Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



жүктеу 262,85 Kb.
Pdf просмотр
Дата24.11.2018
өлшемі262,85 Kb.
#24497
түріЗакон


http://www.enu.kz

 

 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



қай  түрін  анықтасақта,  әр  түрлі  дарындылықта  іс-әрекеттің  бӛтен  түрлері  де  кӛрінетінін 

байқауымыз  керек,  мысалы:  суретші  немесе  музыкант  іс-әрекеттің  сипаттамасы  бойынша 

кӛркемдік-эстетикалық болып табылады, сонымен қатар танымдық практикалық коммуникативті 

және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері қолданылады. Шығармашылық дарындылықта кӛптеген 

түрлі варианттар болады: кез-келген іс-әрекетте сирек кездесетін шығармашылық қабілеттерді 

кӛрсететін балалар бар, сонымен қатар мұндай стандартсыз емес елес, жеткілікті түрде тек бір 

ғана сферада анық кӛрінеді делінген ғалымдардың тұжырымдамаларында.

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР

 

 



1. 

Закон Республики Казахстан «Об образовании» Учитель Казахстана №21-24,1999.  

 

2. 


Психология  одаренности  детей  и  подростков.  Под.  ред.  Н.С.Лейтес.  –Москва.  Изд.  Центр 

«Академия», 1996. С. 4-55.  

3. 

Краткий энциклопедический словарь. Москва. Юрид.литер. 1997.  



 

4. 


Бекбаева К. «Дарын» ақпараттық-әдістемелік жинақ. № 2, 2003.  

 

Ауыл мектептерінде дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі. 6.104.



 

 

5. 



Изд-во «Флита», 1998. с.61-65. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. 1992.  

 

6. 



Выготский Л.С. История развития высших психических функции. Всбор.соч. в 6-томах. 3-том. Москва,  

 

Педагогика. 1983. с.86-90.  



 

7. 


Лейтес Н.С. Способности и одаренность в детском возрасте.-Москва, 1984.0. 3-12,51-62.  

 

Редакцияға 25.10.2012 қабылданды.

 

 

 



Д.Х. БАЙДРАХМАНОВ

 

 



ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ АДАМ КАПИТАЛЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОРНЫ 

http://www.enu.kz

 

 

 



The impact of the globalization in the sphere of education is discussed in this article. The actuality of 

human  capital  is  very  important  in  any  society  and  any  technology  cannot  change  human  capital.  This 

article pays attention to the importance of human capital.

 

 



Жаһандану үдерісі қазіргідей ӛзгерісі мол ғаламда бай мен кедейдің ара-жігін аша түсуде: бай-лар 

байығанның  үстіне  байып,  кедейлер  кедейленуде.  Жақсы  экономикасы  және  адами  капиталы  бар 

елдер  жаңа  технологиялардан  және  шетел  инвестицияларынан  пайда  кӛріп  жүр;  керісінше  ке-дей 

елдер  әлсіз  дамуымен  және  адами  ресурстарының  жетіспеуінен  кедейшілік  пен  теңсіздік  сияқты 

айтарлықтай проблемаларға тап болып отыр. Жалпы, білім беру саласындағы инвестиция жоғарыда 

аталған  мәселені шешуде және бұл  олқылықтарды азайтуда  маңызды екендігі белгілі.  Әрине, білім 

беру барлық  кедейшілікті немесе теңсіздікті жоюы мүмкін емес,  алайда білім бұл  ‘жаһандық қауіпті’ 

алдын алудың бір бӛлігі болып жұмыс істеуі әбден мүмкін. Жақсы білім беру жүйесі, мектептер және 

тиімді басшылық әлемде ӛзгеріс жасауы ықтимал [1], сонымен қатар, бұлар «қоғамға, дәлірек айтсақ, 

экономикалық гүлденуге және әлеуметтік ауызбірлікке екі есе тиімді әсер етеді» [2, 8].

 

 

Жақсы  білім  алу,  адам  капиталын  жақсарту  және  технология  мен  ақпараттың  білімін  игеру 



жаһандану тудыратын және талап ететін мәселелердің бірі. Білім беруде мықты кӛшбасшының және 

адами капитал инвестициясының болуы ӛте маңызды болып табылады, Тарабини айтқандай: «Адам 

капиталындағы  инвестиция  ...  бұл  –  әлемдік  экономикада  экономикалық  басымдылық  алу  үшін  ең 

маңызды  дүние;  бұл  ‘байлық  жасаушылардың’  негіздерінің  бірі  болып  табылады»  [3,  205].  Бұл 

мақалада Қазақстандағы білім беру саласына жаһанданудың әсері талқыланбақ.

 

Қазақстан  –  1990  жылдардың  басында  тәуелсіздігін  алған  мемлекет  екендігі  белгілі.  Қазақстан 



тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары  барлық  салаларда  қиыншылықтарға,  әсіресе  білім  беру  жүйесінде 

басшылық  және  реформа  дағдарысына  кез  болды  [4].  Білім  берудің  дәстүрлі  кеңес  жүйесін  жалғастыру 

керек пе әлде алдыңғы қатарлы Батыс елдерінің білім кеңістігін игеру қажет пе деген екіұшты үлкен сұрақ 

тұрды.  Қазақ  үкіметі  бірнеше  Батыс  реформаларын  қабылдады,  олардың  кӛбісі  тиімді  жемісін  беруде 

(ҰБТ, үш сатылы жүйе: бакалавриат, магистратура, PhD докторантура). Алайда, жаһандану білім жүйесін, 

оның ішінде, басқарудың жаңа формасының болуын қайта қарауды және ӛзгертуді талап етуде; қоғамда 

теңсіздік ӛсе түсуде және оны білім жүйесінен де кӛруге болады. Бұл мақала

 



http://www.enu.kz

 

 



 

№ 1 (92) 2013

 

 



ӛзінің тіршілігі үшін жаһандану уақытында бәсекелестік үшін күресіп жатқан қазақ білім беру 

жүйесі жӛнінде қысқаша зерттеу жүргізіп, жаңа білім жүйесіне ұсыныстар жасамақ.

 

 

Қазақстан ӛзінің бай минералдық ресурстарының арқасында шетел инвестициясын тартып келді; 



бұл жағынан Қазақстан әлемдік нарықтың барлық талаптарына жауап беретін тиімді лидерлерді, ме-

неджерлерді және адами ресурстарды қажет етеді. Бірақ, Қазақ мемлекеті бұл мәселені 1993 жылы, 

ел  «қатал  экономикалық  дағдарысқа  ұшыраған  кезде»  [4]  «Болашақ»  халықаралық  бағдарламалар 

орталығын 

ашу 

арқылы 


қозғады. 

Бағдарламаның 

негізгі 

мақсаты 


«жұмыр 

жерде» 


«шығармашылықты,  иілгіш,  икемделгіш  және  ойлап  тапқыштық»  қабілеттері  бар,  жаңа 

реформаларды  жүзеге  асыра  алатын  лидерлерді  шет  елде  дайындау  және  оқыту  болып  табылды. 

Қазақстан  әлемдік  нарыққа  енуде  сәтті  жұмыс  істей  алатын,  елімізді  экономикалық  және  саяси 

дамудың жаңа сатысына шығуға қабілетті жастарды тартумен әлі де күресуде.

 

 

Дегенмен,  білім  беру  жүйесі  мен  технологиясына  үлкен  инвестиция  бӛлінуіне  қарамастан, 



елімізде  шешімін  таппаған  мәселелер  әлі  жетерлік.  Бұл  мақаланы  жазудың  басты  себебі,  бұл 

білім  беру  саласындағы  дағдарыстың  туындауының  бюрократия,  иерархия  және  Қазақ 

қоғамындағы  дәстүрлі  ‘жоғарыдан  тӛмен’  жүйесі  екендігін,  сонымен  қатар,  кӛшбасшылықтың 

жаңа формасын енгізу маңыздылығын саралап, әлеуметтік капиталды дамыту болып табылады. 

Мақала  мақсаты  –  Қазақстандағы  білім  беру  аясындағы  жаһанданудың  ықпалына  жан-жақты 

теориялық түсініктеме беру арқылы үлес қосу.

 

 

Бұл  жұмыста  жаһанданудың  табиғаты  және  жаһандану  мен  білім  беру  арасындағы 



байла-ныс  сараланады.  Сонымен  қатар,  бұл  мақалада  жаһанданудың  тудырып  отырған 

Қазақстандағы  адам  капиталындағы  мәселелер және  мектептегі  кӛшбасшылық дағдарысы 

жӛнінде  сӛз  болады.  Әдебиеттерді  шолу  арқылы  алынған  ӛз  зерттеуім,  сонымен  қатар, 

‘деңгейді  кӛтеріп,  кем-кетікті  тол-тыру’  үшін  негізгі  пайдалы  нәтижелер  және  болашақ 

зерттеудің жалғасуына ӛзек болатын ұсыныстар беріледі [5].

 

 



Жаһандану адам ӛмірінің барлық саласына ықпал етуде, алайда ол әртүрлі түсіндіріледі. Кейбіре-улер 

жаһандануды әлемдік экономиканы дамытатын негізгі күш деп түсінсе, басқалары жаһандану теңсіздік пен 

кедейшілікті  молайтатын  қауіп,  ол  әртүрлі  қоғамды  ушықтырады  деп  баға  береді.  Әлемде  барлық  дүние 

бір-бірімен  тығыз байланыста  екендігі  белгілі  және  бір  зат  екіншісіне  тәуелді  бола-ды,  сәйкесінше  елдер 

де  бір  біріне  тәуелді  болып  келеді.  Молой,  Гравет  және  Петерсен  жаһандануға  тӛмендегідей  анықтама 

береді  «қазіргі  саяси,  әлеуметтік,  білім,  қаржы  және  рухани  ӛмірдің  барлық  аспектілерінде  кеңейіп, 

тереңдеп және зырылдап келе жатқан әлемдік ӛзара байланыстылық» [6, 281].

 

Тикли Хелд және басқаларына сілтеме жасай отырып жоғарыдағы анықтамаға ұқсас пікір 



біл-діреді:

 

 



Қоғамдағы  барлық  әлеуметтік  қатынастар  және  трансакциялы  көлемді,  тез  және 

маңызды  түрде  алмастыратын  әлемдік  континентаралық  немесе  аймақаралық  ағым, 

сонымен  қатар,  ол  іс-әрекеттің,  қарым-қатынастың  және  әлемдегі  барлық  күштердің 

ыңғайлы торабы, процесі немесе процестер жүйесі болып табылады [7, 156].

 

 



Бұл  авторлар  жаһандануды  адамдар  идеялары  немесе  олардың  іс-әрекеттерімен  ӛзара  бӛлісе 

ала-тын  процесс  немесе  процестер  торабы  деп  сипаттайды,  халықаралық  компаниялар  ӛздерінің 

филиал-дарын  ашып,  оған  әлемнің  кез-келген  түкпірінен  мамандарды  тарта  алады.  Бұл  кәсіби 

байланыстар  торабын  құру  үшін  ӛте  маңызды.  Бірақ,  бұл  білімді  және  бай  адамдарға  трансұлттық 

компанияларда жұмыс істеу үшін пайдалы; дегенмен тек қана халықаралық біліктілігі бар мамандар 

ғана бұл компа-нияларда қызмет ете  алады, және сәйкесінше  олар білім жоқ адамдарға  қарағанда 

кӛбірек ақша таба алады. Бұл бай мен кедейлердің арасындағы арақашықтық ұлғаюына әкеп соғады.

 

Коммуникациялар  мен  жаңа  технология  жаһанданудың  кең  ауқымды  және  тез  жайылуына 



мүмкіндік жасады, және бұл білім беруге және академиялық зерттеуге де әсер етуде. Бір елде жұмыс 

істеп отырған адамдар басқа елдегі әріптестерімен интернет  арқылы қоян  қолтық  қарым-қатынасқа 

түсулеріне  болады  немесе  жылдам  қатынас  –  әуе  жолы  арқылы  бетпе-бет  кездесулеріне  болады. 

Ұзақ теңіз саяхаты немесе пошта арқылы хат немесе зат алмасу қиыншылықтары әлемдік деңгейде 

жұмыс  істеу  арқасында  артта  қалып,  қазіргі  таңда  әлем  «жұмырлана»  бастады.  Турнер  жаһандану 

«коммуни-кациялар  мен  технологияда  жылдам  ӛзгерістерді  тудыратын  экономикалық  дамудағы 

жалпы үрдістің қазіргі тәжірибесінің» түп-тамыры деп анықтама берген [8, 81].

 

 



Поггелер  (2004)  жаһандану  дәуірінде  экономикасы  «коммерциялық  соғыстан»  зардап  шегіп  да-

мушы  елдердегі  білім  берудің  маңыздылығына  мән  береді.  Оның  айтуынша  әлемдік  үрдістер  ел-

дерді  мәдени,  ұлттық  және  әлеуметтік  тұрғыда  тығыз  байланыста  болуға  мәжбүр  етті;  дегенмен, 

адамдар ӛмірге және кӛзқарастарға қатысты бірдей дүниелерді кӛшіруде қателіктер жасамаулары

 

 

287



 


http://www.enu.kz

 

 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



қажет. Дамушы елдер және әлемдік қауымдастық жаһанданудың біржақтылығы жӛнінде қауіптенуде, 

әрине бұдан дамыған елдердің пайдаға шығатындығы белгілі; керісінше, экономикасы тӛмен ел-дер 

дамыған  елдермен  әділетті  түрде  сайысқа  түсе  алмайды.  Кейбір  дамушы  елдердің  бай  табиғи 

минералдарға  ие  болуларына  қарамастан,  жоғары  технологиялардың  жоқтығы  ӛздерінің  тиімділігі 

мен бәсекелестіктерін жақсартуына кедергісін тигізуде. Кейбір кедей елдерде адамдар бай елдердің 

Кока Кола, МакДоналдс сияқты тауарларын, сонымен қатар, американдық фильмдерді және музыка-

ны ӛз тауарларынан кӛбірек тұтынуда [9].

 

Бұл әлемдік үрдіс елдердің ұлттық, мәдени және оқу құндылықтарына әсер етуі мүмкін. 



Поггелер жаһанданудың дамушы елдерге деген қаупін былай түсіндіреді:

 

 



Үшінші  Әлемнің  елдері  өздерінің  мәдени  жекебастылықтарын  жоғалтып  алуларынан 

қорқады. Шет елдерден келетін өте көп мәдени және оқу салалары бойынша өзгерістер 

дамушы елдердің құндылықтарына кері әсерін тигізеді, және соның нәтижесінде олардың 

құндылықтары кемиді [9, 114].

 

 



Жаһандану  уақытында  экономикалық  бәсекелестіктің  болуы  табиғи  заңдылық; 

сондықтанда, әлемдік трансұлттық компаниялар тауарларды шығаруда бір-бірімен бәсекеге 

түсуде,  олар  қоршаған  ортаға  мән  бермейді,  сәйкесінше  қоршаған  орта  запа  шегуде  [6]. 

Жаһандану,  сонымен  қатар,  кейбір  жергілікті  тілдерге  де  әсер  етеді  және  олардың  құрып 

кету қаупі тұр, ӛйткені қазіргі таңда кейбір тілдер барлық әлемге таралып, «бизнес, үкімет, 

кӛңіл кӛтеру және білім беру саласында жаһанданып отыр» [10].

 

 

Жаһандануға  берілген  жоғарыдағы  анықтамаға  ұқсас,  Тикли  де  ӛзінің  жаһандануға 



түсіндірмесін ұсынады:

 

 



Жаһандану  қазіргі  ақпараттық  технология  уақытында  ұлттық  және  мәдени 

құндылықтарға  қауіп  болып  табылады  және  мәдени  әртүрлілікті  және  тұрғылықты 

халықтың ауысуын талап етеді» [7, 156].

 

Бұл  дегеніміз  ‘ұсақ’  ұлттардың  мәдениеті,  тілдері  және  тіпті  барлық  ел  жаһандану  уақытында 



үлкен, мықты ұлттарға  ‘жұтылып’ кетеді деген сӛз. Жеке  адам ӛзінің тарихын, салиқалы саяса-тын, 

халықаралық  достығын  және  жоғары  сапалы  білімін  қолдана  отырып,  ӛзінің  тілін,  дәстүрін, 

мәдениетін  және  ділін  сақтай  алады.  Кез  келген  ел  ӛзінің  тамаша  дәстүрімен,  технологиясымен 

мақтана  алады,  және  осы  жетістіктердің  әлемге  танымал  болуын  қалайды  [11].  Керісінше,  Айталы 

(2008) жаһандануға қарсы, ол жаһанданудың ортақ бір тіл, ойлау, дін, мәдениет, валюта, үкімет және 

елге  бірігуге  итермелейтін  күш  екендігін  ескертеді.  Ол,  сонымен  қатар,  жаһандануға  тіл,  мәдениет 

және  дін  сияқты  ұлттық  құндылықтарды  жоғалтады  деп  кінә  тағады  [12].  Дегенмен,  ғалымдардың 

әртүрлі  кереғар  пікілеріне  қарамастан,  тауарлардың,  адамдардың  немесе  ақпарат  қозғалысын 

тоқтату мүмкін емес, олар бір-бірімен ӛзара байланысты және бір-біріне тәуелді.

 

 



Жаһандану  қоғамдарды  және  мәдениеттерді  қайта  жасақтауда;  ӛзгеріс  уақыттың  үлкен  талабы 

бо-лып  табылуда,  және  бұл  да  білім  беруге  әсер  етуде.  Барлық  салада  трансформативті  және 

инновациялық  қабілеттер  талап  етілуде  және  білім  беру  соның  бірі  болып  табылады.  Жаңа 

технологиялар  мен  ком-муникациялар  кӛшбасшылар  мен  кӛшбасшылыққа  кӛптеген  мүмкіндіктер 

береді,  және  сәйкесінше  кӛшбасшылар  мен  менеджерлер  басшылықтың  жаңа  формасын  қайта 

жасақтап, ӛздерінің біліктерін әртүрлі деңгейде дамытады. Ӛзгермелі әлемде басшылыққа жасалған 

иерархиялық  қадам  екіұшты болып келеді және бұл ӛзгерісті  қажет  етеді.  Сенге және басқаларына 

сілтеме жасай отырып, Харрис былай дейді: «әлемдік торапта біз иерархиялық басшылықтың тиімсіз 

екендігін дәлелдейтін пробле-маларды жиі кездестіреміз» [13, 5].

 

 



Басшылықтың жаңа формасын ӛзгерту немесе енгізу бұрынғы жүйелердің тоқтай тұруын қажет етеді, 

және  бұл  барлық  сәтті  жасалған  саясаттарға  тән  нәрсе  болып  табылады.  Жиі  ӛзгерістерді  қажет  ететін 

басқарудың жаңа түрі басшылықтың ескі түрімен сәйкес келмеуі әбден мүмкін. Харристың пайымдауынша, 

қаншалықты  технология  дамыған  сайын,  соншалықты  шығармашылықтық  қажет  етіледі,  ол  ӛнімдер, 

құрылымдар  және  ӛндірістер  жаһанданудың  осы  дәуірінде  Жосеф  Шумпетер  тұжырымымен  айтқанда 

‘шығармашылықты құлдыраудан’ запа шегуде деп есептейді [13]. Харрис Харгривстің жаңа жүйе жасақтау 

үшін ұсынған бес компонентінің маңыздылығына ерекше тоқталады:

 

• 



‘тегістеу’, аз иерархиялы құрам құрылымы; 

 

• 



басшылықтың бӛлінуі; 

 

 



• 

студенттің дауысы; 

 

 

• 



басшылықтың дамуы және тақ мұрагерлігі; 

 

 



• 

тиімді шешім қабылдау шаралары [13]. 

 

 

Кедейлер мен байлардың арасындағы жік үлкейген сайын, білім берудің маңыздылығы да арта



 

 

288



 


http://www.enu.kz

 

 



№ 1 (92) 2013

 

 



түсуде.  Жақсы  білім  алып,  басқа  елдермен  бәсекелестікке  қабілетті  болу  үшін  зияткерлік  адам 

капиталының  рӛлі  үлкен.  Қазақстандағы  жасалған  реформаларды  саралай  келгенде,  жаһандану 

Қазақстанға  айтарлықтай  әсер  еткендігін  және  еліміз  бұрынғыдан  да  бетер  тиімді  мектеп  басшылығын 

қажет ететіндігін кӛруге болады. Бұл дегеніміз – Қазақ мектеп кӛшбасшылығы формасын ӛзгертуге, қайта 

жасақталуға және лидерліктің жаңа түрін қажет ететіндігіне себеп болады.

 

Уақыт ӛткен сайын, теңсіздік пен кедейшілік әсіресе ауылдық жерлерде ӛршіп тұрғанын аңғаруға 



болады, бұл ӛз кезегінде, елімізде жақсы білім алу мүмкіндігіне кедергі жасайды. Халқымыздың кӛп 

бӛлігі  ауылдық  жердерде  тұратындығын  ескерсек,  кӛптеген  адамдардың  нарықтық  экономика  және 

бәсекелестік  талап  ететін  білім  алуларында  қиындықтар  кездесетіндігі  белгілі.  Алайда,  формалды 

білім  алу  6-17  жас  аралығында  алынатындығын  ескерсек,  мектептердің  иілгіш,  креативті  және  мек-

теп  кӛшбасшыларының  үлкен  берілгендікпен  жұмыс  істеуі  керектігін  және  сапалы  білім  беруге  не-

гізделген жоғары жетістікке жетуге қабілетті болулары міндеттеледі [14].

 

Дегенмен,  Қазақ  мемлекеті  ‘міндетті’  қадам  жасауға  әлі  асығар  емес;  тіпті  12  жылдық  орта 



білім беру белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды, бұл ӛз кезегінде, әлемдік стандартқа кӛшуге ӛз 

кедер-гісін  тигізеді.  Жоғары  білім  алу  үшін  болатын  сынақ  ҰБТ  мектеп  кӛшбасшылары  мен 

мұғалімдер арасында қысымды кӛбейтті; мектеп кӛшбасшылығында кездесіп жүрген мәселелер, 

негізінен, ұлттық бюрократия және непотизмнен шығатындығы белгілі. Мектеп кӛшбасшылығын 

орталықтан  тағайындау,  мектеп  бағдарламаларын  стандарттау,  мұғалім  және  оқушы 

дауысының  болмауы,  және  мұғалім  шығармашылығына  шектеу  жасау  мектептегі  білім  беру 

сапасының тӛмендеуіне әкеп соғуда. Бұл Қазақстан мектептеріндегі кӛшбасшылық дағдарысын 

ушықтырып, елдегі білім жүйесінің әлсіз және мазақ болуға дайын болуымен түсіндіріледі.

 

 

«Болашақ»  халықаралық  бағдарламасы  кӛшбасшылық  және  менеджерлік  шеберліктері  бар  зи-



яткерлік  адам  капиталын  алып  келіп,  дамыған  және  Батыс  мемлекеттердің  жаңа  саясатын  енгізеді 

деп  күтілген,  алайда,  елде  «жікті»  жабады  деген  үміт  ӛзін  ақтаған  жоқ.  Мектеп  кӛшбасшыларының 

жетіспеуі  әлеуметтік  қиындықтардың  пайда  болуына,  үкіметтен  кӛптеген  қысымның  және  үлкен 

жауапкершіліктің  пайда  болуына  әкеп  соқты.  «Болашақ»  түлектерін  жұмыспен  қамту  механизмінің 

дұрыс  жұмыс  істемеуі  шет  елден  алған  теориялық  білімін  елдің  ӛркендеуі  үшін  кәсіби  тәжірибемен 

байланыстырамын деген жастардың амбицияларына кедергі жасады. Ӛздерінің қарамағындағыларға 

бұйрық  беріп  дағдыланған  басшылар,  бұрынғы  кеңестік  ‘топ-даун’  жүйесі  және  орталық  стандар-

тымен жұмыс істейтін мектептердің іс-әрекеттері – әлемдік тәжірибеге қарама-қайшы [13]. Кӛптеген 

елдер  ӛздерінің  мектеп  кӛшбасшылығын  тұрақтандырып,  ӛздерінің  болашақ  мектептері  жӛнінде 

талқылап жатқан кезде, Қазақстандық білім беру кӛшбасшылығы ӛз орнында тұр.

 

 

Біріншіден,  мектеп  кӛшбасшыларына  ӛздерінің  мұғалімдері  мен  оқушыларын  олардың 



кӛшбасшылық және креативті шеберліктерін дамытуларына рұқсат бере отырып, кӛшбасшы болула-

рына қуаттау маңызды болып табылады. Екіншіден, мұғалімдерді тест қысымымен және қажет емес 

«жоғарыдан  тӛмен»  саясатымен  [13]  қолдарын  бос  қылмағаннан  гӛрі  бір-бірімен,  басқа 

мектептермен жақсы талқылау жүргізу үшін әлеуметтік желіні құру жӛн болар еді. Мектептерді желіс 

үшін  әлеуметтік  орталықтар  ретінде  құру  және  басқа  ұйымдармен  қарым-қатынас  білім  беруді 

тиімдірек қылады және білім беруге теңдік береді; бұл ӛз кезегінде, жаһандану тудырып отырған жікті 

азайтуға  кішкене  үлес  қосады.  Әлеуметтік  араласу  және  қоян-қолтық  жұмыс  істеу  адамдар 

арасындағы  қарым-қатынасты  жақсартады,  және  негативті  эмоцияны  және  стрессті  азайтады; 

нәтижесінде, бұл мұғалімдердің мек-тептерде жақсы жұмыс істеулеріне ықпал етеді [2, 13].

