негізделген гешталт дәстүрлерді жатқызуға болады. Бұл
бағыттың негізін салушы клиенттің сезіміне және оның
тәжірибесін тануға үлкен мән берген Ф.Перлс болып
есептеледі. Біртұтас тұлға Ф.Перлстың көзқарасы
бойынша оны ешкімге ұқсатпайтын және өзінің дамуы
бойынша біртұтастығын бұзатын біраз әсерленушілікті
бастан кешеді. Ал қоршаған әлемнің күрделілігі оны
түсінуге себепші болады. Әлемнің көптүрлілігі тұлғаның
бөліктерін одан әрі бөлшектейді және олардың бірлесуіне
қарсы тұрады. Гешталтпсихологтар өмірлік жағдайдың
гешталт екендігін, сондықтан да тұлғаның жекелеген
бөліктерімен фрагменттік жұмыс істеу мағынасыз. Тұлға
өзі ғана өз өмірінің жаңа неғұрлым тиімді гешталтын
тұрғыза алады. Маңызды орын гештальт құрылымын
анықтайтын
мақсаттылыққа
беріледі.
Гештальттеориясының гуманистік бастамасы тұлғаның
өзгеруі - біреуге ұқсауға тырысқанда емес, тек тұлға өз
өзімен болған жағдайда ғана болатындығы фактісінде.
«Бұрынғыдан да жақсы болу » шешімі, басқа адамдардың
тілектері, талаптары тұлғаның белсенді ішкі өзгерісіне
әкелмейді.
Гештальтдәстүрінің арнасында осы және басқа да
тәсілдердің шеңберінде қолдануға болатын көптеген
қызықты
технологиялар
құрылды.
Гуманистік
бағдарламаның басқа түрлерімен салыстырғанда
гештальтпсихология
тұлғаның психикасының
өзгерістеріне
ұрындыратын
әлдеқайда
күшті
технологияларға
бай.
Қазіргі
гуманистік
концепциялардың мысалы - үш аспектіден құралатын
психотерапияның позитивті жүйесі : позитивті келу,
жанжалды мағыналы талдау және психотерапияның
бессатылы процесі.
Осыған байланысты әлеуметтік жұмыста қолдануға
болатын гуманитарлық теориялар әр түрлі . Осы
теориялардың барлығына бірдей жағдай -клиентті, топты,
қоғамды, қоршаған ортаны, мәселелерді туғызатын
себептерді және олардың көздерін түсінудің алдын - ала
қатаң бекітілген схемасының болмауында. Осыған
байланысты, клиенттің оқиғасының дамуын болжаудың,
специалистің субьективті көзқарасына негізделген және
әрқашанда шындыққа келе бермейтін мәселелерді шешу
бойынша клиентке кеңес берудің қажеті жоқ.
Әлеуметтік тәжірибеде әлеуметтік – психологиялық
теориялардың көптеген түрлері қолданылады. Олардың
ішінде көрнекті орынды коммуникация құбылыстарына
негізделген теориялар алады. Маңызды теориялар
тұлғаның әлеуметтік қызметін; адамдардың әлеуметтік
статусына немесе қоғамдағы позициясына байланысты
адамдардың тәртібінің спецификалық тәсілі; тұлғаның
белсенділігін жанама түрдегі нормаларының жиынтығы.
Әлеуметтік маңыздың анықтамасын алғаш 1936 ж.
Р.Линтон, ал одан кейін интракционализм шеңберінде
Д.Мидпен дамытылды. Әлеуметтік ролдер белгілі бір
әлеуметтік стереотиптерді ұдайы өндіруге негізделген
әлеуметтік оқиғалар арақатынасынан пайда болады.
Жеке әлеуметтік роль тәртіптің тек жеке бір аспектісін
көрсетеді. Адамдардың тұтастай тәртібі әлеуметтік
ролдердің көптүрлілігі жиынтығынан құралады.
Әлеуметтік орын түсінігімен «мәндік шиеленістер»,
«мәндік адаптациясы», «мәндік алу»
түсініктері
байланысты. Әлеуметтік орын әрқашанда жеке адамның
тәжірибесіне, оның қоршаған ортаның талаптарына сай
болуы тілектеріне жеке сипаттама бере алады.
Әлеуметтік маңызының спецификасы қоғамдық
қатынастар жүйесінде тұлғаның орнымен анықталады.
Осы көзқарас бойынша профессионалдық, әлеуметтік-
демографиялық, басқару орнын айыруға болады. Бұдан да
басқа тұлғааралық ролдерді анықтауға болады. Сондай-ақ
белсенді және латенттік, институттандырылған,
стихиялық, тіркелген және жеке белсенділікпен жететін
рольдер бар. Адамның белгілі бір рольді қабылдауы және
орындауы – коммуникацияға келістірілетін күрделі
процесс.
Әлеуметтік орын мәні түсінігін әртүрлі қарастырғанда
бірқатар ортақ сәттері бар:1)орын анықтылықтың көп
немесе аз мөлшеріндегі әлеуметтік берілген тәртіптер
және ережелер үлгісі ретінде ;
2)орын белгілі бір түрдегі оқиғаны басқаруға
бағытталғантәртіптер стратегиясы ретінде;
3) орын белгілі бір статусы бар адамдарға қатынас
бойынша күтулер жүйесі ретінде;
4) роль орын сол орынға белгіленген адамның белгілі
бір талаптарының орындалуының әрекеті ретінде.
Әлеуметтік тәжірибенің жеке жұмысында рольдік
модельді қолдану жеке адамдардың бір-біріне, олар
қатынасатын топтарға және өмір сүріп отырған қоғамға
бейімделуін жоғарылатуды қарастырады. Бұл модель әр
түрлі қақтығыстардың алдын алуда және жоюда, алынған
әлеуметтік ақпараттарды түсіндірудің бара-бар еместігі
т.б. жағдайларда тиімді. Берілген әлеуметтік рольді әрбір
жеке адамның орындау ерекшелігін, оның әлеуметтік-
рольдік ойындарға қосылуын есепке алу маңызды.
Әлеуметтік рольдер әр түрлі технологиялық тәсілдердің
негізі болып табылады: әлеуметтік драма, психодрама,
трансактілік анализ, түрлі сюжетті-рольдік ойындар.
Психологияның да, әлеуметтік тәжірибенің де маңызды
міндеттерінің бірі – адамдардың мінез-құлқын олардың
арасында сөздей және сөзсіз байланыстардың, ақпаратты
қабылдау және түсіндірудің болуын болжаған әлеуметтік
процесстерге қатысушы ретінде реттейтін механизмдерге
сүйену. Коммуникативтік теорияларда қатынас
аспектілері мен интеракцияға бірінші дәрежелі мән
беріледі. Қандай да болмасын коммуникативтік теория
интеракцияның бағытталған мінездемесі таңбалық
жүйеге, интеракцияны серіктердің қабылдауына, бір-
бірімен қатынасушылардың әсер етуіне негізделген. Бұл
коммуникация актісінің қажетті сипаттамасы.
Коммуникативтік теорияның басқа компоненті –
ақпаратты белгілі бір таңбалық жүйеге орналастыратын
және кодпен жазатын адам немесе топ (коммуникатор)
ақпараттың көзі екендігі жөніндегі ереже.
Коммуникациялық жүйеге ақпаратты өзінің жеке
ерекшеліктеріне сәйкес жай жазуға айналдыратын
ақпаратты алушы да (реципиент) кіреді. Қатынас
жасайтындардың қоры мен ақпарат мінезіндегі үлкен
айырмашылықтар олардың арасындағы, көбінесе
әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы түрлі
түсініспеушіліктерге, реніштер пен қақтығыстарға себеп
болады. Мұндай жағдайларда олар «әр түрлі тілде»
сөйлейтін секілді. Адамдардың ақпаратты қалай
қабылдап, түсінуі олардың ара-қатынастары мен бір-
бірінің мүмкіншіліктерін бағалауына, мінез-құлықтарына
байланысты.
Коммуникативтік
процесстердің
ерекшеліктері адамдар арасындағы симметриялы немесе
басымдық қатынастарды белгілегенде көрінеді.
Симметриялы қатынастар қатынаста өзара мүдделі тең
серіктерге тән, басымдық қатынасы бір серіктің (немесе
топтың) басқаны билеуі, осыдан екінші жақ тәуелділікті
немесе төмендетушілікті сезінеді (мысалға «бастық-
бағынышты» типтерінің қатынасы).
Достарыңызбен бөлісу: |