екінші бөлім
ғылым мен ФилОсОФиЯның
таРиХы
28
1-тарау. антика ДәуіРінДе ғылым
бастаулаРының паЙДа бОлуы
1.1. ғылымның пайда болуы мәселесі
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі
таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден,
ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның
шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге бо-
латын белгілерге қатысты өрбиді.
Әдебиетте ғылымның пайда болған уақыты туралы бірқатар
көзқарастар бар. Оның үстіне, ең негізгі ұстаным – ғылымның алғаш-
қы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын
жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір
алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген
тұжырым болып табылады. Бірақ бұндай жорамалдың мүлдем
ақылға қонымсыздығы көзге ұрып тұр: ол, шамасы, адамның шығу
тегі туралы энгельстік еңбек теориясының әсерінен пайда болған.
Зинджантроптың немесе неандерталдықтың көзінен ақыл-парасаттың
ұшқыны көрінетінін жорамалдау үшін, ерекше қиялшыл болу керек
шығар.
Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының
өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Б.з.д. VI-V ғғ. адам-
зат тарихында күрт өзгерістер орын алғаны белгілі. Шығыста да,
Батыста да, «адамзаттың ұлы әкелері»: Лао-Цзы мен Кон-Фу-Цзы
Қытайда, Махавира мен Гаутама Сидхартха (Бұдда деп аталып кет-
кен) Үндістанда, Зороастр (Зәрдүшт) Парсыда, Сократ, Фалес, Солон
және басқалары Грекияда, Иса, Илья, Иеремия Палестинада дүниеге
келіп, таңғажайыптарды іске асырып жатты. Дүниенің мифологиялық
түсінігіне қанағаттанбаған олар дүниенің жаратылысы және адамның
қалай өмір сүруі керектігі, оның өмірінің мән-мағынасы туралы
өз идеяларын уағыздай бастады. XX ғасырдың ұлы неміс философы
К.Ясперс бұл жағдайды «адамзаттың түпқазықты уақыты» деп
атаған. Шын мәнінде, адамзаттың осы уақытқа дейін жалғасып келе
жатқан өз дамуының өркениеттік тарихына енуі сол заманнан баста-
лады. Ал философияға қатысты айтар болсақ, К.Ясперс оның пайда
болуын адамның рухының, сана-сезімінің оянуымен, яғни ол кезде
оның өзін басқалардан бөлектеп қана қоймай, бүкіл әлемге қарсы қоя
білгенімен байланыстырады. ғылым бастамалары мыңжылдықтар
29
бойы философия аясында дамып келді. Математика негіздері – жер
өлшеу, арналар мен әртүрлі құрылыстар салу қажеттілігінен, астро-
номия – жұлдыздар мен планеталар бойынша бағдар жасау үшін пай-
да болса, Орта ғасырларда алхимия байлықты молайту (қорғасынды
алтынға айналдыру) әрекеттерінен келіп шықты.
Әлбетте, адамзат тарихындағы осындай ірі өзгерістердің себебін
әлдебір «рухани сілкіністен», «Құдайдың ісінен» іздеуге болар еді.
Ал біз қола дәуірінен темір заманына ауысу кезеңі болған бұл
күрт өзгеріс уақытын материалдық тұрғыда талдап түсіндіріп
беруге әрекет етпекпіз. Ж.Ж.Руссоның: «Темір! Қазіргі заманғы
өркениетті тудырған – осы!» – деген сөздерінде үлкен шындық жа-
тыр. Соқаға кигізілген темір түрен жерді терең қаза отырып, оны
өңдеудің түбегейлі жақсаруына себеп болды. Нәтижесінде, өнімділік
артты, азық-түліктің молдығы оларды айырбас жасауға, нарықтық
қатынастар бастауларының пайда болуына келтірді. Кезінде К.Маркс
айтқандай, адамдар алтынның сезімталдық-бұйымдық бетінен осы
уақытқа дейін беймәлім болған «ерекше сезімтал» қасиетін – сонша-
ма әртекті заттар құнының баламасы болу қасиетін ашты. Мысалы,
алтынның әлдебір санын бір сиырға немесе төрт қойға, тіпті болма-
са 30 қап астыққа айырбастауға болады дейік. Бұл адамдардың жал-
пылама ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық сананың пайда болуына
жеткізді.
интеллигенцияның (зиялы қауымның), яғни өздерін тұтастай
және толығымен ақыл-ой қызметіне арнаған адамдардың шығуы,
шын мәнінде, сол заманның ерекше оқиғасы болды. Азық-түлік
артықшылығының, байлықтың пайда болуы негізінде қоғамға енді
белгілі бір адамдар саны үшін шығармашылық, ақыл-ой жұмысы
үшін қажетті жағдайлар жасау мүмкіндігі туды. Сөйтіп, жыраулар мен
ақындар, философтар мен көркем суретшілер, математиктер мен актер-
лер және т.б. шыға бастады. Сол сәттен бастап-ақ әлемдік тарихтың
шапшаң қадамы бірден-бірге қарқын ала берді. Тағы да К.Ясперске,
оның көрегендігіне жүгінейік: адам рухының оянған сәтінен
бастағанда, барлық ғылымдардан бұрын философия пайда болды.
Бірақ, шын мәнінде, қазіргі заманғы ғылым өзінің дүниеге келгені
үшін жаңа заманға, яғни капитализмге қарыздар. Оның отаны –
еуропа. Егер Жаңа заман орнағанға дейін Шығыс пен Батыс өздерінің
даму деңгейі бойынша парапар болса, енді Еуропа алға ұмтылып
шықты. Шығыс елдерінің дамуы бәсеңдеп, артта қала бастады. бұның
себебі неде? Әдебиетте бұл күрделі сұраққа әрқилы жауаптар беріледі.
30
К.Ясперс оның терең бастауларын христиан дінінің рухани бағ-
дарларынан көреді. Біріншіден, Библия этосы, адам сол жолда
қаншалықты шаршап-шалдықса да, одан шындыққа жетуді талап
етеді. Екіншіден, Әлемді Құдай жаратқандықтан, оны (Әлемді) танып
білу – Құдай берген ойдың ізімен жүру дегенді білдіреді. Үшіншіден,
бүл дүние азап, қайғы-мұңға толы болғандықтан, олардың себептерін
зерттеп, Құдайды ақтау үшін солармен күрес жүргізу керек.
Әлбетте, бұл рухани себептердің болуы орынды. Бірақ К.Ясперс
Құдайдың адамға Әлемді билеуші болуды бұйырып, оны Өзіне ұқсас
бейнеде жаратқаны туралы христиан дінінің белгілі қағидасына
назар аудармаған сияқты. Біздің ойымызша, дәл осы қағида
ғылымның христиандық әлемде жедел дамуына себепші болған. Егер
жаратылыстанудың негізгі бағыттары жүзжылдықтар бойы нақ сол
табиғат құпияларын ашуға, оларды өз мақсаттарына пайдалануға және
табиғатты түбегейлі бағындыруға арналды десек, шындықтан онша
алшақ кете қоймаспыз. Сол себепті батыстық зерттеушілердің Еуро-
атлантикалық өркениеттің терең рухани-адамгершілік дағдарысын нақ
осы қағидадан көретіні кездейсоқ емес.
Алайда бұл мәселенің тағы өз әлеуметтік-экономикалық жағы бар.
Ол Еуропа топырағына Қайта өрлеу дәуірінің (XV-XVI ғғ.) аяқ басуы-
на байланысты болды, ол кезде Италияда алғаш рет капиталистік
қатынастар бастаулары пайда болып, еркін жалдамалы еңбек және
т.б. қолданыла бастаған. Содан кейін орын алған буржуазиялық-
демократиялық революциялар адамдарға еркіндік беріп, сословиелік
қатынастарды жоя отырып, барлықтарының құқықтарын теңестірді.
Жаңа жағдайда әрбір адам өзінің әл-ауқатын қалай жақсартуды, отба-
сын қалай асырауды ойлайтын болды. Бұл миллиондаған адамдардың
белсенділігін, олардың шығармашылық ізденіс-шабытын оятты, соның
нәтижесінде өндірістік күштер қуатты дамуға жетті. Бұл ғылым мен
техниканың қарқынды дамуының жетістігі еді.
Айтылғандарды қорытындылай келе, ғылым мен техниканың даму-
ын төмендегідей тәртіпте көрсетуге болады:
1. Қоғам дамуындағы ғылымға дейінгі кезең (көне заманнан XV
ғасырға дейін).
2. Заманға сай ғылымның қалыптасуы (XVI ғасырдан XIX ға-
сырдың 70 жылдарына дейін).
3. Ғылым мен техника дамуындағы классикалық (айқын) кезең –
XIX ғасырдың 70 жылдары – XX ғасырдың ортасы).
Достарыңызбен бөлісу: |