ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет17/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142

50

арқылы көрсетудің ерекше қиындық тудырғаны болды. Керісінше, кез 

келген  өзгеріс  пен  қозғалысты  ойша  жоққа  шығару  әлдеқайда  оңай 

көрінді. Ұстазы Парменидтің көзқарасын қорғаудың осындай жолына 



зенон Элейский (б.з.д. 490-430 жж. шамасы) түскен-ді.

Зенон өз заманының саяси өміріне белсене араласты. Аңыздар бо-

йынша  ол  озбыр  билеуші  Неархқа  қарсы  қастандық  ұйымдастырған, 

бірақ  қамауға  алынған.  Қатыгез  Неарх  оған  қарсы  шыққандардың 

аты-жөндерін айтуды талап еткенде, Зенон өзінің тілін қыршып алып, 

озбырдың  бетіне  түкірген-міс.  Философия  тарихына  Зенон  «апорий-

лер» (ойдағы қиындықтар) деп аталатын түсініктері арқылы енді, сол 

түсініктерінде  көптіліктің  және  қозғалыстың  жоқтығын  дәлелдеуге 

тырысты.

Зат жылжи отырып, кеңістіктің әлдебір нүктесіне жетуге тиіс. Бірақ 

бұл мүмкін емес, демек, дұрыс емес. Неге? Себебі, зат бұл нүктеге жету 

үшін,  алдымен  қашықтықтың  жартысын,  содан  соң  келесі  жартысын 

жүріп өтуге тиіс, солай шексіз кете береді. Ол кезде зат қозғалмайды. 

Зенонның  белгілі  апорийлері  –  «Ахиллес  пен  тасбақа»,  «Жебе»  де 

осыған ұқсас тәсілмен дәлелденеді.

Зенонның  көптілікті  (көпшені)  жоққа  шығаратын  апорийлері  де 

соншалықты  қызғылықты.  Көптілік  көп  бірліктен  тұрады,  ал  бұл 

мүмкін  емес.  Егер  әлем  көптеген  заттардан  тұратын  болса,  онда 

қажеттілігімен бірге, олардың саны сомаға тең. Бірақ сома шексіздікке 

кетеді,  өйткені  екеудің  арасына  тағы  бірді,  содан  кейін  екеуді  және 

т.с.с. орналастыруға болады. Ол кезде бір бар, ал көптілік жоқ.

Өзінің дәлелдемелерімен Зенон Логостың мағынасын жаңа деңгейге 

көтерді, басқаларды қозғалыстың, кеңістіктің және уақыттың мәні ту-

ралы ойлануға мәжбүр етті.

Болмысты  түсіну  үшін  ежелгі  грек  материалистері  –  левкипп 

(б.з.д. V ғасыр) және Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.) мүлдем бөлек жол 

таңдады.  Олар  философияға  атом  (atomos  –  бөлінбейтін)  ұғымын 

енгізді.  Атомдар  –  ары  қарай  бөлінбейтін,  өте  ұсақ,  адамның  көзіне 

көрінбейтін, бір-бірінен формасы, көлемі және салмағы бойынша ғана 

ажыратылатын бөлшектер. Бос кеңістікке түсіп, бір-бірімен тізбектеле 

келе, олар табиғаттың алуан түрлі денелерін құрайды.

Сондықтан  да  екі  ойшыл  да  болмыссыздықтың  бар  екенін 



жоққа  шығарды.  Әлдебір  зат  пайда  болғанда,  ол  атомдардың 

әртүрлі  қосылыстарынан  құралады,  ал  зат  құрып,  жоғалғанда,  оны 

құрайтын  атомдар  бір-бірінен  ажырайды.  Әлбетте,  атомдардың 

қозғалуы  үшін  кеңістік  керек.  Сол  себепті  олар  әлемді  ішінде  атом-




51

дар  қозғалып  жүретін  орасан  үлкен  бос  кеңістік  деп  қарады.  Табиғат 

денесін  құрайтын  атомдар  шексіз  болғандықтан,  кеңістік  те  шексіз. 

Егер  кеңістік  шектеулі  болса,  онда  оған  атомдардың  шексіз  саны 

сыймаған  болар  еді.  Осының  барлығы  уақыттың  үздіксіздігін  және 

қозғалыстың бастаусыздығын жорамалдайды.

Демокриттің  ойынша,  әлем  (дүние)  алдымен  бейберекет  қозғалып 

жүретін  атомдар  түрінде  (күн  сәулелерінде  жылтылдап  көрінетін 

тозаң  сияқты)  болады.  Содан  кейін  соқтығысу  арқылы  ауыр  атомдар 

жеңіл  атомдардан  бөліне  береді.  Нәтижесінде,  табиғаттың  әртүрлі 

денелері  пайда  бола  бастайды.  Ең  кішкентай  және  дөңгелек  атом-

дар  отты  құраса,  ал  қалғандары  текше  түрінде  болады,  олардың 

ең  кішкентайлары  –  ауаны,  орташалары  –  суды,  үлкендері  жерді 

құрайды... Сөйтіп, демокриттік ілімде құдайлар да, рухтар да жоқ, ол 

барлығын да механика жолымен түсіндірмек болды.

Адам  және  таным  туралы  ілімде  Демокрит  адамның  жанын 

мойындаған.  Бірақ  оның  ойынша,  адам  жаны  дөңгелек  жеңіл  және 

жылдам  қозғалатын  элементтерден  тұрады.  Егер  осылай  болса,  онда 

адам  өлгеннен  кейін  оның  жаны  да  жойылады  –  атомдар  бір-бірінен 

ажырап,  жан-жаққа  тарайды.  Танымға  қатысты  Демокрит  заттардың 

бетін құрайтын жеңіл атомдар буланған сияқты болып, жанның атом-

дарына  әсер  етеді,  нәтижесінде,  біздің  жанымызда  заттардың  бейнесі 

пайда болады деп санаған.

Қоғамның  әлеуметтік-саяси  өмірі  саласында  Демокрит  демокра-

тияны  жақтады.  Оның  мығым  болуы  үшін,  адамдарды  тәрбиелеу  ке-

рек.  Табиғаты  бойынша  адам  рақат  алуға  және  күйзелістерден  аулақ 

болуға  ұмтылады.  Алайда  Демокрит  рақатты  өлшемді  табу  арқылы 

анықтайды. Адам үшін ең жақсысы – эутемия – қорқынышты да, зи-

янды құмарлық дегендерді де білмей, жақсы көңіл күйін сақтап жүру. 

Сонда ғана даналыққа – адамның өмір сүруінің ең жоғарғы мақсатына 

жетуге болады.

Демокриттің  атомдық  теориясын  материалистік  бағыттағы  ой-

шылдар  жылы  қабылдап,  ол  теория  табиғатты  танып  білудің 

дүниетанымдық негізі қызметін XX ғасырға дейін атқарып келді.

Б.з.д. IV ғасырдағы антика қоғамында мәдениет пен философия өз 

дамуының  жоғарғы  шегіне  жетті.  Әлеуметтік-саяси  өмірде  тоқырау 

орын  алса  да,  дегенмен  рухани  өмірде  үлкен  жетістіктерге  қол  жет-

кен  (бұл  материалдық  және  рухани  дамудың  сәйкессіздігін  тағы 

бір  рет  дәлелдеп  отыр).  Философия  дамуының  ішкі  логикасына  кел-

сек,  оның  алдындағы  табиғи-философиялық  идеялар  сопылық  үлкен 



52

философиялық жүйелерді құруға жақсы негіз болады. Ондай жұмысты 

ерте  замандардың  ұлы  данышпандары  платон  (б.з.д.  427-347  жж.) 

мен  аристотель  (б.з.д.  384-322  жж.)  атқарды.  Сондықтан  да  олардың 

шығармашылық  кезеңі  ерте  грек  классикасын  құрайды,  яғни  бүкіл 

адамзат үшін өшпес рухани құндылығы сақталады.

Платонның шын есімі – аристокл. Иықтарының өзгеше кеңдігіне 

бола,  ол  Platos  (грекше  –  кең)  деген  лақап  ат  иеленіп,  тарихта  солай 

сақталып  қалды.  Өз  заманы  тұрғысынан  қарағанда,  ол  керемет  білім 

алған. Жиырма жасында Сократпен кездесіп, оның ыждағатты шәкірті 

болды, рухани төңкерісті басынан өткеріп, бүкіл өмірін философияға 

арнады. 


Платон  шығармашылығының  ерекшелігі  –  ол  өзінің  барлық 

еңбектерін  сұхбат  (әңгімелесу)  түрінде  жазған,  ол  сұхбаттарының 

негізгі  кейіпкері  көп  жағдайда  Сократ  болатын.  Платонның  негізгі 

туындылары:  «мемлекет»,  «заңдар»,  «сократтың  апологиясы»,   



«парменид»  және  басқалары.  Платонның  көзқарастарының  қалып-

тасуына Сократтан басқа: Әлемнің мәңгі қалыптасуы туралы идеяла-

рымен  Гераклит;  мүлтіксіз,  ақылға  қонымды  Болмысымен  Парменид 

және математикалық идеяларымен Пифагор оң ықпал етті.

Философия саласында Платон іске асырған төңкеріс – оның идея-

лар әлемін ашуы болды, өйткені жер бетіндегі: сезіммен ашылатын, 

ағымдық,  тұрақсыз  дүние  оны  қанағаттандырмады.  Бұл  жерде  ба-

сты  мәселе  –  түсініктердің  және  заттардың  өздерінің  сәйкессіздігі 

айқын  көрінді.  Міне,  сондықтан  да  бізге  ұлы  Абай:  «Адам  бол!»  – 

деді.  Былайша  айтқанда,  бәріміз  де  –  адамбыз.  Бірақ  тән  мен  қаннан 

жаралған  адамның  жақсы  қасиеттерімен  қатар,  әрдайым  Адам 

ұғымына  толықтай  сай  келе  бермейтін  біршама  кемшіліктері  де  бар. 

Сол себепті Платон ұғымдардың шығатын қайнар көзі – шынайы бол-

мыста, яғни идеялар әлемінде деп жорамалдады. Демек, екі әлем бар: 

бірі – жер бетіндегі материалдық, өтпелі, залалды, ал екіншісі – мәңгі, 

өзгермейтін, жетілген, мүлтіксіз мақсат-мұратқа сай. Платонның ойы 

бойынша,  идеялар  заттардың  терең  мәнін  құрайды,  парадигмасын 

(грекше paradeigma – үлгі, қалып) қалыптастыра отырып, оларды тиісті 

түрге (формаға) келтіреді.

Идеяларының кеңінен түсінікті болуы үшін, Платон үңгір туралы 



миф  құрастырады.  Үңгірдегі  аяқ-қолдары  байлаулы  адамдарды  көз 

алдымызға елестетіп көрейік. Жоғарыдан қабырғаға жарық түсіп тұр. 

Ал жер үстінде керуен жылжып, адамдар әлдебір заттарды әрі-бері та-

сып, бір-бірлерімен сөйлеседі. Олардың көлеңкесі үңгірдің қабырғасына 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау