Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


- сурет. Windows жұмысы  аяқталуының диалогы



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет7/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

 

 

2.4-



сурет. Windows жұмысы  аяқталуының диалогы  

 

 

дискке  жазылады  және  компьютер  сөнеді.    Компьютерді  кейіннен  қосу 



кезінде жады жағдайы дисктен қалпына келтіріледі және сіз жұмысты ұйқылық 

күйге  өту  командасын  таңдаған  жерден  бастап  жұмысты  жалғастыра  аласыз. 

Жүйені  бастаудың  осындай  тәсілінде  іске  қосу  қалыпты  тәсілге  қарағанда 

барынша тезірек жүзеге асады. Сонымен бірге, жұмысты қайта жаңғырту кезінде 

компьютерді сөндіргенге дейін сіз жұмыс істеген барлық бағдарламалар жұмыс 

істеген күйінде қалады. Алайда, жабдық және бағдарламалардың барлығы дерлік 

ұйқылық  күйден  шыққаннан  кейін  дұрыс  қалпына  келмейді.  Егер  кейбір 

құрылғылар жұмыс істеуін тоқтатса, олардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру 

үшін жүйенің қайта іске қосуын қамтамасыз ету қажет. 

 

 

 



Windows 

сілтеуішімен танысу 

Сілтеуіш  сіздің  компьютеріңіздегі  файлдармен  жұмыс  істеу  үшін  қолайлы 

бағдарлама  болып  табылады.  Бұл  бағдарламамен  жұмыс  істеу  кезінде  компьтердің  іші 

иерархиялық  ағаш  ретінде  көрсетіледі.  Осы  орайда  сіз  әр  диск  және  буманың  құрамын 

сіздің компьютеріңізде де, онымен компьютерлік желімен байланысқан компьютерлерде 

де көре аласыз. Сілтеуіш бір мезетте компьютерде орналасқан бумалардың иерархиясын 

да, сіз таңдаған буманың ішіндегісін де көрсетеді. Бұл, әсіресе, мәліметтерді көшіру және 

орнын  ауыстыру  кезінде  қолайлы,  бұған  сіз  бағдарламамен  танысқаннан  кейін  көз 

жеткізе аласыз.  

Сілтеуішті  іске  қосу  үшін  бас  мәзірдің  Барлық  бағдарламалар^ 

Стандартты^Сілтеуіш  (More Programs ^  Accessories^Windows  Explorer)  командасын 

таңдау  қажет.  Жұмыс  үстелінде  бағдарламаны  іске  қосқаннан  кейін  бағдарламаның 

теңшеуіне байланысты сыртқы келбеті әртүрлі болуы мүмкін, оның терезесі (2.5-суретте) 

пайда болады. Негізінде бұл айырмашылықтар таңдалған бумалардың ішіндегісін қарау 

аймағының сыртқы түріне байланысты.  

Барлық  басқа  Windows-қосымшалардағыдай  сияқты  бағдарлама  терезесінің 

жоғарғы жағында тақырып аты орналасқан. Тақырып атында атау ретінде қазіргі уақытта 

онымен сілтеуіш жұмыс істеп жатқан ағымдағы буманың атауы қолданылады. Төменде  

компьютер файлдары мен бумаларымен әртүрлі әрекеттер жасауға мүмкін болатын мәзір 

және  құралдар  тақтасы  орналасқан.  Құралдар  тақтасындағы  кейбір  батырмалар  осы 

батырмалардың  міндетін  айқындайтын  жазбалармен  сүйемелденеді.  Адрес 

18 



тарау 

Windows XP-

мен жұмыстың негіздері сипаттамалары 



 

 

2.5-



сурет. Windows 2.3 сілтеуішінің жұмыс терезесі  

(Address) 

өрісі  файлға  немесе  бумаға  тез  кіру  үшін  оларға  толық  бағытты 

енгізуге мүмкіндік береді.  

Сілтеуіш жұмыс үстелінің орталық бөлігі екі аймаққа бөлінген. Сол жақта 

сіздің  компьютеріңіздің  барлық  дисктері  мен  бумаларының  тізімі  орналасқан. 

Оның  көмегімен  буманың  ішіндегісін  қарау  үшін  кез  келген  буманы  оңай 

таңдауға  болады.  Таңдалған  буманың  іші  бағдарлама  терезесінің  оң  жағында 

көрсетіледі.  

Мәзір  жолында  файлдармен  әртүрлі  операцияларды  жасау,  маңызды 

бумаларға  өту  және  таңдалған  файл  туралы  ақпаратты  қарауға  көмектесетін 

командалар  орналасқан.  Осы  аймақтардың  арасындағы  пропорцияны  өзгерту 

үшін  тышқанның  нұсқарын  оларды  бөліп  тұрған  шекараға  апару  қажет. 

Тышқанның  нұсқары  өз  формасын  өзгертеді.  Егер  сіз  тышқанның  сол  жақ 

батырмасын басып, оны жібермей, шекараны оң және сол жаққа ауыстырсаңыз, 

онда сіз аймақтардың жаңа өлшемдерін орната аласыз.  

Сілтеуішті  өзге  де  тәсілмен  шақыруға  болады,  мысалы,  Windows  жұмыс 

үстелінде  Менің  құжаттарым  (My  Documents)  немесе  Менің  компьютерім  (My 

Com

puter)  белгішесі  бойынша  тышқанды  шерту  арқылы.  Сонымен  бірге,  сіз 



Windows бас мәзірінде ұқсас командаларды таңдай аласыз. Қай жағдайда да, егер 

сіз компьютеріңіздегі кез келген

  

  

 



19 

2.3 

Windows сілтеуішімен танысу 


 

буманы  қарағыңыз  келсе,  сілтеуіш  іске  қосылады  және  аталған  бума 

ағымдағы болып қалады. 

Іске  қосудың  осындай  тәсілімен  дисктер  және  бумалар  ағашы 

көрсетілмейді  және  терезінің  орта  жағы  тек  екі  бөлікке  бөлінеді. 

Сілтеуішпен  жұмыс  кезінде  сіз  кез  келген  уақытта  бумалар  тізімін 

бейнелей  немесе  алып  тастай  алатыңызды  айта  кеткен  жөн.  Ол  үшін 

мәселелер  тақтасында  Бумалар  (Holders)  батырмасын  басу  керек.  Әр 

басқан сайын батырма басу немесе сығу жағдайында бекітіледі. Батырма 

басылған  кезде  тізімі  бағдарлама  терезесінің сол  жағында  көрінеді.  Егер 

де батырма сығылса, онда тізім көрсетілмейді.  

Сонымен  қатар,  сіз  таңдалған  бума  ішіндегісінің  сол  жағында 

орналасқан тапсырмалар тізімін аша және жинай аласыз. Сіз жасай алатын 

барлық әрекеттер үш тізімге бөлінген. Жоғарғы жақта ағымдағы бумамен 

немесе  таңдалған  файлмен  жұмыс  бойынша  әрекеттер  тізімі  орналасқан. 

Төменде  сіздің  компьютеріңіздегі  маңызды  бумаларға  сілтемелер 

орналасқан.  Бұл  сілтемелер  қажетті  бумаға  тез  өтуге  мүмкіндік  береді. 

Одан  төмен  орналасқан  соңғы  тізім  таңдалған  бума  немесе  файл  туралы 

ақпаратты  құрайды.  Әр  тізім  оның  оң  жағында  дөңгелек  батырма 

орналасқан  өзінің  тақырыптық  атауын  иеленеді.  Егер  батырма  «тізім 

жималанған» түрінде болса, онда мәселелер тақтасында тақырыптық атау 

көрінеді.  Батырманы  басыңыз,  тізім  ашылады  және  батырма  өзгереді. 

Батырманы  тағы  да  баса  отырып,  сіз  тізімді  жималайсыз.  Басқаларын 

ашық түрінде қалдыра отырып, кейбір тізімдерді жималауға болады.  

Терезенің  оң  жағында  көрсетілген  ағымдағы  бума  файлдарының 

тізімі  де  әртүрлі  бейнеленуі  мүмкін.  Файлдарды  кіші  немесе  үлкен 

белгішелер түрінде бейнелеуге болады, одан бөлек жанында файл туралы 

қосымша ақпарат шығады. Егер ағымдағы бумаға кіріктірілген бумаларда 

графикалық файлдар орналасса, онда осы бумалардың белгішелерінде сіз 

осындай  файлдардың  кейбір  бейнелерінің  эскиздерін  көре  аласыз. 

Кестелік  қарау  нұсқасы  файл  атауынан  басқа  оның  көлемін,  соңғы 

сақтаудың  уақыты  және  типін  шығарады.  Тышқанмен  кез  келген  кесте 

бағанасын  шертсеңіз,  сіз  осы  параметрдің  өсуі  бойынша  файлдар  тізімін 

сұрыптайсыз. Қайталанған шерту файлдарды кему бойынша сұрыптайды. 

Осы  тәселдердің  көмегімен,  мысалы,  осы  бумадағы  ең  үлкен  немесе  ең 

жаңа файлды оңай табуға болады. Файлдар эскиздерін қарау аса қолайлы. 

Көп жағдайларда бұндай тәртіп бейнелермен жұмыс кезінде қолданылады



20 





тарау 

Windows XP-

мен жұмыстың негіздері сипаттамалары 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау