58
Тауар ӛндіру процесінде адамның еңбегінің нақты түрімен қатар, оның күш-қуаты (дене
және ой күші) жұмсалады. Адамның жалпы күш-қуатының жұмсалуы
абстракты еңбек деп
аталады. Абстракты еңбек тауардың құнын жасайды.
Әрбір тауардың құны (абстракты еңбек жұмсалған) белгілі бір мӛлшерде, не аз, не кӛп
болады, ал тауар құнының мӛлшері оны ӛндіруге жұмсалған еңбектің мӛлшеріне және оны
ӛңдеуге кеткен тауар ӛндірушінің уақытына сәйкес анықталады. Бірақта бір түрлі тауарды ӛндіру
үшін әр тауар ӛндіруші әр түрлі мӛлшерде уақыт жұмсайды. Тауардың құны еңбектің жеке
жұмсалу уақытымен белгіленеді.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз сол кезде кӛп
тараған техникамен, еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейі негізінде сол тауарлардың басым
кӛпшілігін ӛндіруге кеткен уақыт.
Құнның мӛлшеріне: еңбек ӛнімділігі, еңбек интенсивтілігі, еңбектің күрделілігі ықпал
етеді.
Сонымен, тауардың құны оның (тауар) затталған абстракті еңбек болса, ал айырбас құны
құнның қоғамдық қатынастар ретінде тек айырбас сферасында нақты формада кӛрінуі.
Құн туралы ең бірінші ғылыми теория ретінде еңбек құн теориясы негіз болды. Оның
негізін А. Смит және Д. Рикардо қалағанымен, К. Маркс бұ теорияны жете зерттеп марксистік
экономикалық ілімнің қағидаларын жасады. Бірақ, экономикалық теория және ӛмір
дәлелдегендейеңбек құн теориясының кейбір қағидалары практика жүзінде дәлел таппады. Біздің
елімізде оны практикада пайдалану әрекеті дәлел болғандай, құнды және бағаны тек шығын
арқылы анықтау халық шаруашылығында шығындану механизмінің
құрылуына әкеліп соқты, яғни
ӛндіріс ӛндіріс үшін дамыды, тауарды ӛндіруге кеткен шығын неғұрлым кӛп болса, соғұрлым
тиімді болды. Бұл теорияны практикада пайдалануға байланысты тағы бір проблема тауардың
құнын нақты ӛлшеуге мүмкін еместігі, ал мұндай жағдайда ӛндіріс нәтижесін бұрмалауға
мүмкіндік туады.
Құн туралы марксистік теорияның ең бір маңызды қателігі, К. Маркстің ең
басында тауардың тұтыну құнын әрі қарай талдамауы , ол тауардың тұтыну құны саяси
экономиканың пәніне жатпайды деп, тек тауардың құнының қозғалысын ғана зерттеді.
Ғалымдардың К.Маркстан кейінгі буыны тауардың екінші жағынан тұтыну құнына баса назар
аударды.
Нәтижесінде,
басқа құн теориясы шекті пайдалылық теориясы пайда болады.
Шекті пайдалылықты дұрыс түсіну үшін пайдалылықтың нақты және абстракты түрлерін
ажырата білу керек. Бұны келесі мысал арқылы кӛрсетуге болады. Су адам үшін аса қажетті ӛнім
екендігін біз бәріміз білеміз және оның қандай қажеттіліктерді қанағаттандыратындығын, қандай
пайдалылығы бар екендігін тағы да білеміз. Бұл оның абстракты пайдалылығы. Бірақ оның нақты
пайдалылығы да бар. Егер судың бірінші шелегі адамның шӛлін қандыру үшін керек болса, екінші
– тамақ жасау үшін пайдаланса, үшіншісі – жуынуға, тӛртіншісі – малға берілсе, бесіншісі – бау-
бақшаны суғаруға жұмсалады. Осылардың қайсысы адамға аса құнды болады? Бәлкәм, бірінші
шелектегі су болар, ал келесілердің құндылығы біртіндеп кеміп отырады. Бұл жерде бірінші
шелектегі су адамға аса құнды да, пайдалы да болады, қалғандарының пайдалылығы біртіндеп
азйып отырады. Заттың аса пайдалылығы оның құндылығын анықтайды.
Ӛнімнің бар кӛлемімен және оның пайдалылы арасында ӛзара байланыс болады, оны
мынадан кӛруге болады, тұтынушының қарамағындағы игіліктердің саны ӛскен сайын әр кейінгі
игіліктің пайдалылығы бұрынғы игіліктердің пайдалылығына қарағанда азайып отырады. Бұл
жалпыға бірдей даму заңы – шекті пайдалылықтың тӛмендеу заңы.
Шекті пайдалылық теориясы мен еңбек құн теориясы шын мәнінде бір-біріне қарсы заңдар
болғанымен, олар бір-біріне қарама-қайшылықта болмайды, яғни тауардың құндылығын
субъективті және объективті жағынан бағалау болып табылады. Тауарды субъективті бағалау
тауар шаруашылығының тұтынушылардың талаптарын кӛбірек ескеруге бағытталады, ал
ӛндірістің мақсаты адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.