12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата24.11.2018
өлшемі2,65 Mb.
#24536
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

21

Психологтер  мен әлеуметтанушылардың зерттеулері    оқушылардың оқу

қызығушылықтары мен кәсіби ой-ниеттері арасындағы өзара қатынастар бар

екенін  анықтаған.  И.С.  Конның айтуынша,  психологияда  кәсіпті  таңдаудың

алғашқы  сатысы  деп  аталатын  кәсіби  еректенуі  барысында,  «қызметтің  әр

алуан  түрі  іріктелінеді  және  алдымен,  жасөспірімнің  қызығушылық

көзқарасы  тұрғысынан  бағаланады-дағы...  онан  кейін  оның  қабілеттері

тұрғысынан..., 

соңынан, 

оның 


құндылықтары 

жүйесі 


тұрғысынан

бағаланады» [19].

Оқушылардың

тұрақты  арнайы

қызығушылықтары

қалыптасуы

олардың  қабілетінің дамуындағы  маңызды  фактор  ретінде  айтылады.  Бұл



қызығушылықтар  адам қызметінің белгілі  бір  аясына  байланысты  болып

келеді-дағы,  соңынан  осы қызметпен  кәсіби  түұрде  айналысуға ұмтылысқа

айналады. Дәл осылай қандай да бір оқу қызметіне деген қызығушылықтың,

мотивацияның туындауы да ол пәнге деген белгілі бір қабілетттің оянуымен

тығыз байланысты болып, оның әрі қарай дамуына әсерін тигізетіні белгілі.

Білім мазмұнын сакралау негізгі деп саналатын екі түрде іске асырылады:

деңгейлік саралау және бейіндік саралау.

Деңгейлік  саралау – мектеп  оқушыларының білім  мазмұнын  түрлі

тереңдігі  мен  күрделілігі  деңгейлерінде    меңгеру  мүмкіндіктері  мен

құқықтары қарастырылған оқытуды ұйымдастыру түрі.

Деңгейлік  саралаудың бір  түрі  ретінде  жекелеген  пәндерді  тереңдете

оқытуды атауға болады.

Бейіндік 

саралау 


болса, 

білім 


мазмұнын 

оқушылардың

қызығушылықтары, икемділіктері, өмірлік жоспарлары мен ішкі ниеттерімен

байланыстыра отырып  мақсатты түрде мамандандыра оқытуды білдіреді.

Деңгейлік саралау мен бейіндік саралаудың мәнін осылай түсіну арқылы

бейіндік  оытуды  жүеге  асырудың басты құралы  бейіндік  саралау  екендігі

айқындала  түседі.  Бірақ бұл  тұста  туындайтын ұйымдастырушылық және

қаржылық мәселелер бар [20].

Ең алдымен, бұл тұрғыдан келуде мектептің жоғары сатысында оқылатын

барлық бейіндік  оқытудың мүмкін  деген  барлық нұсқаларына  арналған

бейіндік бағдарламалар мен оқулықтар жасауды қажет етер еді. Ал көпшілік

пәндер үшін мұндай қажеттілік  жоқ және  оны  минималды  және  тереңдете

оқытумен  шектелуге  олар  еді.  Шындығында,  физика  курсы – гуманитарлық

бейін үшінде,  филологиялық,  әлеуметтік-экономикалық бейін үшін  де –

минималды  деңгейде ғана  керек,  ал  жаратылыстану  бейіні үшін – жоғары

деңгейде  (тереңдетілген) болуы тиіс.

Мұның ескерілуі  тиіс    бір  тұсы – математика  мен  информатиа

курстарының  ұғымдық аппараты қалыптастырушы,  басқа  пәндерді  оқып-

үйренудегі

әдіс-тәсілдерді

үйрететін қызметіне  байланысты  сол  тұтас

күйінде


қалдырылуы

керектігінде.  Осыдан  келе,  бейіндік  оқытуды

ұйымдастырудың ең орайлы нұсқасы ретінде, негізінен,  деңгейлік саралауды

қолдануды атауға болатынын көреміз.




22

Бұл ретте, оқытудың бейінділігіне  түрлі курстарды базалық (минималды

жалпы  білім  беру)    немесе  бейіндік  (түптеп  келгенде,  тереңдете  білім  беру)

деңгейлеріндемеңгеру мүмкіндіктері есебінен қол жеткізіледі.

Сонымен қатар,  білім  мазмұнын  саралауды  одан әрі  жетілдіру  +

элективтік курстарды енгізу барысында іске асырылады.

Көрсетілгендей,  мектептің

жоғары  сатысындағы  білім  мазмұнын

саралаудың ексатылы ұйымдастырылған  түрі ұсынылып  отыр:  деңгейлік

(ТОЖ компоненттері шегінде) және бейіндік (мектеп компоненті шегінде).

Әлбетте,  бейіндік  оқыту  бойынша  коптеген  ой-пікірлердің

іске


асырылуы,  көп  жағдайда    мектептің базалық оқу  жоспарымен  байланысты

болып келетіні белгілі [21].

Шынтуайттап  келгенде,  ТОЖ,  бір  жағынан,  оқытудың  құрылымын,

мазмұнын


ұйымдастырылуын 

көрсетеді, 

екінші 

жағынан, 



норма

қалыптастырушылық, 

ұйымдастырушылық,

басқару, 

бақылау

сыпаттарындағы  функцияларды  орындайды.  Бұл  жағдайлар  ТОЖ-ды



бейіндік оқытуды жүзеге асырудың маңызды орнын таныта түседі.

Бейіндік  оқытуды  іске  асыру  барысындағы    оқу  жоспарының

мүмкіншіліктерін қарастырайық. Жалпы  тұрпатта  алғанда,  оларды  былайшы

бөліп қарастыруға болады:

- Типтік оқу жоспары тікелей қамтамасыз ететіндер;

- Типтік оқу жоспарыжанама қамтамасыз ететіндер, яғни құрылымы мен

мазмұнына  ТОЖ-дың

арнайы    жағдай  жасауы  арқасында  жүзеге

асырылатындар.

Мұна  көрсетілген  алғашқылардың  қатары  яғни  ТОЖ-дың

тікелей

мүмкіндіктеріне жатқызылатындар:



- оқу жоспарының икемділігі мен вариативтілігі,  сол арқылы мектептің

жоғары  сатысындағы  білім  мазмұны  мен

құрылымның оқушылардың

танымдық және қызығушылық  қажеттіліктеріне  бейімделуіне  мүмкіндіктер

қалау;

- оқушылардың жоғары  сыныптарға  түсуінің негізгі  мотивтерінің бірі



болып  табылатын

- ЖОО-ға  түсуіне  тікелей  бағытталған  білім  мазмұны

компоненттерін айқындау (бейіндік курстар);

- базалық  (бейіндік  емес)  оқу  пәндерінің көлемін  азайту  мен  мазмұнын

жеңілдету арқылы оқушылардың зейінін болашақ кәсіби білім алуына бағдар

алған пәндерді меңгеруге қарай аудару;

- мектеп  білімінің мазмұнына  жаңа  компоненттерді  (элективтік  курстар

мен  іздену қызметтері),  бұлардың түпмәні  мектепке  жаңа  болып  табылатын

юілім  беруді ұйымдастырудың жаңа  формаларын  енгізу ме қолданудың

жолдарын анықтайды (дәрістер, семинарлар, оқу жобалар т.с.с.);

- жоғары  сыныптарда ұсынылатын бейіндік оқытуларды  жоғары  және

орта  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  мамандар  даярлау  бағыттарымен

орайластыру.

ТОЖ-дың жанама мүмкіндіктеріне жатқызылатындар:




жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау