43
28-
сурет Оқу пәндері бойынша пилоттық мектептердің 2-сынып білім
алушыларының білімдері диагностикасының орташа баллы (қазақ тілінде
оқытатын мектептер)
Қазақ тілінде оқытатын пилоттық мектептердің 2-сынып білім
алушылары кіріс диагностикасының нәтижесі бойынша «Қазақ тілі» пәнінен –
11,6 орташа балл, «Математика» пәнінен – 10,9 орташа балл, «Дүниетану»
пәнінен – 9,8 орташа балл алды.
29-
сурет Оқу пәндері бойынша қазақ тілінде оқытатын бақылау
мектептерінің 2-сынып білім алушыларының білімдері диагностикасының
орташа баллы
Қазақ тілінде оқытатын бақылау мектептерінің 2-сынып білім
алушылары кіріс диагностикасының нәтижесі бойынша «Қазақ тілі» пәнінен
орташа балл – 10, «Математика» пәнінен орташа балл – 10,1, «Дүниетану»
пәнінен орташа балл – 9 алды.
14-
кесте. Ұйғыр тілінде оқытатын мектептің 2-сынып білім
алушыларының кіріс диагностикасының нәтижесі (пәндер бойынша)
44
Барлық білім
алушылар
Диагностикаға
қатысты
Пәндер бойынша орташа балл
Ұйғыр
тілі
Математика
Дүниетану
Пилоттық
мектептер
37
37
10,9
11,1
9,6
Бақылау
мектептері
130
123
12,4
9,8
7,8
Оқыту ұйғыр тілінде жүргізілетін пилоттық мектептердің 2-сынып білім
алушылары диагностикалық кесіндіден «Математика» және «Ұйғыр тілі»
пәндері бойынша, бақылау мектептерінің 2-сынып білім алушылары «Ұйғыр
тілі» пәні бойынша жоғары балл алды.
Оқыту ұйғыр тілінде жүргізілетін пилоттық және бақылау мектептерінің
2-
сынып білім алушылары «Дүниетану» пәні бойынша диагностикалық
кесіндіден төмен балл алды.
30-
сурет «Математика», «Ұйғыр тілі», «Дүниетану» пәндері бойынша
ұйғыр тілінде оқытатын пилоттық және бақылау мектептерінің 2-сынып білім
алушыларының кіріс диагностикасының нәтижесі.
2-
ші сынып білім алушыларының жаңартылған оқу бағдарламалары
бойынша білімдерін анықтаудың диагностикалық жұмысы 1-сыныпта алынған
білімді меңгеру және сақтап қалу деңгейін анықтау бойынша ғана емес,
сонымен қатар 2-сыныпта жаңа бағдарламалар бойынша білім алуға
дайындықтарын анықтауға да мүмкіндік береді.
Диагностикалық кесіндінің нәтижелерін педагогикалық диагностиканың
негізі ретінде де пайдалануға болады, бұл өз кезегінде екінші сыныптың білім
алушыларының білім нәтижелеріне ішкі және сыртқы түзетулер жүргізуге,
білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру процесін одан әрі
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жаңартылған білім
мазмұнындағы оқу
бағдарламаларын
апробациялау мониторингінің қорытындысы
45
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын
пилоттық мектептерде апробациялаудың мониторингі пилоттық сыныптардың
мұғалімдері мен пән мұғалімдері үшін әзірленген сауалнамаларды қолдану
арқылы жүргізілді, бұл мұғалімдердің оқу бағдарламаларының, оқулықтардың,
ОӘК, критериалды бағалау жүйесінің сапасын және т. б. бағалауына талдау
жасауға мүмкіндік берді.
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша
білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін
қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы
дербестігінін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін
бағыттайды.
Бағдарламаларда оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері
заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық
тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу
бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып
табылады.
Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер
білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен
білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып,
оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді
іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі
болып табылады. Мұндай тәсілдер пәндік білімді, әлеуметтік және
коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге, өзінің жеке мүдделері
мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін
тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру
процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке
жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан
түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін.
Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері
оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды
көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас
моделіне айналдырады.
Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды
(нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-
жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік
тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
-
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен
біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп
кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
-
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды
Достарыңызбен бөлісу: |