8 Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары
Реферат және баяндамалар тақырыптары
Реферат (лат. – Баяндау, хабарлау) – 1) әдебиеттер мен басқа да деректермен
қарастырылған, белгілі бір тақырыпқа жазылған баяндама;
2) ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұны;
Рефератты жазудағы негізгі мақсат студенттердің әдебиеттермен және деректермен өз
бетінше жұмыс жасауына дағдыландыру, талдау жасауға үйрету, әр түрлі тарихи
процестерге өзінің пікірін білдіре білуге үйрету.
Баяндама – көлемі жағынан рефератқа қарағанда шағындау, анықталған тақырыпқа
жазылған хабарлама. Баяндаманы жазуда бір немесе екі дерек көзін пайдалануға болады.
Рефератты жазудағы мақсаттар қойылады.
Рефератты жазуға әдістемелік нұсқау
Тақырыпты таңдау берілген тақырыптар бойынша студенттің өз қалауымен жүзеге
асырылады. Тақырыптар философия кафедрасы арқылы қаралып, бекітіледі. Зерттеушінің
бір ережесі тақырыпты ала отырып, оны шығармашылықпен, тың пікірлермен ашу,
оқылып отырған мәселеге байланысты өз көзқарасын білдіру.
Әдебиеттер алуды студент өз бетінше жүзеге асырады. Каталогпен жұмыс жасау
қабілеті артады. Реферат жазу барысында келесі дерек көздерін пайдалану абзал: тарихи
құжаттар, отандық және шетелдік тарих ғылымының классиктерінің жұмыстары, баспасөз
беттеріндегі материалдар және т.б. Сөздіктер, анықтамалықтар және энциклопедиялар
қолданылады. Бұл жұмыстың соңғы кезеңінде қолданылған әдебиеттер тізімін алфавит
бойынша жазу, талап етілген көркемдеумен аяқталады. Реферат жазуда кемінде бес
әдебиет пайдаланылады.
Содан кейін рефераттың болжаулы жоспары талқыланады. Жоспарға міндетті
түрде келесі бөлімдер енуі керек.
Кіріспеде рефераттың өзектілігі талқыланады. Автордың тақырыпты таңдап
алудағы себебі, қарастырылатын мәселеге жалпы қысқаша шолу, ғылымдағы орнына
анықтама беріліп, мақсаты мен міндеті қойылады.
Негізгі бөлімде екі-үш сұрақ қаралады, мәселені осы сұрақтар арқылы ашу керек.
Сондай-ақ, қолданған дерек көздеріне талдау жасайды, тақырыптың ғылымдағы сипатына
өз пікірін білдіру, сонымен бірге автор әрбір бөлінген бөлімге өз қорытындысын
жасайды.Шығармашылық жұмыс үшінші жақтың негізінде баяндалады.
Қорытынды
автордың
тәжірибелік
нұсқаулары
мен
өзіндік
көзқарас
қорытындысымен аяқталады.
Рефератты көркемдеудің талаптары:
Көлемі-компьютерде терілгенде 15 бет, ал қолмен жазылса 20 бет, А4
бетте жазылуы керек. Беттер нөмірленуі қажет.
Рефераттың құрылымы:
Сыртқы беттен
Мазмұннан
Кіріспеден
Жұмыстың негізгі мәтінінен
Қорытындыдан
Библиографиялық тізімнен
Қосымшалардан (егер бар болса)
Рефераттың негізгі мәтіні параграфтарға бөлінеді, олар араб сандарымен
нөмірленіп, өз атауы болуы керек. Мәтіндегі сілтеме келесі үлгіде болуы
қажет: [3, 12 б.].
Баяндаманы жазуға нұсқаулар
Баяндама жазу барысы да рефератты жазудағы кейбір мәселелерге жақын
болып келеді. Жекелеген көркемдеулер міндетті емес, бірақ баяндама
құрылымы келесі компоненттерге ие болуы қажет: кіріспе, негізгі мәтін,
қорытынды, библиографиялық тізім. 2-3 дерек көзі қолданылса, жетерлік.
