Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы



жүктеу 132,98 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі132,98 Kb.
#23061


 

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің 

жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                      

      2011 жылғы  20 желтоқсандағы  № 528  Бұйрығы.                                   

 Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде                                  

        2012  жылы 17 қаңтарда   № 7380 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының                                   

2007 жылғы  27 шілдедегі Заңының 5-бабының 

45-1) тармақшасын

  

іске  асыру мақсатында   

БҰЙЫРАМЫН:

1.

Қоса беріліп отырған  Орта білім беру ұйымдарында психологиялық  

қызметтің жұмыс істеу  

қағидасы

  бекітілсін. 

2.

Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

     

 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген 

тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат 

құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі 

М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     


     

Министр  Б. Жұмағұлов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      _____________ С. Қаирбекова

      «__»___________2011 ж.

                                                                                                              Қазақстан Республикасының

                                                                                                              Білім және ғылым министрінің

                                                                                                              2011 жылғы 20 желтоқсандағы

                                                                                                              № 528 бұйрығымен

 

   1. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу 

қағидалары

                                                      

Жалпы ережелер

    


  1. Осы Қағидалар Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің                     

(бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.

      2. Психологиялық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім 

туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы   27 шілдедегі 

Заңы

, Бала құқықтары 

туралы конвенция, сондай-ақ осы  Қағидалар  шеңберінде  жүзеге  асырылады.

      3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып 

табылады.

      4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне 

және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай 

айқындалады. 


   5.  

Психологиялық  қызметтің  құжаттамасы:

  

 

  

 1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын 

ұйымдастыру қағидаларын;  

      2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің 

күнтізбелік жұмыс жоспарын;

      3) психологиялық диагностикалау бағдарламаларын (бұдан әрі - 

психодиагностикалау), психологиялық тренингтерді, аталған білім беру 

ұйымдарының басшылары бекіткен дамыту және түзету жұмыстарын;

      4) білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген психологиялық 

сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік 

әзірлемелерін;

      5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі мен тізбесін;

      6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталарын; топтық 

психологиялық портреттерін;

      7) психологиялық тексерудің нәтижелерін, қорытындысы мен ұсынымдарын;

      8) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің 

жұмыс түрлерін (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, 

сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультация беру, 

психологиялық қызметке сұраныс беру) есепке алуды тіркеу журналын;

      9) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін 

Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды

    

 

6. Психологиялық қызметтің жұмыс қорытындысы жергілікті білім органдары 

бекіткен білім беру ұйымдарының есептік құжаттамаларында қамтылады.


            

     2. Орта  білім  беру ұйымдарындағы  психологиялық  қызметтің 

мақсаттары  мен  міндеттері

      7. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың 

психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы  әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау 

және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету 

      8. Психологиялық  қызметтің  міндеттері:

     


 1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу 

және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

      2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты 

әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

      3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір 

білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

      4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық 

әлеуетін дамыту;

      5) 

психологиялық

 қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша 

психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

      6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы 

әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

      7) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

 

     9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-



профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге 

асырылады. 


                

                

10. Психодиагностикалық бағыттар:

    

  1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;

      2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

      3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;

      4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды 

дайындау.

                                      

11. Консультациялық бағыттар:

     

 

1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;

      2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және 

қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;

      3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға 

психологиялық қолдау көрсету;

      4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

                                      



12. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

  

   



 1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

      2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;

      3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;

      4) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің және медициналық-психологиялық-педагогикалық 

консилиумдарының жұмысына ықпал ету.

                                       13. Түзету-дамытушылық бағыттар:

     

 

1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;

      2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму 

үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

      3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.

                                       

14. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:

  

    

1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық 

міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға 

т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;

      2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;

      3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл 

нәтижелерінің мониторингін жүргізу. 


     

  

15. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға  

және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, 

түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген 

ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген 

педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.

      

       16. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы  уәкілетті 

орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары 

(бөлімдерімен) үйлестіреді.

     

       17. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық 

қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және 

қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге 

асырылатын болады.

      

       18. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, 

психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және 

қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара 

әрекетеседі.


                                                                  19.Педагог - психолог өз  қызметінде:

     

 1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;

      2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;

      3) жалпы психологияны, педагогикалық психология мен жалпы педагогиканы, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды 

психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психологияны, психодиагностика, 

психологиялық консультация беруді және әлеуметтік, практикалық және жас ерекшеліктік психология саласындағы психологиялық 

ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;

      4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық 

жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;

      5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім 

алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін біледі;

      6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;

      7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;

      8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау 

көрсетеді;

      9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға 

психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;

      10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;

      11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;

      12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету 

жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;

      13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу 

бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;

      15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады;

      16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;

      17) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-

профилиактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдайды;

      18) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;

      19) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;

      20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты 

қолдайды;

      21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығады;

      22) пәндік кафедралардың және медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның, педагогикалық және әдістемелік 

кеңестердің жұмысына қатысады;



       

20. Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және педагогика» 

мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Практикалық психология» мамандығы 

бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен 

педагогикалық білімінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық               

  білімі болу керек.

      21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған 

педагогикалық жүктеме «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Үлгілік 

штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар 

лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2008 жылғы  30 қаңтардағы  № 77  

қаулысына

  сәйкес белгіленеді.

     

      22. Педагог-психолог:

    


 

 1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығын, пайдаланылған 

диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығын, ұсынымдар мен қорытындылар 

негізділігін, психологиялық ақпараттың құпиялылығын;

      2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларының жүргізілуін және 

сақталуын;

      3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуын;

      4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың 

сақталуын қамтамасыз етеді.

      


23. Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына,     

кәсіптік бағыты бойынша – аудандық (қалалық) және облыстық білім басқармаларында 

психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады.

                                         

                                 

3. Қорытынды ереже

24. Білім беру ұйымының басшысы Психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.

Document Outline

  • Slide 1
  • Slide 2
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8

жүктеу 132,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау