Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-
есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық
заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз.
Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші,
психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда,
арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты
түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін
(дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда,
объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін
туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші
жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар,
музыка, т.б.
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және
қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді,
бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен
мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын
ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке
адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік
факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
Дәріс 7
Тақырыбы: Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардағы коммуникация
Мақсаты: Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардың сипаттау
Жоспар
1 «Коммуникация» түсінігі
2 Қоғам және мәдениет туралы ғылымдардағы коммуникация табиғаты
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат
заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған,
адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар,
ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып
табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің,
жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады.
«Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған
өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі
заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.
Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның
үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам,
ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі.
Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз
өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының
айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір
ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-
есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық
заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз.
Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші,
психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда,
арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Рухани болмыс сана мен санасыздық прроцестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты
түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін
(дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда,
объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін
туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші
жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар,
музыка, т.б.
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және
қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді,
бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен
мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын
ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке
адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік
факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
Дәріс 8
Тақырыбы:Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағысаналық және ақиқаттық мәселесі
Мақсаты : Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағысаналық және ақиқаттық
мәселесінің ерекшелігі
Жоспар
1 Рационализм және ақиқат ерекшеліктері
2 Әлеуметтік және гуманитарлық танымдағы саналық және ақиқаттық мәселесі
Идеология адамдардың әлеуметтік қызметін мотивациялау механизмінде аса маңызды рөл
атқарады. Идеологияда қоғамдық психологияда сияқты әр түрлі әлеуметтік топтардың, ең
алдымен таптар мен ұлттық қауымдастықтардың объективтік қажеттіліктері мен
мүдделері көрініс табады. Бірақ идеологияда мұндай қажеттіліктер мен мүдделер ең
жоғарғы, яғни теориялық деңгейде ойластырады. Идеологияның өзі қоғамның әлеуметтік-
саяси құрылысын, оның әлеуметтік құрылымын, әр түрлі әлеуметтік күштердің
қажеттіліктері мен мүдделерін теориялық тұрғыдан бейнелейтін көзқарастар мен
тұжырымдамалардың жүйесі болып табылады. Онда белгілі бір таптардың саяси
партиялар мен қозғалыстардың қоғамның сол кездегі саяси жүйесіне, мемлекеттік
құрылысына, жеке саяси институттарына қатынасы анық байқалып, айқындалуы
мүмкін. Идеологияның теориялық концепция екендігін дәлелдейтін факт оның қоғамның
даму процесін ғылыми негізде сипаттауында саяси, құқықтық және т.б. құбылыстардың
мәнің олардың даму заңдылықтарын ашуында болып табылады. Бірақ былай әр қашанда
бола бермейді. Әлеуметтік субъектілердің идеологиясы толық ғылыми мазмұнға ие
болады, егер де олардың мүддесі қоғамның негізгі даму үрдісі мен қоғамдық прогрестін
мүдделеріне сай келетін болса. Бұл сәтте олардың мүддесі көпшіліктің мүддесімен
үйлеседі. Сондықтан олардың өз мүдделерін жасыруға ешбір қажеттілігі жоқ, керісінше
қоғамның даму заңдылықтарын, оның субъективтік және объективтік шарттарының өзара
байланысын түсінуге қажеттілік туындайды. Сонда идеологияның қозғаушы күші ретінде