Баяндама жазу компьютермен терілсе-5 беттік, ал қолмен-7-8 бет
көлемінде болады. Дерек көзі: рефератта жазғандай...Әдістемелік
нұсқаулар//Жас
ерекшелік
психологиясы
бойынша
практикум.-
СПб.,2005.231-234 бб.
Баяндама және реферат тақырыптары
17. Ғылым түсінігі
18. Ғылым дамуындағы қарама- қайшылықтар.
19. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесі.
20. Ғылым эволюциялық механизм ретінде.
21. Ғылым дамуының болашағы.
22. Жаратылыстанудың этикалық мәселері.
23. Жаратылыстанудың экологиялық маңызы.
24. Табиғат сияқты ғылымның да біртұтастығын қалай түсінесіз?
25. Жаратылыстанудың болашағы.
26. Жаратылыстанудың адамзат мәдениеті үшін маңызы.
27. Кибернетиканың негізгі жетістіктері мен мәселелері.
28. Аристотельдің ғылыми – философиялық жүйесі.
29. Араб елдерінің ғұламалары мен олардың жаратылыстануға
қосқан үлесі.
30. Архимедтің заңдары.
31. Микроәлем: қазіргі заманғы физиканың концепциялары.
32. Электромагниттік концепцияның дамуы.
33. Кеңістік пен уақыт - әлемнің қазіргі кездегі ғылыми бейнесінде.
34. Галлилейдің тағдыры мен қазіргі заманғы ғылымның негізі.
35. Ньютонның классикалық механикасы.
36. Архимедтің заңдары.
37. Квантты механиканың негізгі концепциялары.
38. .Қазіргі
заманғы
жаратылыстану
тұжырымдамасы
жаратылыстану және гуманитарлық білімдердің негізі ретінде.
39. Антикалық кезеңдегі жаратылыстану
40. Ортағасыр жаратылыстануы
41. Жаңа дәуір жаратылыстануы
42. Жаратылыстанудың XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезіндегі даму
кезеңдері
43. Физика тұжырымдамалары
44. Физика ғылымындағы ұлы ашылулар мен заңдар.
45. Астрономия тұжырымдамалары
46. Астрономияның негізгі объектелері мен оларды зерттеу әдістері.
47. Химия тұжырымдамалары
48. Химияның ғылым ретінде даму кезеңдері
49. Биология тұжырымдамалары
50. Жратылыстанудағы адам мәселесі.
51. Синергетика тұжырымдамалары
52. :Ғылым түсініктер жүйесі ретінде
11Білім алушының оқу жетістіктерінің бағалау мен бақылау бойынша
материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырмалар,
шептік бақылауға арналған сұрақтар, емтихан сұрақтары)
Емтихан сұрақтары
1. Қазіргі заманғы жаратылыстану тұжырымдамасы жаратылыстану
және гуманитарлық білімдердің негізі ретінде.
2. Антикалық кезеңдегі жаратылыстану
3. Ортағасыр жаратылыстануы
4. Жаңа дәуір жаратылыстануы
5. Жаратылыстанудың XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезіндегі даму
кезеңдері
6. Физика тұжырымдамалары
7. Физика ғылымындағы ұлы ашылулар мен заңдар.
8. Астрономия тұжырымдамалары
9. Астрономияның негізгі объектелері мен оларды зерттеу әдістері.
10. Химия тұжырымдамалары
11. Химияның ғылым ретінде даму кезеңдері
12. Биология тұжырымдамалары
13. Жратылыстанудағы адам мәселесі.
14. Синергетика тұжырымдамалары
15. Ғылым - түсініктер жүйесі ретінде
16. Қазіргі заманғы жаратылыстанудың жалпы заңдылықтары
17. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық бейнесі
18. Ертедегі грек ғылымының даму кезеңдері
19. Атомизм концепциясы
20. Аристотелдің жаратылыстық ғылыми төңкерісАристотелдің
жаратылыстық ғылыми төңкеріс.
21. Евклид геометриясы
22. Эллинизм дәуіріндегі ғылымның дамуы
23. Натурфилософия
Достарыңызбен бөлісу: |