Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет38/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92

88 
 
4. Салмақтың формуласын және өлшем бірлігін біледі. 
5. Дененің салмағын есептей алады. 
6.  Дененің  салмағы  мен  ауырлық  күшін  мысалдар  келтіру 
арқылы ажырата алады. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Денелердің өзара әрекеттесуі 
Тақырыбы 
№4  лабораториялық  жұмыс.  «Серпімді  деформацияларды 
зерделеу» 
Оқу мақсаты 
7.2.2.4-  
серпімділік  күшінің  серіппенің  ұзаруына  тәуелділік 
графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау; 
7.1.3.3- 
физика  кабинетінде  қауіпсіздік  ережелерін  білу  және 
сақтау 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Серпімділік  күшінің  формуласын,  қатаңдық  коэфициентінің 
анықтамасын  біледі  және  формуладағы  шамаларды  түсіндіре 
алады.  Динамометрді  пайдалана  алады.  График  бойынша 
қажетті  шаманың  мәнін  таба  алады.  Физика  кабинетіндегі 
қауіпсіздік ережелерін біледі және орындайды. 
Бағалау критерийлері 
1.Мектеп динамометрін градуирлеуді біледі. 
2.Қажетті құралдар жиынын орынды пайдалана алады. 
3.Өлшеу қателігін анықтап, өлшеу дәлдігін  бағалай алады. 
4. Формуладағы шамаларды біледі және түсіндіре алады. 
5.  Серпімділік  күшінің  серіппенің  ұзаруына  тәуелділік 
графигінен қатаңдық коэффициентін анықтай алады. 
 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Денелердің өзара әрекеттесуі 
Тақырыбы 
Деформация 
Оқу мақсаты 
7.2.2.3- 
пластикалық  және  серпімді  деформацияларды 
ажырату, мысалдар келтіру ; 
 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Күш әрекетінің дене пішіні мен өлшемін өзгертетіндігін біледі 
және түсіндіре алады. 
Серпімді  деформацияда  күш  әрекеті  тоқтағаннан  кейін  дене 
бастапқы  пішіні  мен  өлшемін  қабылдайтындығын  түсіндіре  
алады.  Пластикалық  деформацияға  өмірден    мысал  келтіре 
алады. 
 
Бағалау критерийлері 
1.  Дененің  деформацияға  ұшырауын  түсіндіре  алады.  2. 
Пластикалық және серпімді деформацияларды ажырата алады. 
3. Мысалдар келтіре біледі. 
4.  Деформацияның  адам  өміріндегі  маңызы  мен  қолданысы 
туралы деректер келтіре алады.  
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Денелердің өзара әрекеттесуі 
Тақырыбы 
Серпімділік күші. Гук заңы 
Оқу мақсаты 
7.2.2.5  - 
Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін 
есептеу 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Гук  заңын  біледі  және  формулаға  кіретін  физикалық 
шамаларды  түсіндіре  алады.  Гук  заңындағы  физикалық 
шамалардың  айтылуын,  жазылуын,  өлшем  бірліктерін  біледі. 
Динамометрмен  серпімділік  күшін  өлшей  алады.  Гук  заңын 


89 
 
есеп шығаруға қолдана алады 
Бағалау критерийлері 
1. Гук заңын тұжырымдай алады.  
2. Динамометрмен серпімділік күшін өлшей алады.  
3.  Гук  заңының  формуласы  бойынша  серпімділік  күшін 
есептей алады.  
4.  Оқу  процесіндегі  проблемалық  сұрақтарды  саралай  алады 
және тиімді шешім ұсына біледі. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Денелердің өзара әрекеттесуі 
Тақырыбы 
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру 
Оқу мақсаты 
7.2.2.6  - 
тыныштық,  домалау  және  сырғанау  үйкелістерін 
сипаттау; 
7.2.2.7  - 
үйкеліс  күшінің  пайдасы  мен  зиянына  мысалдар 
келтіру 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Табиғаттағы  және  техникадағы  үйкеліс  күшінің  қатысы  бар 
құбылыстарды  ажырата  алады.  Денелердің  өзара  әрекеттесу 
әсерлерін  түсіндіре  алады.  Үйкелістің  түрлерін  біледі. 
Тыныштық,  домалау  және  сырғанау  үйкелістерін  сипаттай 
алады.  Үйкеліс  күшінің  пайдасы  мен  зиянына  мысалдар 
келтіреді және өз пікірін айта алады. 
Бағалау критерийлері 
1. 
Білім алушы қарастырып отырған тақырыптағы, табиғаттағы 
және техникадағы үйкеліс түрлерін ажырата  алады. 
2. Үйкелісті азайту мен арттыру жолдарын біледі. 
3.  Тыныштық,  домалау  және  сырғанау  үйкелістерін  сипаттай 
алады.  
4.  Үйкеліс  күшінің  пайдалы  және  зиянды  жақтарын  біледі, 
техникада қолданылуына мысалдар келтіре алады. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Денелердің өзара әрекеттесуі 
Тақырыбы 
Бір түзудің бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу 
Оқу мақсаты 
7.2.2.8- 
күштерді  берілген  масштабта  графикалық  түрде 
көрсету; 
7.2.2.9- 
денеге  әсер  ететін  және  бір  түзудің  бойымен 
бағытталған  күштердің  тең  әрекетті  күшінің  модулі  мен 
бағытын анықтау. 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Механикалық  күштердің  түрлерін  біледі.  Күштерді  ажырата 
алады  және  сипаттауға  өз  білімін  қолдана  біледі.  Күштерді 
берілген  масштаб  бойынша    графикке    түсіре    алады.  Денеге 
әсер  ететін  және  бір  түзудің  бойымен  бағытталған  күштердің 
тең  әрекетті  күшінің  модулі  мен  бағытын  анықтауға  білімі 
жетеді. 
Бағалау критерийлері 
1.Күштерді  графикалық  түрде  масштабтайды  және  бағытын 
көрсете алады, формула бойынша таба алады. 
2.  Денеге  бір  мезгілде  әрекет  ететін  бірнеше күштің  және  бір 
түзу  бойымен  бағытталған  күштердің  тең  әрекетті  күшін 
графиктен таба алады, есептей алады. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Қысым 
Тақырыбы 
Газдар  мен  сұйықтар  және  қатты  денелердің  молекулалық 
құрылымы 
Оқу мақсаты 
7.3.1.1  - 
Заттың  молекулалық  құрылысы  негізінде,  газдардың 


90 
 
сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қатты,  сұйық  және  газ  тәрізді  денелердің  қасиеттерін  біледі. 
Заттың  агрегаттық  күйлеріне  мысал  келтіре  алады.  Заттың 
молекулалық  құрылымын  біледі  және  олар  арқылы  зат 
күйлерінің қасиеттерін түсіндіреді және сипаттай алады.   
Бағалау критерийлері 
1.  Қатты,  сұйық  және  газ  тәріздес  денелердің  құрылысын 
біледі.  
2.  Негізгі  ұғымдардың,  физикалық  терминдердің  дәл 
анықтамасы мен түсіндірмесін береді. 
3.  Заттың  молекулалық  құрылымын  біледі  және  олар  арқылы 
зат күйлерінің қасиеттерін түсіндіреді және сипаттай алады.   
4.  Практикалық  тапсырмаларды  орындау  барысында  алған 
теориялық білімдерін қолдана алады. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Қысым 
Тақырыбы 
Қатты денелердегі қысым 
Оқу мақсаты 
7.3.1.2  - 
қысымның  физикалық  мағынасын  түсіндіру  және 
өзгерту әдістерін сипаттау 
7.3.1.3  - 
есептер  шығаруда  қатты  дененің  қысымының 
формуласын қолдану 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Қатты  денелердегі  қысым  және  қысым  күші  туралы  білімін 
өмірде  қолдана  алады.  Күш  әрекеті  тіреу  ауданына  тәуелді 
болатынын  түсіндіре  алады.  Тақырыпқа  байланысты  есеп 
шығаруда  формулаларды  дұрыс  қолдана  алады,  есеп  шығару 
дағдысы қалыптасқан. 
Бағалау критерийлері 
1. Қысымның анықтамасы мен түсіндірмесін береді. 
2. Қысымды өзгерту тәсілдерін біледі және мысалмен көрсете 
алады. 
3. Жаңа мысалдармен ойын айтып, білімін көрсете алады. 
4.  Қысымның  формуласындағы  шамаларды  дұрыс  белгілеп 
жазады және өлшем бірліктерін біледі. 
5.  Қатты  дененің  қысымының  формуласын  қолданып  белгісіз 
шаманы таба алады және есептеп шығара алады. 
Оқу 
бағдарламасына 
сілтеме 
Қысым 
Тақырыбы  
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы 
Оқу мақсаты 
7.3.1.4-
газ қысымын молекулалық құрылым ретінде түсіндіру; 
7.3.1.5-
сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын 
шығару және оны есептер шығаруда қолдану 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
 
Сұйық  пен  газдағы    қысымның  таралуын  физикалық  теория 
тұрғысынан  түсіндіре  алады.  Гидростатикалық  қысымның 
формуласын  біледі  және  тақырыпқа  байланысты  есеп 
шығаруда  қолдана  алады.  Физикалық  есептерді  шығару 
дағдысы  қалыптасқан.  Қысымның  біздің  өміріміз  үшін   
маңыздылығына баға бере алады. 
Бағалау критерийлері 
1.  Сұйық  пен  газдағы  қысымның  таралуын  молекулалық-
кинетикалық теория тұрғысынан түсіндіре алады. 
2. Паскаль заңының анықтамасын бере алады. 
3.  Гидростатикалық  қысымның  формуласындағы  шамаларды 
дұрыс жаза алады және өлшем бірліктерін біледі, айта алады. 
4.  Гидростатикалық  қысымның  формуласын  түрлендіріп, 
белгісіз шаманы есептей алады.  


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау