1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БӚБЕК» ҦЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ,
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ
ОҚУШЫ ДӘПТЕРІ
6-СЫНЫП
Алматы
2018
2
«Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының
авторы С.А. Назарбаева
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ҧсынған
Ӛ
Ӛзін-ӛзі тану: Оқушы дәптері. Нұркеева С., Алиев Б.Ш., Бақаш Е. /
6-сынып. – Алматы: «Бӛбек» ҰҒПББСО, 2018. – 100 б.
78-601-7819-72-9
Оқушы дәптерінде жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 6-
сыныпқа арналған оқулық мазмұнына сәйкес тапсырмалар ұсынылған. Бұл
тапсырмалар
оқушылардың
ӛтілген
тақырыптарды
терең
ұғынып,
шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында ӛз бетінше жұмыс жасауына
арналған.
978-601-7819-72-9
© «Бӛбек» ҦҒПББСО, 2018
3
ҚЫМБАТТЫ ЖАС ДОС!
«Ӛзін-ӛзі тану» пәніне арналған бұл дәптермен жұмыс жасауда рухани-
адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мағынасын тереңірек
ұғынатын боласың.
Дәптерде берілген сұрақтар мен тапсырмалар ӛзіңді, ӛзгені, айналаңды
адамгершілік құндылықтар арқылы тануға жетелейді.
Дәптер сені ойландыратын сан түрлі сұрақтар мен тапсырмалардан
тұрады. Оларға жауап іздей отырып, адамгершілік қарым-қатынастың,
жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсініп, оны күнделікті ӛмірде
қолдануға дағдыланасың.
Оқу жылы барысында адам мен табиғаттың терең байланысын ұғынуға
мүмкіндік беретін «Табиғат – баға жетпес сый» тақырыбы бойынша жоба
жұмысын орындайтын боласың.
Барлық іске ізгі ниетпен кіріссең, шығармашылық шаттығына бӛленесің!
Таным жолындағы ізденісіңе сәттілік тілейміз!
Іске сәт, жас дос!
4
«ТАБИҒАТ-БАҒА ЖЕТПЕС СЫЙ» ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ
Осы оқу жылында сендерге «Табиғат – баға жетпес сый» атты жоба
бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Жоба әрекеті дегеніміз – қоғамға қызмет
етуге бағытталған бұл әрі зерттеу, әрі шығармашылық әрекеттің тәжірибеде
жүзеге асырылуы болып табылады. Жоба жұмысы бүкіл оқу жылы бойына
жүргізіледі. Жобаны дайындау кӛздеріне ӛзін-ӛзі тану оқулығы, танымдық
кітаптар, телехабарлар, ғаламтор, отбасы мүшелерімен, сыныптастармен,
достармен, ӛмір ӛнегелі адамдармен және әрине, табиғатпен байланыс, сондай-
ақ қызықты істерге, шараларға қатысу, оларды ӛткізуге атсалысу және іс-
әрекеттің басқа да түрлері жатады.
Жоба сендерге адам мен табиғаттың байланысын қаншалықты терең
түсінетіндеріңді, қоршаған ортаның, ӛздерің тұратын жердің ӛсімдіктер мен
жануарлар дүниесін қорғап, сақтап қалу үшін кӛптеген пайдалы және
қайырымды істер жасай алатындарыңды дәлелдеуге мүмкіндік береді. Жобамен
жұмысты аяқтаған соң, оның қорытындылары мен қол жеткізген нәтижелерін
фильм, слайдтық таныстырылым немесе бейнеролик және т.б. түрде қорғап,
жалпы іске қосқан ӛз үлестеріңді кӛрсетесіңдер.
Жобаны жүзеге асыру барысын кӛрсету үшін дәптерде Жоба кҥнделігі
берілген.
Жобаның бірінші кезеңінде жобаның мақсатын анықтап, «табиғат»
ұғымына қатысты сұрақтарға жауап беру керек. Бұл кезең – шешімі табылуға
тиіс міндеттерді анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу кезеңі. Туған ӛлкенің
табиғатын зерделеңдер. Бұл үшін, мысалы, мектептерің орналасқан жердің,
демалыс орындарының, қала (ауыл) сыртындағы жердің табиғатын зерттеуге
болады; қала тұрғындарымен табиғат жағдайы туралы сұхбат жүргізу; ӛзің
тұратын елді мекеннің нақты жерлерін суретке түсіріп алуға болады. Сонымен
бірге түсірілген суреттер мен бейнематериалдар бойынша фотоколлаж
құрастырып, бейнероликтер даярлауға; қаланың белгілі адамдарымен, БАҚ
ӛкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, бір сӛзбен айтқанда белсенді ӛмірлік
ұстанымы бар тұлғалармен кездесулер ӛткізуге болады.
Бірінші кезеңдегі зерттеу қызықты болуы үшін, сыныптастарыңмен
табиғат аясына саяхатқа шығуға, кӛрген фильмді немесе оқыған кітаптарыңды
бірлесіп талқылауға, сондай-ақ ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайлы
қызықты фактілерді ортаға салып, танысуға болады. Жұмыс барысында
тӛмендегі сұраққа қалай жауап беруге болатынын ойластырыңдар: белгілі
суретшілер, музыканттар, жазушылар тағы да басқа ӛнер адамдары табиғатқа
қалай қараған, оны қалай қабылдаған? Бұл сұраққа жауап беру үшін, табиғат
суреттелген ӛнер туындыларымен танысып, мұражайға немесе кӛркемсурет
галереясына барыңдар, музыкалық шығармалардың жазбасын тыңдап, концерт
залында тамаша ӛнер туындыларын тыңдап, тамашалаңдар.
Бұл кезеңдегі орындалған жұмыстың қорытындысы ретінде ӛздеріңнің
қайырымды достарыңды шақырып тақырыптық кеш ӛткізуге, ӛмірі ӛнегелі
адамдармен кездесу ұйымдастыруға, оқушылардың табиғат туралы салған
Достарыңызбен бөлісу: |