ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет3/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142

9

Субъект  бар  жерде  объект  де  бар.  Объект  деп  зерттеушінің  наза-

рын аударатын, оның бойында аталған затты немесе құбылысты танып 

білуге  бағытталған  белсенді  іздестіру  қызметін  тудыратын  нәрсені 

түсіну  керек.  Адамзаттың  тарихи  дамуына  қарай  ғасырдан-ғасырға 

ұласып,  қоршаған  әлем  туралы  аса  терең  білімдердің  жинақталуы 

орын  алды,  ал  ол  ғылыми  таным  нысандарын  кеңейте  түсуге 

жеткізді.  Мысалы,  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  жай 

ғана  кішкентай  бөлшектердің  адам  көзіне  көрінбейтін  әлемі  зерт-

теу  нысанына  айналды.  Олай  болса,  ғылым  нысандарының  әрбір 

адамның  күнделікті  өмірінде  кездесетін  сан  мыңдаған  заттар  мен 

құбылыстардан айырмашылығы неде екені туралы заңды сұрақ туа-

ды. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: күн сайын адам жанаса-

тын және пайдаланатын сол мыңдаған заттарды бәрінен бұрын біздің 

сезім  органдарымыз  қабылдайды.  Э.Гуссерльдің  сөзімен  айтқанда, 

бұл  –  біздің  өмірлік  әлеміміз.  Ғылым  нысандарын  біз  тек  сезімдік 

деңгейде қабылдамаймыз, сонымен қатар олардың ішкі мәніне үңілуге, 

олардың  жұмыс  істеу  немесе  өмір  сүру  заңдылықтарын  айқындауға, 

өзара  байланыстарын  және  басқа  заттар  мен  қоршаған  дүниенің 

құбылыстарымен  өзара  әрекеттесуін  анықтауға  ұмтыламыз.  Ол  үшін 

ғалымдар бізді қоршаған нақты шындықтағы «таза күйінде» болмай-

тын түсініктерді ойлап табады және оларды ғылыми танымда пайдала-

нады. «Таза (мүлтіксіз) газ», «шынайы қара дене» деген ұғымдар осы 

тектес түсініктерге жатады.

Ғылым  нысанының  ішкі  мәнін  ашып  көрсету  мақсатында  оған 

тереңдеп  ену  мүмкіндігіне  қарай,  оның  жаңа  жақтары  мен  қырлары 

көріне  бастайды,  ал  ол  мағлұматтың  кеңеюіне,  демек,  зерттеудің 

қиындауына  жеткізеді.  Нәтижесінде,  толық  ауқымда  зерттеу  үшін, 

адамдардың  үлкен  ғылыми  ұжымдары,  қауымдастықтары  қажет. 

ғылым нысанасы деген жаңа түсінік осылай пайда болады.

Нақты бір ғалымның зерттеу нысанасы – ғылым нысанының бір 



бөлшегі  ғана.  Мысалы,  философиялық  антропология  –  адамды  зерт-

теу  нысаны  ретінде  қарастыратын  ғылым.  Ол  салада  адамды  жанды 

табиғаттың күрделі құбылысы ретінде зерттейтін жүздеген ғалымдар 

еңбектенеді.  Бірақ,  егер  Сіз  адамның  биологиялық  табиғатын  немесе 

оның  рухани  өмірін  құрайтындарды  зерттеумен  айналыссаңыз,  бұл 

енді  Сіздің  іздену  нысанаңыз  болмақ,  өйткені  бұл  –  нысанның  бір 



бөлшегі ғана.

Ғылыми қызметті талдау барысында біз мақсатқа жетуге мүмкіндік 

беретін:  «зерттеу  мақсаты»  және  «зерттеу  құралдары»  дейтін 



10

түсініктерді шет қалдыра алмаймыз. Мақсат – ғалымның зерттелетін 

нысанның маңызды жаңа жақтарын ашып көрсетуге бағытталған зерт-

теу  бағдарламасы,  ал  құралдар  –  белгіленген  мақсаттарға  жету  үшін 

пайдаланылатын  бір  немесе  басқа  әдістер,  ғалымдарды  бір-бірімен 

байланыстырып  тұратын  ақпараттық  жүйелер,  барлық  мүмкін  бола-

тын  құрал-жабдықтар  мен  аспаптар,  тұрақжайлар,  баспа  мекемелері 

және  т.б.  Адам  қанша  дарынды  болса  да,  өзінің  алдына  зерттеудің 

қандай да бір үлкен мақсаттарын қойса да, егер зерттеу үшін барлық 

қажетті  құрал-жабдықтар  мен  аспаптармен  жабдықталған  зертхана 

болмаса,  ол  өнімді  жұмыс  жүргізе  алмайды,  демек,  алдына  қойған 

мақсаттарына  жете  алмайды.  Міне,  сондықтан  да  кейінгі  жылдары 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында жоғары оқу 

орындары  мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің  зертханаларын  әртүрлі 

құрал-жабдықтармен жабдықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда 

еліміздің  ірі  қалаларында  талантты  жас  мамандар  тарту  мақсатын 

көздейтін әртүрлі «инкубаторлар», «технопарктер» құрылды.

Адамның  ғылыми  таным  саласындағы  белсенді  іздестіру  қызметі, 

әлбетте, қандай да бір нәтижелерге жеткізеді. Бұл зерттелетін нысан 

туралы  жаңа  және  бұрынғыдан  да  тереңірек  білім  болып  табылады. 

Бұл не үшін қажет? Жауап қарапайым: ол қоғам өміріне инновация-

лар енгізу үшін керек. Бүгінгі таңда кешігіп жеткен жаңартумен алға 

ілгерілеп келе жатқан қазақстандық қоғамның басты мәселесі осы емес 

пе еді?

Кейінгі жылдар тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл – өте күрделі 



үдеріс. Қоғамда болып жатқан инновациялық үдерістердегі ғылымның 

рөлі қандай?

Қолда  бар  әдебиетте  аталған  құбылыстың  көпсатылы  сипа-

ты  көрсетіледі.  Бірінші  кезекте  іргелі  зерттеулердің  орасан  зор 

маңызын  ерекше  атап  көрсеткен  жөн.  Жаңа  заманның  бастамасында-

ақ  Ф.Бэкон  «сәуле  беретін  тәжірибелердің»  (яғни  қпзіргі  заманғы 

терминдердегі  іргелі  зерттеулердің)  маңызды  рөлін  атап  көрсеткен-

ді. Ал олай болмаған жағдайда «жеміс беретін тәжірибелердің» (яғни 

қолданбалы  зерттеулердің)  күні  көп  ұзамай-ақ  бітеді.  Бұл  айтылған 

сөз осы уақытқа дейін де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Осыны негізге 

ала отырып, ерте ме, кеш пе, адамға пайдалы жаңа заттар үлгілерін 

құруға жеткізетін қолданбалы зерттеулерді жүргізуге болады. Соны 

іске  асыру  үдерісінің  соңында  бұл  жаңа  бұйымдар  тәжірибелік-

конструкторлық  ұйымдарда  сериялық  шығаруға  дейін  жеткізіледі. 

Егер  инновациялардың  осы  кезеңдеріне  тереңірек  «үңіліп»  қарайтын 




11

болсақ, онда «таза түріндегі» ғылыми жаңалықтар іргелі зерттеулерде 

ашылады  екен.  Бірақ  бұл  инновациялық  қызметтің  жалпы  көлемінің 

10%-ына  жуығын  ғана  құрайды.  Осындай  жағдай  XIX  ғасырдың 

соңында,  яғни  ғылымның  өнеркәсіппен  тығыз  байланысты  салалары 

пайда болғанда ғана орын алды. Ал қазіргі заманғы ғылым «ғылым – 

техника – технология» тізбегінде жылжып келеді және оның өмірмен 

байланысының  тығыз  болғаны  соншалықты,  біз  ондай  оқиғаларды 

өткен әлемдік тарихтан таба алар емеспіз. Осыдан мынадай қорытынды 

жасауға болады: табиғи қажеттіліктерді, шығармашылық адамдарына 

тән білімге шөліркеушілікті қанағаттандыру мақсатында «таным – та-

ным үшін» ғана болмауы керек, ғылымның негізгі міндеті – өмірге 

инновациялар енгізу.

1.2. Философия және ғылым

Мыңжылдықтар  бойы  философия  «барлық  ғылымдардың  патша-

сы» немесе «ғылымдардың ғылымы» аталып келді. Не себепті? Бұның 

себебі, бәрінен бұрын, оның барлық ғылымдардың «арғы атасы», «ана-

сы»  болып  табылатындығында  жатыр,  өйткені  әрбір  қазіргі  заманғы 

ғылым  философиядан  бастау  алады.  Қазіргі  заманғы  философияның 

негізін қалаушылардың бірі Рене Декарт өзі математик, физик, физио-

лог  бола  отырып,  діңі  –  физика,  ал  бұтақтары  барлық  қолданбалы 

ғылымдар  болып  табылатын  философияны  ағаштың  түп-тамыры 

жүйесімен салыстырады. Ал Ұлы Аристотель «Метафизика» еңбегінде: 

«Оған  (философияға)  қарағанда,  барлық  басқа  ғылымдар  қажеттірек, 

бірақ одан жақсы ешқайсысы жоқ», – деп жария етті.

Алайда  философия  және  оның  ғылыми  білімнің  дамуындағы 

рөлі  төңірегіндегі  пікірталас  енді  мәңгілік  сипат  алды.  XX  ғасырда 

«физиктер»  мен  «лириктер»  деп  аталатын,  яғни  гуманитарийлер 

мен  техникалық  мамандықтар  өкілдері  арасындағы  пікірталастар 

толқынында  оған  ерекше  өткір  сипат  берілді.  Пікірталастың  басты 

нысанасы: «Болашақ мамандарға философия керек пе?» – деген сұрақ 

болды. Ол шақта «физиктер» өте-мөте орыс философы Лев Шестовтың 

қазіргі  заманғы  физиканың  негізін  салушы,  ұлы  неміс  ғалымы  Аль-

берт Эйнштейнмен болған сұхбатына жүгінді.

Лев Шестов: «Егер Сіз Ньютонды кездестірген болсаңыз, одан не сұрар 

едіңіз: Құдай туралы ма, мәңгілік өмір немесе физика жайында ма?».

Альберт Эйнштейн: «Ньютон дейсіз бе? Әлбетте, физика жайында 

сұрар едім. Құдай және мәңгілік туралы бәрі де мәлім».



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау