17
студенттік медиа-орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар,
кітапханаларды дәріптеу. Психометриялық және социометриялық тесттер мен
әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б.
арқылы жүзеге асырылады.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі
сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы
жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және
болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін
дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
-
толеранттылық және ғаламдық пікір;
-
көпмәдениеттілік және көптілділікті;
-
мәдениетаралық әрекет;
-
мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу;
-
қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық
нормаларын;
-
қарым-қатынас мәдениетін;
-
эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;
-
шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға
қызығушылық, ұмтылыс таныту.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен
айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда әралуан
мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер,
әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне,
галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар
жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен
және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени
орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші
Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау
дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін
ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
-
денсаулық жағдайының скринингіне;
-
әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
-
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
-
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
-
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-
құлыққа;
18
-
өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық;
-
қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
-
денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру,
спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында
репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ
алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту
курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдері, спартакиадалар,
қауіпсіздік бағдарлар өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар
дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге
асырылады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздерін іске асыру шарттары
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі
жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы»
Заңдарға және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік
және жоғары оқу орныішілік бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін
ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір
салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік
қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды
және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру
бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын
ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық
бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарды
қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу.
Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын
әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті
кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді
ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық
бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын
үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын
кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының
тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие
процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу.
Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің әлеуетін