ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет12/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142

37

әлеуметтік-саяси  көзқарастар.  Қоғам  ғасырлар  бойы  халық 

даналығын  бойына  сіңіре  қалыптасқан  салт-жораларды  (ли)  сақтай 

отырып, әлеуметтік иерархия (әке – әке болуға, ал ұл – ұл болуға тиіс 

деген)  заңдары,  яғни  төмен  шенділердің  жоғары  шенділерге  бағыну 

тәртібі  бойынша  өмір  сүруге  тиіс.  Ал  қоғамды  басқаруда  Кон-Фу-

Цзы (Конфуций) заңды емес, моральды таңдайды. Әрине, адамды бір 

нәрсені заң бойынша істеуге мәжбүрлеуге болады. Бірақ оның жанын 

жағымсыз кірбің шалады. Бірақ егер адамнан бір нәрсені істеуді өтінсең 

немесе оны шеберлігі, адалдығы үшін мақтасаң, онда ол тапсырылған 

істі әлдеқайда жақсырақ орындайды.

Ойшыл  (Конфуций)  халықтың  өз  билеушілеріне  сенім  артуына 

үлкен мән берген. Ол: «Қарусыздануға, халықты аштыққа душар етуге 

болады  –  ол  бәрін  де  көтереді.  Бірақ  егер  халық  жоғарғыларға  деген 

сенімін жоғалтса, онда дүрбелең басталады», – дегенді айтқан. Біз, өз 

кезегімізде, қазіргі реформалар барысында Қытайдың таңғалдыратын 

табыстарға жетуіне нақ осы сенімнің жоғары деңгейі себеп болғанын 

айтпақпыз.

таным. Кон-Фу-Цзының ойынша, адамдар табиғаты бойынша көбі-

несе бірдей болып келеді. Бірақ өмір тәжірибесі мен тәрбие адамдарды 

әртүрлі етеді. Тек биік даналық пен шектен шыққан ақымақтық қана 

өзгермейді. Биік данышпандық кейбір адамдарға табиғаттан беріледі. 

Бір білімдерді адам оқу арқылы алса, кейбіреулерін өмірлік тәжірибеден 

алады.  Бірақ  ақымақ  адам  тіпті  өзінің  жасаған  қателіктерінен  де 

қорытынды  шығармайды.  Ойшыл  бізге:  «Оқы  да  тоқы!»  –  деген 

қарапайым  өсиет  қалдырған.  Егер  оқуды  ойлаумен  ұштастырмасаң, 

шалағай білім аласың, ал егер ойлауды оқумен ұштастырмасаң, онда 

барлығына күмәнданатын боласың.



Фа-Цзя (заңшылдар) мектебін ертедегі Қытайдың саяси-құқықтық 

философиясы ретінде қарауға болады. Оның негізін салушы Хань-Фей-



Цзы  (280-233  жж.)  өз  философиясында  адамның  өзімшіл  табиғатына 

сүйенеді. Әркім өзгелердің мүдделері туралы ұмытып, өз мүдделеріне 

жетуге  ұмтылады.  Бейберекеттік  орын  алмауы  үшін,  маңызды 

қоғамдық  қатынастарды  қатаң,  айқын,  қысқа  заңдармен  реттеп, 

олардың мазмұнын әрбір адамға жеткізе түсіндіру керек. Заңдарды іс 

жүзіне  асыру  механизмі  адам  жанына  мемлекеттің  репрессиялық  ма-

шинасы  алдындағы  қорқыныш  сезімін  ұялату  арқылы  орындалады. 

Ол  кезде  заңдарды  бұзғаны  үшін көпшілік  алдында  ашық  жазалау 

қолдану қажет.



38

Қоғамды  басқару  өнері  туралы  айтар  болсақ,  онда  ол  билеушінің 



терең  құпиясы  болуға  тиіс.  Жоғарғы  шенеуніктер  оның  ойлары 

мен  жоспарларының  бағытын  білмеуге  тиіс,  «өйткені  жолбарыс-

тар  (айналасындағылар)  билеушінің  қыр  соңынан  қалмай  келеді». 

Билеушінің  күші  –  оның  ештеңе  істемеуінде,  сонда  ғана  ол  өзін 

қоршаған адамдардың ойларын біле алады.

Мыңжылдықтар  бойы  әлемді  билеп-төстеушілер  осы  философия-

лық  мектептен  білім  алған.  Егер  еліміздің  бұдан  аз  уақыт  бұрынғы 

тарихын  алып  қарасақ,  аталған  мектептің  ең  бір  ынталы  оқушысы 

«барлық замандар мен халықтардың көсемі» И.В.Сталин болған.

Бүгінгі күні, үлкен әділеттілікті – «ұлы қуғын-сүргін» жылдарында 

жазықсыз құрбан болған миллиондаған азаматтарды ақтап шығаруды 

іске  асырған  уақытта,  біз  кейде  сол  қаза  тапқандардың  артында 

өмірлерін сақтап қалу үшін, өздерінің орнына басқаларды ұстап берген 

сатқындардың тұрғанын ойдан шығарып аламыз.

Уақыт  өте  келе,  Қытай  қоғамында  моральдық  және  құқықтық 

реттеуді  үйрену  қолға  алынды,  дегенмен  алғашқысы  қашанда  басым 

тұратын.

Жоғарыда  келтірілген  талдаудан  көріп  отырғанымыздай,  қытай-

лардың  философиясы  аясында  Дао  –  аспанның  өзіне  тән  ерекшелігі 

жоқ  заңдары  жетекшілік  рөл  ойнайтын  әлем  бейнесінің  сұлбалары 

ғана қалыптасып қойған жоқ, сонымен қатар саяси-құқықтық ілімдер 

біртіндеп пісіп-жетіле бастады, осы уақытқа дейін бұл ұлы халық со-

ларды  ұстанып,  өмір  сүріп  келе  жатқан  рухани-адамгершілік  салт-

жоралардың негіздері қаланды.

Ал енді Үндістан мен оның халықтарына келсек, олардың негізгі 

әрекеттері,  негізінен,  «Ұлы  елес  –  Маяны»,  яғни  біздің  көз  алдымыз-

да жатқан өтпелі, жетілмеген материалдық әлемді еңсеру қажеттігіне 

байланысты  болды.  XX  ғасырдың  ұлы  үнді  ойшылы  С.Вивекананда 

айтқандай,  «шығыс  данасы  бұл  дүниеден  аттап  өтіп,  әлдебір  мәң-

гілік,  өтпелі  емес,  ажалсыз...  дүниені  көрмек  және  ол  ешқашан  ал-

дына  қойған  бұл  мұрат-мақсатынан  таймайды».  Бұл  ізденістің  нақты 

көрінісін джайнизм және бұдда діні ілімдерінен көруге болады:

а) Джайнизм – («Джина» – «Жеңімпаз» деген сөзден шыққан) ежелгі 

философиялық ілім. Оның негізін  Джина махавира (б.з.д. VI ғасыр) 

қария салған. Оның негізгі ұғымдары: «джива» – тірі, жанды, «аджи-

ва»  –  жансыз,  өлі,  «ашрава»  –  жанның  бүлінуі,  «самвара»  –  жанның 

тазаруы, «нирджара» – карманың бұзылуы және т.б. Джайнизмнің «үш 



жауһары» – ол дұрыс білім, дұрыс мінез-құлық, дұрыс сенім.


39

Ілімнің  қақ  ортасында  тұрған  –  тұлға  болмысының  мәселелері. 

Оның негізгі мазмұны – бұл этика, адамды құмарлықтардан азат ету. 

Джайнизмнің мақсаты осындай азаттық мүмкін болатын өмір салтына 

қол  жеткізу.  Мысалы,  қазіргі  заманғы  джайнистік  беделділердің  бірі, 

Ұлыбританияда,  АҚШ-та  пен  Үндістанда  джайнизм  орталықтарын 

ұйымдастырушы  Шри  Сушна  Кумар:  «Егерде  кімде-кім  озбырлықты 

емес,  сүйіспеншілікті,  жанашырлықты,  бейбітшілікті,  үйлесімділікті, 

бірлікті  шынайы  іске  асырушы  болса,  онда  ол  –  нағыз  джайн.  Джай-

низмге бұру мүмкін емес, бірақ әркім өзінің әдет-дағдыларын, санасын 

өзгерте алады», – деп бекер айтпаған (Фишер Мэри Пат. Живые рели-

гии. – М.: Республика, 1997. – 95-бет). 

Джайнизм бойынша: адамның негізгі мақсаты – басқаларды немесе 

барлық  әлемді  жеңу  емес.  Нағыз  жеңіс  –  ол  өз-өзіңді  жеңу.  Ол  үшін 

төмендегі қағидаларды бұлжытпай орындау керек:

–  сатья – қаншалықты қиын болса да, әрқашан шындықты айту.

–  апариграха  –материалдық  игіліктерге  немқұрайдылық,  яғни 

оған құштар болмау, пайдакүнемдікті ойламау.

–  ахимса  –  ешбір  жаны  бар  тіршілік  иесіне  зиян  келтірмеу 

(зорлық-зомбылық көрсетпеу).

Еске  сала  кетейік:  XX  ғасырда  Махатма  Ганди  нақ  осы  зорлық-

зомбылық  көрсетпеу  қағидасына  (ахимсаға)  сүйене  отырып,  үнді 

халқын бостандыққа жеткізді.

ә) бұдда діні. Бұл – әлемдік дін деңгейіне көтерілген философиялық 

ілім.  Негізін  салушы  –  Гаутама  Сидхартха  (б.з.д.  563-483  жж.).  Елу 

жасқа  жеткенге  дейін  шындық  іздеп,  «Бұдда»  (көзі  ашық,  дана)  ата-

нып, өз мектебін құрған.

бұддашылықтың негізгі қағидалары:

Барлығы да – азап, күйзеліс (азаптанып дүниеге келу және азаппен 

өлу, ата-анадан, достардан, сүйіктіңнен айырылу, орындалмаған тілек-

ниеттердің азабы және т.б.).

Күйзелістердің  себептері  өмірге  құштарлықта,  ләззат  алуда       

жатыр.


Күйзелістерден құтылуға болады.

Олардан құтылудың сегіздік жолы бар:

1.  Дұрыс ойлау. Егер адам: «Ол мені қорлады, ұрып-соқты, жеңді, 

тонады», – деп ойласа, онда оның мазасы кетіп, бойын кек кернейді.

2.  Дұрыс  сөйлеу.  Ауыздан  шығатын  сөз  –  шын  және  айнала-

дағыларға жағымды болуға тиіс, балағат сөздер қоршаған ортаны лас-

тайды.



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау