интернат үйлер, қарттар үйі) әр түрлі әлеуметтік
мекемелерде әлеуметтік баспаналардың сенім
телефондарының, психологиялық көмек орталықтарының
қарқынды өсуі байқалады. Дәстүрлі әлеуметтік
қызметкерлер бөлімдерінен басқа тағы мынадай бөлімдер
бар: педагогикалық анимация, әлеуметтік түзетулер мен
айықтырушы, мүмкіндіктері шектеулі баларға көмек
көрсету.
Көптеген шетел мемлекеттерінде мемлекеттік
коммерциялық емес (қайырымдылық, еріктілік) және
коммерциялық (жеке меншіктік) әлеуметтік қызмет жүйесі
жұмыс істейді. Бұл қызметтің көптеген түрлерінде әр
түрлі мамандар, яғни оның ішінде әлеуметтік
қызметкерлер, психологтар және т.б. қызмет атқарады.
Еуропалық елдерде әлеуметтік қызметте негізгі күшті
мемелекеттік қызмет (үйге әлеуметтік қамсыздандыру,
мектепке дейінгі әлеуметтік мекемелер, мүгедектер мен
қартайған адамдарға арналған мекемелер) көмек
көрсетеді. АҚШ-та мемлекеттік қызмет негізінен
қаржылай көмек көрсетеді, ол әлеуметтік қызметінің
негізін ерікті және қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар
онда әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқаратын жеке
меншік қызметтері бар. Әлеуметтік қызметтің басты
факторы болып, жергілікті басқару мен әлеуметтік
қызметтің қатынасы жатады. Әлеуметтік көмекке зәру
адамдарға
материалдық
көмек,
әлеуметтік
қамсыздандыру, сонымен қатар психологиялық қызмет
көрсету басты қызмет болып саналады. Кейбір елде
ауқатты адамдардың өзінің әлеуметтік көмек көрсететін
орталықтары мен қорлары бар. Ол тек қазір Скандинавия
елдеріне тән.
Әлеуметтік жұмыстың практикалық тиімділігін
анықтайтын сыртқы факторларының біріне қоғамды
қорғаушы элементтер де кіреді. Әлеуметтік қызметкер
клиенттің жағдайын талдауға, өзі көмек көрсететін
адамның өміріне не ықпал ететінің білу қажет. Өзімізге
белгілі клиент дұшар болған жағдай көп қырлы сипат
алады және әлеуметтік мәселе ретіндегі пайда болған
оқиға мен жағдайға көп көңіл бөлу керек. Ең басты
өмірлік фактор қоғамның әлеуметтік деңгейіндегі жеке
бас пен адамның қатынасы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі – оның мақсаты
әлеуметтік қорғау мен адамдарға көмек көрсету болып
келетін мемлекеттің ішкі саясатына ықпал етеді.
Әлеуметтік жұмыс ұлттық дәстүрге әсер етеді. Бірқатар
әлеуметтік мәселелер жалпы ұлттық, сонымен қатар
халықаралық сипатта болады, кейбіреулері жеке негізде
құрылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер өз еліндегі
әлеуметтік ұстанымдарын оның әлеуметтік қызметтерінің
ерекшеліктерін, құндылықтарын жақсы білу қажет.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Алерин, Сяпенко «Социальное управление», Москва,
1995
2. Козлов А.А., Иванова Т.Б. Практикум социального
работника . – Р/н/Д., 2001
3. Основы социальной работы. / Отв. ред. П.Д.
Павленок-М., 1998
4. Социальная работа: теория и практика. Учебное
пособие./ Отв. Ред. Е.И.Холостова, А.С. Сорвина-М,. 2001
5. Социальная энциклопедия./ Гл. редактор А.П.
Горкин-М., 2000
6. Теория и методика социальной работы: проблемы,
прогнозы, технологии. – М., 1992
7. Теория социальной работы. / Под ред.
Е.И.Холостовой-М., 1998
8. Фирсов М.В., Шапиро Г.Ю. Психология социальной
работы. Содержание и методы психосоциальной
практики.-М., 2002
9. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной
работы.-М., 2001.
5-тақырып Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның класификациясы.
Әлеуметтік жұмыс міндеттерінің маңыздысы клиентпен жұмыс
жүргізудегі әлеуметтік проблемалары шешуде әдістерді орынды қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы әлеуметтік жұмыс
практикасы мен теориясыындағы өзекті және күрделі проблема ретінде.
Әлеуметтік жұмыс әдісі ғылыми-зерттеу әдістері, оған сипаттама№
практикалық іс-әрекеттегі әдістерді топтастыру-әлеуметтік жұмыс
формалары мен бағыттарына қарай бөлу (арнайы бөлімдерді қолдану,
әлеуметтік жұмыс басқаруындағы органдары)
6-тақырып Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері Басқару
әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы қатынас.
Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі
(ұйымдастыру-бөлу,
ұйымдастыру-координациялау,
ұйымдастыру
технологиясы) Ұйымдастыру –бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару
функциясындағы калссификациясы.
7-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер.
әлеуметтік жұмыстағы социологиялық білімнің рөлі. Әлеуметтік жұмыстағы
социологиялық зерттеу. Социологиялық әдістер, оларға сипаттама.
Социологиялық сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-
монгиторинг технология ерекшеліктері. Әлеуметтік мониторинг технология
еркшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.
8 - тақырып Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер.
Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің рөлі мен мәні. Әлеуметтік
жұмыс технологиясындағы психологиялық қолдану әдісі. Психодинамикалық
теория. Әлеуметтік жұмыстағы бихевиористіқ бағыттар. Когнитивті
психология. Гуманистік бағыт.
Психологиялық әдістерге сипаттама; әлеуметтік жұмыстағы қолдану
ерекшеліктері.
Психодиагностика.
Психологиялық
коррекция.
Психологиялық қенес беру. Адамның өзін-өзі дамуындағы психологиялық
жұмыс жүргізу әдістері.
9 –тақырып Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс.
Әлеуметтік жұмыстағы педагогика мәні мен мазмұны. әлеуметтік жұмыс
жүйесіндегі андрогогика. Әдістер. Сендіру әдісі;сендірудегі үлгерім
технологиясы. Іс-әрекетке қозғау туғызу әдісі. әлеуметтік жұмыстыңғ
клиентпен қатынас жасаудағы әдісі. Іс-әрекеттегі ынталандыру әдісі(баға
беру, мадақтау, жазалау т.б.)
1. Әлеуметтік қызметкер білім саласында.
Білім саласындағы технология.
Дүние жүзінде
әлеуметтік
жұмыстың
көптеген
тәжірибелері
жинақталған. Бүгінде ол тұрақты әлекметтік даму үшін
қажетті гуманитарлық мамандықтарының бірі болып
табылады. Әлеуметтік жұмыс - өмірлік қиын жағдайға
ұшырағандарға көмек, қолдау, үйлестіру және
реабилитация, сол сияқты әлеуметтік қалыптасуда
қиындықтарға
ұшыраған
адам
топтарымен
қауымдастықтарға, жекелеген индивидтерге тұлғалық
және қоғамдық қатынастар арқылы көмек көрсетуге
бағыттылған, әлеуметтік қызмет түрі ретінде
қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың халыққа
әлеуметтік көмек спекторы өте кең.
Білуімізше, «Әлеуметтік жұмыс» (social work) түсінігін
мамандық ретінде тану алғаш рет ХХ ғасырдың басында
АҚШ-та пайда болды. «Әлеуметтік» сөзі адам өмірін
қалыптастыратын әлеуметтік күштердің қатысуын
көрсетеді. Адамдарға кәсіби көмек көрсетудің
инициаторлары, яғни адам өзі шеше алмайтын
проблемалар әлеуметтік себептермен байланыстырылады.
Қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ресми емес түрде
Достарыңызбен бөлісу: |