Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И.
Алтынсарина
ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ
Астана
2015
2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы
22
сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.
Утверждена приказом Министра образования и науки Республики
Казахстан от 22 апреля 2015 года № 227.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 21 б.
Концептуальные основы воспитания. – Астана: Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 21 с.
©
Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2015
©
Национальная академия образования
имени И. Алтынсарина, 2015.
3
Мазмұны
Кіріспе.....………………………………………………………..................
4
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны
және іске асыру механизмдері.....................................................................
7
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету......................................................
8
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері..............................................................
10
Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері.......................
10
Тәрбие жұмысының басым бағыттары ......................................................
12
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
шарттары .......................................................................................................
18
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда күтілетін
нәтижелер ......................................................................................................
19
Глоссарий .......................................................................................................
21
4
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015
жылғы 01 маусымдағы
№ 348 бұйрығымен
бекітілген
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Кіріспе
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыру шеңберінде қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік
мәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының
басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен
бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы
аясында, отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие
процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін
арттыруға, оқыту мен тәрбиені кіріктіруге, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен
құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тұжырымдамалық негіздер Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие
мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және тетіктерін анықтайды.
Тұжырымдамалық негіздер жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған
әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи
қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.
Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани
әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік
құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға
қайта бағдарлау қажет.
Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-
мәдени құндылықтар бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен
жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына,
қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің
құлдырауына әкеліп соқтырады.
Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас
кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар,
мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып,
әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар
үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.