 

 



Бұл мақала жаһандану уақытында Қазақстанда мектеп кӛшбасшылығын қайта жасақтау 

үшін ба-сты нәтижелерді ұсынады, олар:

 

 

• 



стандарттардан,  тура  енгізуден,  «жоғарыдан-тӛмен»  жүйеден  аулақ  болу,  аз 

иерархиялы  жүйені  қалыптастыру  және  қағазбастылық,  бюрократия,  және  тест  бағалары 

үшін сайыстарды кӛбейтетін білім беру саясатын азайту; 

 

 



• 

мұғалімдердің  ынта-жігермен  және  қызығушылығымен  жұмыс  істеулеріне  мүмкіндік 

беретін білім беру ӛзгерістерін енгізу; 

 

 



• 

ішкі  жауапкершілік,  мектептер  ішіндегі  және  мектептер  арасындағы  желілер  арқылы 

сыртқы жауапкершілікті дамыту; 

 

 



• 

орталықтанудан орталықсыздануға және 12 жылдық орта білім беру жүйесіне кӛшуді қамтамасыз 

 

 

ету



;

 



жақсы  кӛшбасшылық  шеберліктері  бар

 

(мектептен  кейін  бірден  қажет  емес)



 

оқушыларды  шет

 

елдердің  білім  тәжірибелерін  алу  үшін  оқуға  жіберу  және  оларды 



ӛздерінің мектептерінде кемінде 5 жыл жұмыс істеуге міндеттеу.

 

 



289

 



http://www.enu.kz

 

 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



Бұл жұмыста Қазақстандағы мектеп кӛшбасшылығына жаһандану әсері сараланып, қазіргі рефор-

малар айтылып, жаңа жүйе үшін ұсыныстар берілді. Тығыз желі, қоян-қолтық аралас және жаһандану 

дәуірінде әріптестік болған кезде білім беру тіршілік етіп, дами түседі, Фезулла Гулен айтқанындай: 

«Болашақтың  дамуы  Батыстың  ғылыми  жетістігі  мен  Шығыстың  сенімділігі  мен  этикасының  тығыз 

байланысы арқылы болады». Жаһанданудың білім беруге нақты әсері бар екендігіне күмән жоқ.

 

 



 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

 



1. Harris,  A.  (2004)  School  leadership  and  school  improvement:  a  simple  and  complex  relationship. 

School Leadership and Management. 24.1: 3-5  

2. Fullan, M. (2006) Turnaround Leadership. San Francisco: Jossey-Bass. 450 p.  

 

3.  Tarabini, A. (2010) Education and poverty in the global development agenda: Emergence, Evolution 



and  Consolidation.  International  Journal  of  Educational  Development  [Internet]  30,  pp.  204-212.  Available 

from:  [Accessed April 20th, 2010]  

4. DeYoung, A., J. and Suzhikova, B. (1996) Issues in Post-Soviet Secondary School Reform: The Case 

of Kazakhstan. 150 p.  

5. Fullan, M. (2006) Turnaround Leadership. Hoboken, Jossey-Bass. 275 p.  

 

6. Moloi,  K.  C.,  Gravett,  S.  J.  and  Petersen,  N.  F.  (2009)  Globalisation  and  its  Impact  on  Education  with  Specific 



Reference to Education in South Africa. Educational Management, Administration and Leadership, 37 (2), pp.278-297  

7. Tikly,  L.  (2001)  Globalisation  and  education  in  the  Postcolonial  World:  towards  a  conceptual 

framework. Comparative Education [Internet] 37 (2), pp.151-171  

8. Turner, R. (2004) The globalisation of the tutorial class movement and adult education in Scotland. 356 p.  

 

9. 


PÖggeler,  F.  (2004)  Globalisation  through  the  transfer  of  adult  education  between  cultures: 

Perspectives on past and present. 478 p.  

10. Fishman, J. A. (2001) The new linguistic order. 321 p.  

 

11. 



Шамақайұлы, Қ. (2009) Жаһанданудан қалай құтыламыз. 

 

12. 



Айталы А. (2008) Бізге заң қажет. Егемен Қазақстан. < http://www.egemen.kz  

 

13. Harris, A. (2008) Distributed school leadership. London, Routledge. 264 p.  



 

14. Fisher, T. (2010) Issues in Educational Leadership: Learning in the Future. 412 p.  

 

Редакцияға 10.10.2012 қабылданды.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

290



 

жүктеу 262,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау