Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет16/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44


41
 
МӨЗ дамыту бойынша 
  инвестициялық жобалар
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республиканың 
барлық үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту мен қайта жаңартудың инвестициялық жобалары іске асырылады. 
Зауыттарды жаңғырту әбден тозған жабдықты ауыстыруға, мұнай өнімдерінің сапасын К4, К5 экологиялық кластарына  дейін 
жақсартуға, екінші процестердің қуаттарын және мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға 
мүмкіндік береді.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның мұнай өңдеу қуаты жылына 16,6 млн. тоннаны құрайды. Мұнай-химия үшін 
базалық өнім пайда болады – бензол, параксилол. 
Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту
2009 жылы «Хош иісті көмірсутегі өндіру кешенін салу» жобасы бойынша «Sinopec Engineering» компаниясымен (Қытай) «то-
лық аяқтап бітіру» шарттарында ЕРС-келісімшарт жасалды. 
Жобаның мақсаты:
 Жоғары қосылған құны бар өнім – бензол (жылына 133 мың тоннаға дейі) және параксилол (жылына 496 мың тоннаға  дейін) 
өндіру.
 Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К3 класындағы мотор отындарының шығарылуын қамтамасыз ету.
 Зауыттың теңдестірілген қуатын жылына 5,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту.
 Атмосфераға ластағыш заттардың тасталуын қысқарту есебінен қоршаған ортаға тиетін зиянды азайту.
Бірінші іске қосу кешені (бензолды алу блогы бар катализатордың үздіксіз регенерациясымен каталитикалық риформинг қон-
дырғысы):
 2015 жылғы шілдеде бензолдың сынақ партиясы алынды;
 2015 жылғы желтоқсанда бірінші іске қосу кешені пайдалануға енгізілді (бензолды алу блогы бар катализатордың үздіксіз ре-
генерациясымен каталитикалық риформинг қондырғысы).
Екінші іске қосу кешені (хош иісті көмірсутегі өндіру қондырғысы):
 2015 жылғы қазанда параксилолдың сынақ партиясы алынды;
 Объектіні пайдалануға енгізу жұмыстары жүргізілуде.
2011 ж. «Мұнайды терең өңдеу кешенін салу» жобасы бойынша «Sinopec Engineering»/«Marubeni»/«ҚазҚұрылысСервис» МГҚС 
АҚ (ҚХР/Жапония/Қазақстан) мердігерлер консорциумымен «толық аяқтап бітіру» шарттарында ЕРС-келісімшарт жасалды.
Жобаның мақсаты:
 Мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту;
 Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4, К5 кластарындағы мотор отындарының шығарылуын қамта-
масыз ету;
 Зауыттың қуатын жылына 5,0-ден 5,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту.
Жұмыс құжаттамасын, құрылыс-монтаж жұмыстарын әзірлеу жүргізіліп жатыр. Темір-бетон қадаларын қағу, фундаменттерді 
орнату, жабдықтың, жерасты құбырларының, резервуарлардың монтажы орындалуда. Ұзақ уақыт бойы жасалатын ірі көлемді 
жабдығын жеткізуге тапсырыстар толығымен орналастырылды. 
Жобаны механикалық аяқтаудың жоспарланатын мерзімі – 2016 жыл.
Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құру («ПКОП» ЖШС)
Италиялық Technip S.p.A. компаниясы «ИК «Казгипронефтетранс» ЖШС-мен бірлесіп, Шымкент МӨЗ жаңғырту және қайта құру 
жобасының ТЭН әзірленді. Күкіртті өндіру, дизельдік отынды гидротазарту, изомеризация қондырғыларының, сондай-ақ не-
гізгі кезеңнің жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. 
Жобаның мақсаты:
 Өнімділікті жылына 6 млн. тонна мұнайға дейін ұлғайту;
 Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық кластарындағы мотор отындарын өндіру;
 Өңдеу тереңдігін ұлғайту.
I кезең бойынша:
Дизельдік отынды гидротазарту және күкірт өндіру қондырғысы пайдалануға енгізілді.
2014 жылы «толық аяқтап бітіру» шарттарында изомеризация қондырғысын салуға арналған ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. 
Құрылыс-монтаж жұмыстары, технологиялық жабдыққа тапсырыс беру және оны беру жүргізіледі.
II кезең бойынша:
2015 жылғы 16 қаңтарда ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. Жұмыс құжаттаманы әзірлеу, жабдықты дайындауға және жеткізуге 
тапсырыстарды орналастыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге дайындау жүргізілуде. 
Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017 жылдар.


ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
42
Павлодар МХЗ қайта жаңарту
Жобаның мақсаты: Кеден одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 классындағы мотор отындарының шыға-
рылуын қамтамасыз ету.
Rominserv S.R.L. (Румыния) және NFC (ҚХР) компаниясы жобаның мердігерлері болып табылады.
2015 жылғы мамырда жұмыстардың көлемі мен жобаны құны азайтылып, жобаны оңтайландыру жүргізілді. 2015 ж. 26.05 – 
шешімді Мұнай-газ және энергетикалық салаларды дамыту жөніндегі ВАК келісті.
2015 ж. 03.12. – 1-іске қосу кешенінің ЖСҚ бойынша оң қорытынды алынды.
2, 3-іске қосу кешендері бойынша ЖБСҚ «Мемсараптама» РМК қарауында.
1-іске қосу кешенінің қондырғыларында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде: фундаменттерді орналастыру, жабдық пен 
металл конструкцияларының монтажы.
2-іске қосу кешеніне кіретін күкіртті өндіру қондырғыларының блогы бойынша жұмыс құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жалға-
суда, жабдықты дайындауға және 
 
Газ өңдеу саласындағы қызмет
«ҚазРосГаз» ЖШС мен «Газпром Добыча Оренбург» ЖШҚ арасындағы шартқа сәйкес Қарашығанақ кен орнының жылына ша-
мамен 8 млрд. текше м. тазартылмаған газды өңдеу Орынбор газ өңдеу зауытында жүзеге асырылады. Тауарлық газ Қазақстан-
ның ішкі нарығына, сондай-ақ экспортқа жіберіледі.
«Газпром» ААҚ Орынбор газ өңдеу зауыты 1966 жылы ашылған Орынбор газ-конденсат кен орнының базасында құралды. Бен-
зинделген газ, тұрақты конденсат пен тұрақты мұнай, техникалық күкірт, жеңіл көмірсутегінің кең фракциясы, одорант, сұйы-
тылған газ, отын газы негізгі өңдеу өнімдері болып табылады.
Маркетинг және сату
 
Мұнай және мұнай өнімдері
«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ-ӨМ) экспортқа, сондай-ақ ҚР ішкі нарығына мұнай өнімдерінің кең ассорти-
ментін сатады (көтерме және бөлшек сауда).
«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ-ӨМ) экспортқа, сондай-ақ ҚР ішкі нарығына мұнай өнімдерінің кең ассорти-
ментін сатады (көтерме және бөлшек сауда).
Қазақстанның ішкі нарығындағы мұнай өнімдерінің бөлшек сату Қазақстанның барлық өңірлерінде, Астана мен Алматы қа-
лаларында орналасқан «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істейтін май құю станцияларының желісі («ҚазМұнайГаз Өнімдері» 
ЖШС) арқылы жүзеге асырылады. 
2016 ж. 01.01 жағдайы бойынша Компанияның Қазақстанның мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығындағы үлесі 16%-бті 
құрайды. 2018 жылға қарай нарықтың үлесін кем дегенде 20%-ке, ал 2022 жылға қарай 32%-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 
«ҚазМұнайГаз» жеке бөлшек сату желісін кеңейту бағдарламасы жаңа автомай құю станцияларын салу есебінен, сондай-ақ жұ-
мыс істеп тұрған станцияларды қайта жарақтау есебінен жүзеге асырылады. ҚМГ АҚС салу кезінде озық әлемдік тәжірибе қол-
данылады, модульдік конструкциялар, ең жаңа деген отын тарату колонкалары, озық бағдарламалық жасақтама орнатылады. 
2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ-ӨМ меншігінде 321 АҚС болды, оның ішінде 305 – жеке, 1 – жалданған, 
3 – біріктірілген (АҚС/АГҚС), 12 АГҚС, сондай-ақ 1 АГҚС және де 11 мұнай базасы мен 2 кемпинг. Сонымен бірге, 2015 жылдың 
төртінші декадасында CODO бағдарламасын іске асыру – 151 АҚС басқару функциясын жеке кәсіпкерлерге беру басталды.
ҚМГ, мұнай және мұнай өнімдері саласындағы ұлттық оператор ретінде Энергетика министрлігінің кестелеріне сәйкес төмен-
детілген бағалар бойынша әлеуметтік мәні бар мұнай өнімдерін тиеп жөнелтуді жүргізеді. ҚМГ-ӨМ егу және жинау жұмыстары-
ның кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арзандатылған дизельдік отын жеткізуді, ал жылыту маусымы басталғанда, 
әлеуметтік-өндірістікі объектілер мен мекемелерінің қажеттіліктеріне мазут жеткізуді жыл сайын жүзеге асырады. 2015 жылы 
ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне 120 мың тонна дизельдік отын, жылыту қажеттіліктеріне 24 мың тонна мазут тиеп 
жөнелтілді. 
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж. 12.12 №1304 қаулысымен төменде аталғандар Қазақстан Республи-
касының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республи-
касының Ұлттық гвардиясына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласында 
уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу бойынша бірыңғай операторлар болып белгіленді:
1. бензин мен дизельдік отын – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС;
2. авиациялық отын – «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС;


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау