс-әрекеті жұмыстың соңына 
дейін  бәсеңдемейтіндей  болуы  керек. Ӛзіндік    жұмыс  кезінде    оқушылардың  
еңбек  дағдылары  мен  жұмысты  орындау  әдістерін  жетік  игеруі    оның 
нәтижесінің сәтті шығуының кепілі. 
Оқушының  ӛзіндік  танымдық  жұмысы  мәтіннің  мазмұны  мен  мақсатына 
байланысты  кейде  сабақтың  басынан  басталып  ұйымдастырылса,  кейде  
сабақтың  қорытынды,  бекіту  бӛлімінде  қолданылады.  Сабақтың  кіріспе 
бӛлімінде қолданылу арқылы мұғалім оқушылардың  сабаққа  қызығушылығы 
мен  қабілетін  ескере  отырып,  оларды    дамыта  оқытуға  бағыттайды.  Ал, 
қорытынды бӛлімінде қолдануда тақырыптан алған  білімдерін қорытындылау 
мақсатын  жүзеге  асырады.Сыныптан  тыс  орындалатын  ӛзіндік  жұмыстардың 
түрін кӛбіне оқу құралы бойынша тапсырған тиімді деп ойлаймыз. Ӛйткені оқу 
құралында берілген тәжірибелер ӛте күрделі емес және үй жағдайында жасауға 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау