2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,82 Mb.
#23665
1   2   3   4   5   6   7   8

10 

 

1-бөлім: Сапаны ішкі қамтамасыз етудің стандарттары мен 



нұсқаулығы 

 

1.1 Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат 

 

Стандарт: 

Білім беру ұйымдарының сапаны қамтамасыз ету үшін жұртшылыққа 

қолжетімді және олардың стратегиялық менеджмент бөлігін құрайтын 

саясаты  болуы  керек.  Ішкі  мүдделі  тараптар  бұл  саясатты  сыртқы 

мүдделі 

тараптардың 

қатысуымен 

тиісті 

құрылымдар 

мен 

процестердің көмегімен әзірлеуі және жүзеге асыруы тиіс. 

 

 



Нұсқаулық: 

Саясат  мен  процестер  үздіксіз  жетілдіру  циклін  құрайтын  сапаны 

қамтамасыз  етудің  келісілген  институционалдық  жүйесінің  маңызды  тірегі 

болып табылады және оқу орнының есеп берушілігіне өз үлесін қосады. Олар 

барлық  ішкі  мүдделі  тараптар  сапа  үшін  жауапкершілікті  өз  мойындарына 

алатын  сапа  мәдениетін  дамытуға  қолдау  көрсетіп,  білім  беру  ұйымының 

барлық  деңгейінде  сапаны  қамтамасыз  етуге  қатысады.  Осыған  қолдау 

көрсету үшін саясаттың ресми мәртебесі бар және жалпыға қолжетімді болып 

табылады.  

 

Сапаны  қамтамасыз  ету  саясаты  ғылыми-зерттеулер,  оқыту  мен  білім 



беру арасындағы қарым-қатынасты көрсетсе, сонымен қатар, оқу орны өзінің 

қызметін  жүргізетін  ұлттық  контексті,  институционалдық  контексті  және 

оның стратегиялық тәсілдемелерін ескерсе, анағұрлым тиімді болады. Мұндай 

саясат келесі мәселелерді: 

 

сапаны қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды; 



 

кафедралар,  мектептер,  факультеттер  мен  басқа  да  құрылымдық 



бөлімдердің,  сондай-ақ  басшылықтың,  жекелеген  қызметкерлер  мен 

студенттердің  сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  өз  міндеттерін 

орындауын; 

 



академиялық  адалдықты,  еркіндікті  және  академиялық  алаяқтыққа 

қарсы қырағылықты; 

 

студенттерге  немесе  қызметкерлерге  қатысты  қандай  да  бір 



төзбеушіліктен немесе кемсітушіліктен қорғауды; 

 



сапаны  қамтамасыз  етуге  сыртқы  мүдделі  тараптардың  қатысуын 

қолдайды. 

Саясат  оқу  орнының  барлық  құрылымдарының  қатысуына  мүмкіндік 

беретін  сапаны  қамтамасыз  етудің  түрлі  ішкі  процестерінің  көмегімен 

тәжірибеде  жүзеге  асырылады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  саясатын  жүзеге 

асыруды,  бақылауды  және  өзгерістер  енгізуді  жоғары  оқу  орнының  өзі 

шешеді. 



11 

 

Сондай-ақ  сапаны  қамтамасыз  ету  саясаты  қосалқы  мердігерлерге 



берілген немесе серіктестермен жүзеге асырылатын оқу орны қызметінің кез-

келген элементтерін қамтиды. 



 

1.2 Білім беру бағдарламаларының әзірленуі мен бекітілуі  

 

Стандарт: 



Оқу  орындарының  өз  бағдарламаларын  әзірлеуі  мен  бекітуі  үшін 

процестері  болуы  керек.  Бағдарламалар  қойылған  мақсаттарға, 

сондай-ақ,  күтілетін  оқыту  нәтижелеріне  сәйкес  болатындай  әзірленуі 

тиіс.  Бағдарламаны  меңгеру  нәтижесінде  тағайындалатын  біліктілік 

нақты анықталуы және түсіндірілуі қажет, әрі жоғары білімнің ұлттық 

біліктілік шеңберлерінің белгіленген деңгейіне және тиісінше Жоғары 

білімнің  еуропалық  кеңістігі  Біліктілік  шеңберлеріне  қатысты  болуы 

тиіс. 

 

 



Нұсқаулық: 

Білім  беру  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарының  білім  беру 

миссиясын  қалыптастырудың  өзегі  болып  табылады.  Олар  студенттерге 

тасымалданатын,  олардың  жеке  дамуына  әсер  ете  алатын  және  болашақ 

мансаптарында  қолдана  алатын  академиялық  біліммен  және  дағдылармен 

қамтамасыз етеді. 

 

Білім беру бағдарламалары: 



 

бағдарламаның жалпы мақсаттарына, өз кезегінде, институционалдық 



стратегияға  сәйкес  әзірленген  және  нақты  күтілетін  оқыту  нәтижелері 

бар; 


 

студенттер мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен әзірленген; 



 

сыртқы сараптау жүргізумен және анықтамалық-ақпараттық  



    ресурстардың бар болуымен ұтады; 

 



жоғары білімнің Еуропа Кеңесінің төрт мақсатын бейнелейді  

    («Қолдану салалары мен ұғымдары» бөлімін қараңыз); 

 

студенттердің оқу процесінде тұрақты ілгерілеуі және дамуы үшін  



     әзірленген; 

 



студенттің күтілетін нақты жүктемесін, мысалы, ECTS-ті анықтайды; 

 



студенттерге өндірістік тәжірибені өту үшін орын ұсынуды қамтиды  

    (қажет болған жағдайда);

6

 



 

бағдарламаны ресми бекіту процестерінің субъектілері болып  

    табылады. 

 

                                                           



6

  

Жұмысқа  орналастыру  тағылымдамаларды,  практикаларды және  оқыту  бағдарламасының басқа  да 



түрлері  бойынша  білім  беру  ұйымынан  тыс  өткізілетін  студенттің  оқуына  қатысты  салада  тәжірибе 

жинақтауға мүмкіндік беретін кезеңдерді қамтиды. 




12 

 

1.3 Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау 



 

Стандарт: 

Оқу  орындары  мұндай  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру 

барысында  оқу  процесін  ұйымдастыруға  белсенді  қатысқан 

студенттерді  ынталандырып,  ал  студенттердің  үлгерім  бағасы  осы 

көзқарасты көрсетуін қамтамасыз етуі тиіс.  

 

 



Нұсқаулық: 

Студентке  орталықтандырылған  оқыту  мен  білім  беру  студенттерді 

ынталандыруда,  өзін-өзі  рефлексиялауда  және  оқу  процесіне  қатысуда 

маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  процесс  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  мен 

оқытуда,  сонымен  қатар  оқу  нәтижелерін  бағалауда  салмақты  тәсілдемені 

талап етеді. 

Студентке орталықтандырылған оқыту мен білім беру процесін жүзеге 

асыру: 


 

оқытудың тиімді жақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  



    студенттердің түрлі топтарына және олардың сұраныстарына құрмет 

    көрсету мен назар аударуды; 

 

оқытуды жүргізудің түрлі нысандарын қарастырады және қолданады  



    (қажет болған жағдайда); 

 



түрлі педагогикалық әдістерді орынды пайдаланады; 

 



білімді беру тәсілдері мен педагогикалық әдістерді тұрақты бағалайды  

    және бейімдейді; 

 

оқушы бойындағы дербестік сезімін көтермелейді, сонымен қатар,  



    оқытушы тарапынан тиісті басшылық пен қолдауды қамтамасыз етеді; 

 



студент пен оқытушы арасындағы өзара құрметті нығайтады; 

 



студенттердің шағымдарын қарастырудың қажетті рәсімдері бар  

    болуын ескереді. 

 

Студенттердің  үлгерім  бағаларының  болашақ  мансаптарындағы 



маңыздылығын  назарға  ала  отырып,  бағалау  үшін  сапаны  қамтамасыз  ету 

процесі келесі талаптарды ескереді: 

 

оқытушылар қолданыстағы тестілеумен және емтихан алу әдістерімен  



    таныс болуы, осы саладағы өздерінің біліктіліктерін арттыруы тиіс; 

 



бағалау критерийлері мен әдістері, сонымен қатар баға қою  

    критерийлері алдын-ала жариялануы керек; 

 

бағалау студенттерге оқыту нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін  



    көрсетуге мүмкіндік береді. Студенттермен  кері байланыс орнатылуы  

    тиіс, қажет болған жағдайда, оқу процесіне байланысты кеңес беріледі; 

 

мүмкін болғанда, емтиханды бірнеше емтихан алушы жүзеге асыруы  



    тиіс; 

 



бағалау тәртібі жеңілдетілген жағдайды ескеруі тиіс; 


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау