System Properties
1.2-
сурет. Windows XP операциялық жүйесі
Windows XP Home Edition —
үйде қолдануға арналған жүйе. Қымбат емес
«қысқартылған» Professional Editon нұсқасы ретінде шығарылады, алайда сол ядрода
негізделеді және кейбір амалдардың көмегімен толыққанды дерлік Professional Edition
нұсқасына дейін жаңартуды өткізуге мүмкіндік береді.
Windows XP Tablet PC Edition Professional Edition-
да негізделеді және ноутбуктар
мен лэптоптарда стилуспен деректерді енгізу үшін оңтайландырылған арнайы
қосымшаларды иеленеді. Маңызды қасиеті ретінде қолдан жазылған мәтіндерді өте
жақсы түсіну және дисплейді аударумен графикалық интерфейстің бейімледелуі болып
табылады. Бұл нұсқа сәйкес компьтермен ғана бірге сатылады.
Windows XP Media Center Edition Professional Edition-
да негізделеді және арнайы
мультимедиялық қосымшаларды иеленеді. Әдетте компьютер ТВ-карта және қашықтан
басқару пультімен (ҚБП) жабдықталған. Маңызды қасиеті ретінде теледидарға қосылуы
және Windows жеңілдетілген басқару жүйесінің көмегімен ҚБП арқылы компьтермен
басқаруы болып табылады. Сонымен бірге, бұл жүйе УҚТ-радионы қабылдауға арналған
функцияларды иеленеді.
Windows XP Embedded
Professional Edition-
да негізделеді және әртүрлі құрылғылардың
кіріктірілген жүйелері ретінде жұмыс істеуге арналған:
7
MS Windows XP операциялық жүйесі
1.2
банкоматтар, медициналық аспаптар, кассалық терминал, ойын автоматтары
және т.б.
Windows XP Professional x64 Edition – AMD
фирмасынан AMD64 Opteron
және Athlon 64 технологиясының процессорлары әрі Intel фирмасынан EM64T
технологиясының процессорлары үшін дайындалған арнайы 64-разрядты нұсқа.
Бұл жүйе өзге өндірушілердің процессорларын сүйемелдемейді, сонымен қатар
Intel Itanium процессорымен жұмыс істемейді. Алайда, алғашқы 64-разрядты
процессорлар 2003 жылы пайда болды, Windows XP Professional x64 Edition тек
2005 жылы сәуір айында жарыққа шықты. Жүйенің негізгі артықшылығы үлкен
сандармен (Long Integer және Double Float) тез жұмыс істеуі болып табылады.
Осылайша, бұл жүйе өте тиімді, мысалы, құбылмалы үтірмен қолданылатын
сандарды есептеу жүргізген кезде – кинофильмдер мен үш өлшемді
анимацияларға арнайы эффектілерді жасау, сонымен бірге техникалық және
ғылыми қосымшаларды дайындау. Аталған жүйе аралас тәртіпті, яғни 32 және
64-
разрядты қосымшалардың бір мезгілді жұмысын қолдайды, алайда ол үшін
барлық драйверлер 64-разрядты орындауда болулары тиіс. Бұл 32разрядты
қосымшалардың көбісі осы жүйеде де жұмыс істей алатындығын білдіреді.
Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуіне аса тәуелді қосымшалардан,
мысалы антивирустар мен дефрагментаторлардан басқасы.
Windows XP Home Edition
және Windows XP Professional Edition —
Windows Media Player
және өзге мультимедиялық қосымшаларсыз жүйе. Өзінің
қалауы бойынша пайдаланашу жетпейтін қосымшаларды Microsoft Web-
сайтынан тегін жүктей алады.
Windows XP Starter Edition —
бірқатар жағдайларда дамушы елдер мен
қаржылай төмен аймақтар үшін фунционалды шектеулі нұсқа. Бұл нұсқада тек 3
қосымшамен ғана бір мезгілде жұмыс істеуге болады және әр қосымша тек 3-тен
артық емес терезені жасай алады. Жүйеде толығымен желілік функциялар жоқ,
жоғары айыру қабілеті сүйемелденбейді, сонымен бірге, 256 мегабайттан асатын
жедел жады немесе көлемі 40 гигабайттан асатын қатқыл дискті қолдануға
болмайды.
Windows 2000-
мен салыстырғанда Windows XP-дағы барынша көзге
түсетін кейбір жақсарулар:
■
барынша жұмыр пішіндер мен бірқалыпты түстері бар графикалық
интерфестің жаңа безендірілуі, сонымен қатар қосымша функционалды
жақсарулар (Windows сілтеуіште буманы слайд-шоу түрінде көрсету
мүмкіндігі сияқты);
■
бір пайдаланушының жұмысын уақытша тоқтата тұрып, онымен іске
қосылған қосымша қосулы бола тұра өзге атаумен жүйеге кіруге жағдай
туғызатын пайдаланушылардың тез ауысу мүмкіндігі;
■
тәжірибелі пайдаланушы мен техникалық қызметкерлерге мәселелерді
шешу үшін желі арқылы Windows XP жүйесімен компьютерлерге қосылуға
мүмкіндік беретін «қашықтағы көмекші» функциясы. Осы орайда көмекші
пайдаланушы экранның ішіндегісін көре алады, әңгіме жүргізу және
(негізгі пайдаланушының рұқсатымен) басқаруды қолға алу;
8
1
тарау
Заманауи операциялық жүйелердің сипаттамалары
■
жүйені алғашқы жағдайына қайтару үшін жүйені қалпына келтіру бағдарламасы
(бұл функция Windows ME енгізілген ұқсас бағдарламаның дамуы болып
табылады);
■
ескі бағдарламар және ойындармен жақсартылған үйлесімділік. Үйлесімділіктің
арнайы шебері ОЖ алдыңғы нұсқаларының біреуін (Windows 95-тен бастап) жеке
бағдарлама үшін іс-әрекетті еліктеуге мүмкіндік береді;
■
терминалдардың миниатюралы серверді (тек Professional баспасында) жүйеге қосу
көмегімен жұмыс станциясына қашықтықта кіру мүмкіндігі;
■
командалық жолдан жүйені басқарудың барынша дамыған функциялары;
■
Windows
сілтеуішпен цифрлық фотоформаттарды (мысалы, буманы слайд-шоу
түрінде көрсету) және аудиофайлдарды (аудиофайлдар үшін метадеректерді
автоматты бейнелеу, мысалы MP3-файлдар үшін ID3 тегтерді) сүйемелдеу.
Unix
және Linux операциялық жүйелері
Unix
операциялық жүйесі. UNIX ОЖ-сі оның көптеген компаниялармен
сүйемелдеуі және таратылуы салдарынан әлемдегі операциялық жүйелердің ең
танымалдарының бірі болып табылады. Ол 1969 ж. AT&T концерннің Bell
Laboratories фирмасының қызметкері Кен Томпсонмен миникопьютерлер мен
мэйнфреймдерге арналған көптапсырмалы жүйе ретінде әзірленді. UNIX ОЖ-сі
операциялық жүйелер саласында жаңа зерттемелердің тобын иеленді. Түптеп
келгенде, ол зерттеушілерге арналған операциялық жүйе ретінде дайындалды.
UNIX әзірлеу барысында әртүрлі зерттеулермен айналысатын қызметкерлердің
үздіксіз өзгермелі талаптарын қанағаттандыра алатын жүйені жасау міндеті
қойылды.
1970 ж. Деннис Ритчи Кен Томпсонмен бірге жүйенің кодын ассемблер
машина-тәуелді тілден (сол кезде барлық операциялық жүйелер жазылған) Си
жоғарғы деңгей тіліне қайта жазды. Бұл оларға кейіннен әртүрлі машиналарда
Си-компилятормен компиляциялауға болатын UNIX операциялық жүйесінің тек
бір нұсқасын жазуға мүмкіндік берді. UNIX операциялық жүйесі, негізінен,
мобилді, яғни әртүрлі машиналарда қайта бағдарламалаусыз жұмыс істей алатын
болды. Сонымен қатар, ол ядро және пайдаланушы арасындағы әрекеттестік
интерфейстердің немесе түсінік берушілердің бірнеше түрлерін иеленуге
мүмкіндік берді.
Кейіннен, UNIX ОЖ-сі білім беру мақсаттары үшін университеттерге берілді,
бірнеше жылдардан кейін коммерциялық қолдануды тапты. Сол кезден бастап ол
барынша таралған операциялық жүйелердің біріне айналды. Қазіргі кезде ДК-ден
бастап Cray Y-MP сияқты суперкомпьютерлерге дейін көптеген жүйелерге UNIX
нұсқалар бар.
9
Unix және Linux операциялық жүйелері
1.3