77
Дәл осы идеялары арқылы сенімдегі философиясын жүргізе,
адамгершілік құндылықтарды уағыздай отырып, А.Августин
адамгершілік және этикалық бағдарларды көрсетіп, замандастарына
және барлық келесі философияларға орасан зор ықпал етті. Адамның
құндылығы оның басқа адамдарға деген махаббатының дәрежесімен
айқындалады. Ойшылдың сөзімен айтқанда, адамды сүй, сол кез-
де қалағаныңның бәрін істе. Өз атымыздан қосарымыз: сүйетін адам
жамандыққа бармайды, ол тек әлемдегі жақсылықтың және әсемдіктің
санын арттырады.
2.3. схоластика кезеңі. номинализм мен реализмнің күресі.
аквинскийдің шығармашылығы
Патристика христиандық діннің негізгі қағидаларын жүйелеуді
жүзеге асыра келе, XI ғасырға қарай келесі кезеңге – ортағасырлық
схоластикаға (scholastic – лат. – мектеп, ілімдік) жол ашты. Пат-
ристиканың мистикалық мәселелері енді дінді зерттеушілерді
қанағаттандырмайтын болды, сол себепті жаңа қағида: «credo ut
intelligam» – «түсіну үшін сенемін» деген ұстаным енгізілді. Құдайға
сену даусыз және басым тұрғанмен, дегенмен енді екінші орынға
білімдер қойылатын болды. Оның негізгі мақсаты – діни аяндардың
түсініктерін ашып көрсету, бір-бірімен қарама-қайшы келмейтіндей
үйлесімдікте ұштастыру. Соған орай XI-XII ғасырларда универсалия-
лар (жалпы ұғымдар) мәселесі пайда болып, кең пікірталастар жүре
бастады, нәтижесінде, екі негізгі ағым: реализм (realis – лат. – шын,
нақты) және номинализм (nominis – лат. – заттың атауы) туды.
Схоластиканың барынша жетіліп, дамуы – университеттерде кең
пікірталастар орын алып, солардың барысында Платон идеялары
жеңіліс тауып, аристотелизм жеңісін тойлайтын XIII-XIV ғасырларға
келіп тіреледі.
XIV ғасырдың соңында сенім мен білімдердің үйлесімсіздігі, бір-
біріне сәйкессіздігі байқала бастайды. Соған байланысты енді «екі
шындық» – сенім шындығы мен білім шындығы туралы ілім кең та-
ралады.
Схоластика атаулы – өз дамуының барлық кезеңдерінде өткен
ғасырлардың рухани мұраларын зерттеп білу негізінде нақты өмірден
қол үзген абстракциялық метафизикалық ой-пікірлер болып шықты.
Сондықтан да кейіннен тәжірибе арқылы жинақталған білімдер пай-
да бола бастаған кезде, схоластика өзінің бұрынғы бедел-абыро-
78
йынан тез-ақ айырылып қалды. Бүгінгі күні схоластика деген тер-
мин мән-мағынасыз жалаң теориялау деп түсінілетін болды. Алайда
универсалияларға оралайық.
Универсалиялар мәселесі схоластикаға «римдіктердің соңғысы
және схоластардың алғашқысы» деген атқа ие болған Северин Боэ-
ций арқылы (480-524 жж. шамасы) енді. Грек философы-неоплатонигі,
Плотиннің шәкірті Порфирийді түсіндіре отырып, ол үш қиындыққа
тап болды:
1. Универсалиялар, яғни туу және түрлер: жан-жануарлар, адамдар
өмір сүре ме әлде өмір сүрмей ме?
2. Олар қаншалықты дәрежеде тәннен тұрады?
3. Егер олар тәннен тұратын болса, онда сезімдікпен біртұтас па?
Бұл сұрақтарды Порфирий қойғанмен, олардың жауабын Боэций берді.
Аталған сұрақтың шешімінде үш ағым пайда болды.
номиналистер жалпы ұғымдардың нақты болмысын мойындама-
ды. Нақты өмірде тек жекелеген заттар болады, ал жалпы ұғымдар
(универсалиялар) – заттардаң атауы, біздің аузымыздан шығатын ды-
быстар ғана. Ерте схоластика номинализмінің ірі өкілі, француз фило-
софы және теологы Иоанн Росцеллин (1050-1120 жж. шамасы) болды.
Ансельм Кентерберийскийдің және басқа схоластардың оған қарсы
шығуы номинализм мен реализм төңірегіндегі айтыс-тартыстың ұзақ
жылдарға созылуына себеп болды.
Реалистер жалпы ұғымдардың заттарға дейінгі нақты өмір сүруін
және олардың адам санасына тәуелсіз екенін мойындаған-ды. XI
ғасырда «шектен шыққан» деп аталатын реализм дами бастады. Ол
И.Росцеллиннің номинализміне ғана қарсылас ретінде пайда болған
жоқ, бәрінен бұрын ол «алғашқы субстанция» сияқты универсалия-
лар заттарда олардың мәні ретінде болады деп сендіретін, Шамподан
шыққан шәкірті Гильомның (1070-1121) қағидасына да қарсы шықты.
Философ және математик Аделард Батский (1080-1150) өз ілімін но-
минализммен күрес және реализм идеялары аясында дамытты. Бірақ
шіркеу үшін ең орнықты және қабылдауға тұрарлық деп, Альберт
Великийдің және оның шәкірті Фома Аквинскийдің реализмін айтуға
болады.
концептуализм (concept – лат. – ұғым) жалпы ұғымдар нақты
өмір сүре алмағанмен, олар тек атаулар ғана емес, заттардың жал-
пы нақты қасиеттерін білдіреді деп санай отырып, жоғарыда аталған
бағыттардың біржақтылығын жоюға әрекет етеді. Концептуализмнің
79
теориялық негіздемесі француз философы, теолог және ақын Пьер
Абелярдың (1079-1142) «Диалектикасында» көрініс тапқан.
Алайда схоластиканың жарқын өкілдерінің бірі, католик шіркеуі
1323 ж. әулиелер санатына қосқан және «періште дәрігер» атанған
Фома аквинский (1225-1274) болып табылады. Ол Ортағасыр
танымының жалпылама қағидасын әзірледі. Ойшылдың негізгі ең-
бегі – «теология жинағы».
Ф.Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеумен аты шықты. Ол
дәлелдеулер – бесеу:
Қозғалыс арқылы. Сірә, ешкім де әлемде қозғалыс болып жататы-
нына күмәнданбаса керек. Мысалы, оттың жануы – ағаштың әлеуетті
жылуының нақты жылуға айналуы. Бірақ бірде-бір зат бір мезгілдегі
қатынаста әлеуетті, әрі нақты бола алмайды. Олай болса, ештеңе
де бір мезгілде қозғалтқыш және қозғалушы бола алмайды. Демек,
қажеттілік туған кез келген қозғалыс қозғалтқышты қажет етеді,
ол, өз кезегінде, екіншісін қажет етеді, сөйтіп, шексіз созыла береді.
Бірақ біз енді өзіміз тоқтауға және өздігінен қозғала алмайтын, бірақ
басқаларының барлығын қозғалта алатын күшті мойындауға тиіспіз.
Ол – Құдай.
себеп арқылы. Әлемде себепсіз құбылыстар жоқ. Себеп келесі
өзгерістерге себеп болатын салдарды туғызады, өйткені ешкім де өзін-
өзі тудырған затты көрген емес. Солай десек, зат бұл дүниеде өзінің
алдында пайда болар еді. Ол ақылға сыймайды. Демек, бұл әлемнің
басты себебін – Құдайды мойындау керек.
мүмкіндік және қажеттілік арқылы. Бұл әлемде осы дүниеге
келген, бірақ келмеуі де мүмкін болған заттар бар. Олар бүгін – бар,
ал ертең – жоқ. Олардың болмысы мәңгілік емес. Демек, әлемдегі
заттардың барлығы күндердің күнінде жоқ болуы мүмкін. Бірақ олай
болып жатқан жоқ, бұл бар болуы мүмкін нәрсенің артында қажетті
нәрсе бар екенін көрсетеді. Ал ол – Құдай.
игіліктің сатылығы арқылы. Дүниеде бар заттардың барлығының
да кемелдікке жету дәрежелері әртүрлі: біреулер әдемірек, екіншілері
оншалықты әдемі емес. Заттарды тек салыстыра қарау арқылы біз
оларды бағалаймыз. Ал бұл Игіліктің, Әсемдіктің, Жақсылықтың,
Шындықтың жоғарғы үлгісін қажет етеді. Ол – Құдай.
мақсатқа сай болушылық арқылы. Ақыл иеленуші адам ғана
мақсат көздеген іс-әрекеттерге ұмтылмайды. Дүниедегі әрбір заттың
болмысының пайдаланылатын өз орны бар. Бұл жағдай садақтан
атылған жебені еске түсіреді. Бірақ садақтан жебе атқан садақшыны
Достарыңызбен бөлісу: |