31
Қазақстандық аналитикалық негізде тауарларды өндіру және қызмет көрсету
иелерінің меншікті пайдалануы үшін корпорацияланған үй шаруашылықтары жүзеге
асыратын ең алдымен ҚЭ «формальды емес» түрі бойынша есептеуге жатады, екіншіден
ҚЭ «заңсыз» түрі бойынша есептеу жүзеге асырылмайтынын атап өткен жөн. Алайда, 2013
жылы Қазақстанда қадағаланбайтын экономиканы есептеуді жетілдіру бойынша жұмыс
тобын құрумен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика
комитеті заңсызға жататын қызметтің кейбір түрлері бойынша есептеулерді жүргізе
бастады.
2013 жылы Статистика комитеті мынадай заңсыз қызмет түрлері бойынша бағалау
жасалған болатын:
заңсыз тауарларды (есірткілерді өндіру және тарату) өндіру
және тарату;
заңсыз қызмет көрсету (жезөкшелік);
арнайы рұқсаты жоқ өндірушілердің заңды тауарды және қызмет көрсетуі
(алкогольді өнімді өндіру);
жалған тауарларды шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған
көшірмесін өндіру
және сату;
браконьерлік (ағашты заңсыз кесу, заңсыз аң аулау, заңсыз балық аулау);
контрабанда.
Жалпы Қазақстанда ЖІӨ қатысты ҚЭ көлемі соңғы 15 жыл ішінде азайған.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық шоттары» статистикалық жинақта болатын ҚЭ
статистикалық деректері (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті) [4-6], ҚЭ-нің көлемі ЖІӨ қатысты 1998 бен 2012 жыл аралығында
30,2%-дан 19,2%-ға едәуір төмендеген. Деректерді талдау ҚЭ едәуір үлесін тұрақты
құрайтын, салалар бөлігінде төрт бөлігі бар: 1) ауыл, орман және балық шаруашылығы, 2)
көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, 3)
жылжымайтын мүлікпен операциялар әрі 4) көлік және қоймаға қою (1-қосымша).
2014 жылғы 18 тамыздағы брифинг барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Қазақстандағы ҚЭ көлемі 2013
жылы ЖІӨ қатысты 28,6% болғанын айтып өтті (бұл 2012 жылғы осындай көрсеткішпен
салыстырғанда едәуір өскен). Бұл бағалау Қадағаланбайтын экономика көлемін
бағалаудың жаңа әдістемесі
2
негізінде жасалғанын атап өткенін жөн, 2013 жылы бағалау
ҚЭ бағалауға заңсыз экономика есептеу енгізілген ЖІӨ 2,4%-ды құрады [7]. Бұл ретте
формальды емес сектордың мөлшері 2012 жылғы 10,4%-ға ЖІӨ қатысты 2013 жылға
қорытындысы бойынша 15,3%-ға өсті. Одан басқа, көлеңкелі экономиканың үлесін –
жылына 8,8%-дан 10,9%-ға дейін өсті. 2-суретте 2005-2012 жыл аралығында 2013 жылы
жаңа
әдістемені
пайдаланумен
есептелген
ҚЭ
көлемімен
салыстырғанда
қадағаланбайтын экономика көлемінде формальды емес және көлеңкелі өндірістің
үлестерін суреті келтіріледі.
2
ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 55 бұйрығымен бекітілген
32
2-сурет
Қазақстанның жаңа әдістеме негізінде ҚЭ (2013)
Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстанда ҚЭ өлшеуді жетілдіру
2015 жылы Статистика комитеті «2012-2016 жылдарға ұлттық статистикалық жүйе
нығайту» жобасын іске асыру шеңберінде статистика бойынша қадағаланбайтын
экономиканы бағалауды жетілдіру бойынша іс-шараларды жүргізуді жалғастыру
жоспарланады. Бұл халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын және қадағаланбайтын
экономиканы есептеуде оң нәтижелерге қол жеткізген елдердің тәжірибесін ескере
отырып әдіснамалық тәсілдер пысықталатынын білдіреді.
Бұл жұмыста статистика органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстандағы
қадағаланбайтын экономика көлемін нақты бағалауды алу мақсатында құрылған
қадағаланбайтын экономика есептерін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері
болып табылатын мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде Ұлттық Банк қатысады.
Қорытындылай отырып, қадағаланбайтын экономиканы өлшеу елдің апы
экономикасының жан-жақты көрінісін қамтамасыз ету ниетіне байланысты екенін
атап айтқан жөн. Бұл ретте, белгілі бір елге тән аналитикалық негіздердің
әрқайсысы шектеулі болады, оның ішінде қадағаланбайтын экономика топтарының
арасындағы шекараларды ажырату қиын және тәжірибе жүзінде белгілеу оңай емес.
Сөйтіп, қазақстандық статистикалық жүйесінен көлеңкелі және заңсыз өндірістің,
сондай-ақ еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып формальды емес сектор өндірісінің
ауқымын озық дәрежеде белгілеуге мүмкіндік болатын аналитикалық негіз таңдалуы
немесе белгіленуі тиіс.
Әдебиеттердің тізімі:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық валюта қоры,
Халықаралық еңбек ұйымы және ТМД Статкомитеті (2002), Қадағаланбайтын
экономиканы өлшеу бойынша нұсқау, ОЭСР, Париж;
2. Еуропалық Қауымдастық Комиссия – Евростат, Халықаралық валюта қоры,
Халықаралық еңбек ұйымы және ТМД Статкомитеті, Біріккен ұлттар ұйымы және
Дүниежүзілік Банк (1993), Ұлттық шоттар жүйесі 1993, ISBN 92-1-161352-3,
Брюссель/Люксембург, Нью-Йорк, Париж, Вашингтон;
8,7
7,4
7,5
9,1
6,7
8
9,7
10,4
15,3
11,5
12,4
12,1
10,4
12,9
11,5
9,8
8,8
10,9
0
0
0
0
0
0
2,4
0
5
10
15
20
25
30
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
%
Формальды емес
көлеңкелі
заңсыз