19
өмірлік жоспарларымен байланысты қызығушылықтың болмауы. Жоғарыда
айтылған мен байланысты туындаған жағдай: егер қолданылып отырған
білім мазмұнына бейіндік курстар үстемелене қосылатын болса, онда білім
мазмұны мен көлемі оқушылар үшін жоғары деп саналатын санитарлық-
гигиеналық нормалардан асып кетеді.
Мектептің жоғары сыныптарында білім берудің инварианттық бөлшегін
құрудың үшінші нұсқасы – жоғары сыныптың оқу жалпы білім беру
стандартындағы базалық білім беру талаптарына сай, жоспарында жалпы
білім беретін пәндерді минималды көлемде беру.
Бұл – барлық бейіндер үшін инвариант болып табылады. Дәл осы үшінші
нұсқа мектептің жоғары сыныптарының оқу жоспарының инварианттық
бөлшегін құрау үшін оңтайлы болуы мүмкін. Өйткені осындай тұрғыдан
келгенде ғана мектептің жалпы білім берушілік сипатын сақтайды әрі
жоғары сыныптарда білім беруді саралау қажеттілігіне де жауап бере алады
[16].
Осылай, білім берудің инварианттық бөлшегінің көлемі негізгі мектеппен
салыстырғанда жоғары сыныптарда қысқара түседі. Осыған сәйкес, білім
мазмұнын саралаушы қызметініғ есебінен, вариативтік компоненттердің
көлемі ұлғая түседі.
Мектептің жоғары сыныптарының ТОЖ-ы түрлі оқу курстарының
комбинациясын құруға мүмкіндіктер беретінбейіндік оқытудың икемді
жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай жүйе мынадай типтегі курстарды
қамтиды: базалық жалпы білім беру курстары, бейіндік жалпы білім беру
курстары, элективтік курстар.
Базалық жалпы білім беру курстары - оқушылардың оқытудың барлық
бейіндерінде
міндетті
болып
табылатын
курстар.
Жоғары
сынып
оқшыларының әрқайсысының
минималды жалпы білім алу деңгейін
қамтамасыз ететін базалық жалпы білім курстардың құрамы – жалпы білім
берудің мақсатын, міндеттерін, функцияларын жарқын көрсете алуы тиіс.
мынадай міндетті жалпы білім беру пәндерінің құрамы ұсынылады: қазақ
тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, шеттілі, тарих, дене
шынықтыру, сонымен бірге жаратылыстану-математикалық, технологиялық
бейінге арналған қоғамтану пәндері кіріктірілген курстары; ал гуманитарлық,
филологиялық,
әлеуметтік-экономикалық
бейіндерге
арналған
–
жаратылыстану пәндері кіріктірілген курстары.
Атап өтетін мәселе, бейіндік оқыту жобасында жоғарыда көрсетілмеген
кейбір пәндердің де (информатика, жағрафия, өнер т.б.)базалық минималдық
деңгейде оқытылу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл пәндер барлық
бейіндерге міндетті болып саналмайды, дегенмен, олардың әрқайсысы
қандай да бір бейінге ондағы мамандандыру ерекшелігіне орай білім
мазмұнына кіруі мүмкін. Мысалы, базалық деңгейдегі география курсы
әлеуметтік-экономикалық бейін мазмұнында қарастырылған, ал бейіндік
деңгейде – жаратылыстану бейініндегі нұсқалардың бірінде берілген.
20
Бейіндік жалпы білім беруші курстар – оқытудың нақты бейінін
анықтайтын жоғары деңгейдегі курстар (нақтырақ айтсақ, мектептің жоғары
басқышы үшін тереңдетілген курстар) [17].
Физика, химия, биология пәндерінің – жаратылыстану бейіні үшін; тіл
мен әдебиет – филология бейіні үшін; құқық, экономика – әлеуметтік-
экономикалық бейін үшін бейіндік курстар болып табылатыны белгілі.
Базалық және бейіндік жалпы білім беру курстарының құрамы ТОЖ
компоненттерінің құрамын анықтайды. Мектептің жоғары басқышының
ТОЖ-ғы басқа компоненттер (мектеп және оқушы) онда тек оқылатын саны
ғана көрсетіліп, «шектеліп» берілген.
Элективтік курстар – мектептің жоғары басқышында бейіндік оқыту
мазмұнына кіретін оқушылар таңдаған міндетті курс болып табылады. Ол
пәндер бейіндік курстың «қондырмасы» бола алады. Ол кезде қосылған
бейіндік курс толыққанды түрде тереңдетілген болып есептеледі-дағы, ал
осы пән оқылатын мектеп (сынып) жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын
дәстүрлі мектепке айналады.
Екінші жағынан, элективтік курстар жалпы білім беретін минималды
минималдық базалық курстардың біреуінің мазмұнын кең арнада дамыта
алады. Бұл, біріншіден,аралас пәндердің бейіндік деңгейде оқытылуына тірек
болып табылады, және екіншіден, қызығушылық танытқан оқушылардың өз
қжеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мысалы, таңдалған пәннен бейіндік
деңгейдегі ҰБТ тапсыру үшін қосымша даярлануына мүмкіндік береді.
Элективтік курстардың үшінші типі жекелеген оқушылардың өздері
таңдаған бейіннің шегіне енбейтін, қызығушылық танытқан курстар болып
келеді [18].
Жалпы, элективтік курстар, көп жағдайда, базалық және бейіндік
курстардың «ақтаңдақтарын» толықтырады. Аталған функциялардан басқа,
олар қосымша білім алу үшін керекті, тұтас дүниетаным картинасын құруға,
еңбек
нарығында
керек
болатын
білім
нәтижелерін
алуға
бағытталғанпрактикалық міндеттерді шешумен байланысты болатын білік
пен амал-тәсілдерді қалыптастыруға арналады.
Келесі кезекте, бейіндік және элективтік курстардың көмегіменбілім
мазмұнын саралауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырайық.
Қазіргі әлемдегі ақпарат көлемінің қарқынды өсуі оны жекелеген
адамның толық қамти алмайтындығын да көрсетіп отыр. Бұл жағдай адамды
белгілі бір сала бойынша мамандануы, ішінде жалпы орта білім беру де бар
даярлығын мамандандыру
қажеттілігін жетелейді. Білім мазмұнының
бейіндік саралануы осы міндетті іске асыруға қарай бағытталған.
Психология-педагогикалық зерттеулер және білім мазмұнын бейіндік
саралау бойынша қолда бар тәжірибе көрсеткеніндей, бейіндік оқытуға
оңтайлы жас ерекшелігі 15 жас (10 сынып) деп анықталған. Бұл жаста
балада тұрақты танымдық қызығушылықтар, кәсіби бағдар алуға ұмтылыс
қалыптаса бастайды т.б. ерекшеліктері ашыла бастайды.