187
Картометриялық есептеу дəлдігін арттыруға мүмкіндік беретін
картографиялық торды жиілендіру қосымша меридиандар мен
параллельдер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Картада мери-
диандар мен параллельдер бірдей қашықтықта жүргізілсе оларды
теңдей бөліктерге бөледі. Егер меридиандар мен параллельдердің
арақашықтығы бірдей болмаса градустар саны кіші ендіктерге
қарай белгілі бір өлшемде жылжытуға тура келеді.
Картадағы екі қаланың арасында түзу сызық жүргізу
арқылы құрылымдық кешенді қима-сызба тұрғызу.
Құры лым ды көлденең қима-сызба тұрғызу үшін Қазақстан
Республикасының масштабтары бірдей физикалық, геологиялық,
тектоникалық, климаттық, топырақ жəне өсімдіктер жамылғысы-
ның картасы алынады. Талдықорған мен Қарағанды қалалары
аралығының құрылымды көлденең қима-сызба тұрғызу үшін
көлденең масштабты картамен бірдей 1:7 500 000, ал тік мас-
штабты 1:50 000 етіп алады.
Гипсометриялық шкала бойынша қабатты бояулардың сəйкес
келетін биіктігін көлденең қима-сызбаның тік масштабына
белгілейміз. Ал екі нүктені қосатын сызық бойындағы өлшеп
алған белгілі бір қабатты бояудың ұзындығын көлденең масштаб
бойынша белгілейміз де тік масштаб шкаласынан басталатын
бірінші жəне екінші нүктенің арасын қосамыз.
Екеуінің арасы шкалада көрсетілгендей 500 м айырма жаса-
уы тиіс. Осы əдіспен екі нүктені қосатын түзу сызық бойындағы
Қазақстанның физикалық картасындағы биіктік шкаласының
белгілі бір мəніне сəйкес келетін қабатты бояулардың ұзындығын
өлшеп тік жəне көлденең масштабқа сай белгілеп жер бедерінің
ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндік беретін қисық сызық
жүргіземіз.
Одан кейін жоғарыда көрсетілген əдіске негізделіп жер бедерінің
екекшеліктерін сипаттайтын сызықтың астына тектоникалық
картадан кристалды іргетасының жатқан тереңдігін, геологиялық
картадан əртүрлі геологиялық жастағы тау жыныстарының
қабатын индекспен немесе бояумен белгілейміз. Содан соң бетіне
топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, буланудың, температура
мен жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерін, ылғалдану
коэфициентін түсі əртүрлі сызықтармен жүргіземіз. Көлденең
188
қима-сызба тұрғызылатын нүктелер арасын қосатын сызық
бойындағы географиялық нысандардың аттары жазылады.
Құрылымдық кешенді қима-сызбаның астыңғы жағына тік
жəне көлденең масштабтардың мəндері, қамтылған құбылыс-
тардың шартты белгілері жазылады.
Ұсақ масштабты карталардан қисық сызықтардың
ұзындықтарын анықтау. Өзен, жол, шекара сияқты қисық
сызықтардың ұзындықтардын төменде көрсетілген бірнеше
əдістердің көмегімен анықталады:
1. Сызықтың екі жағында курвиметрдің немесе арақашықтығы
ауысып отыратын микроциркульдың көмегімен өлшеп орташа
нəтижесін алу. Курвиметрмен немесе штангециркульмен қисық
сызықтардың ұзындығын үш рет өлшеп алып шыққан сандарды
бір-біріне қосып жиынтығын үшке бөледі.
2. Ұзындығы 15-20 см-ден аспайтын салыстырмалы түрде
қысқа қисық сызықтарды өлшеудің тиімді əдісі циркульды
аттатқан сайын қисық сызықтың арақашықтықтары өлшенетін
бөліктерінің аралықтарын біртіндеп арттырып отыру қажет.
Бұл əдісте циркульдің аяқтарын аттатқанда жəне есептегенде
қателіктер кетпейді.
3. Қисық сызықтар желісін есептегенде мөлдір каль-
ка қағазына 2-4мм тең бұрышты торлар жүргізілген шаршы-
лы полеткалар қолданылады. Полетка картаға бір рет қойылып
шаршының тік жəне көлденең сызықтары қанша рет қилысатын
саны жылдам есептелінеді. Екінші рет өлшеу полетканы 45°
бұрғанда шаршының тік жəне көлденең сызықтарының қилысы
п
1
қайта есептелінеді. Формула бойынша қисық сызықтар желісі
төмендегі формула бойынша есептелінеді.
∑ е=
⎟
⎠
⎞
⎜
⎝
⎛ +
2
4
1
n
n
d
π
.
Мысалы, 1:1 000 000 масштабты Алматы облысының
картасындағы теміржол торларының жиілігін п =83 . шаршының
жақтары 4см масштабы бойынша 1см=10 шақырым. Формулаға
қоя отырып теміржолдың ұзындығын есептеп шығарамыз.
2
1
n
n +
=84
189
∑ е=
3.14
4
. 10 . 84=659,4 шақырым
Көлемді өлшеу табиғаттағы заттардың балансын оқып-үй ре-
ну олардың көлемін өлшеу мен тығыз байланысты. Мысалы, 1см
геоморфологияда ығыстырылып, бір жерден екінші жерге тасы-
малданған тау жыныстарының көлемі, климатологияда жау
ған
жауын-шашынның, гидрологияда зерттелетін аумақтан ағып өте -
тін судың, мұздықтардың, қар жамылғысының көлемі анық та лады.
Изосызықтармен кескінделген географиялық нысандардың
көлемін анықтау қиындық тудырмайды. V көлем жазықтық
қимасының аралығын қамтитын жеке қабаттар көлемінен
тұратын жиынтық көлем v
1
түрінде берілуі мүмкн. Оны төмендегі
формуламен есептеп шығаруға болады:
V= v
1
+ v
2
+.....+ v
n
=
+
+
h
P
P
2
2
1
+
+
h
P
P
2
3
2
+
+
−1
2
n
n
n
h
P
P
3
1
P
n
·
h
Δ
,
Мұндағы Р
п
жəне Р
п+1
– қабатты шектейтін төменгі жəне
жоғарғы жазықтықтың ауданы; h
n
-қабаттың биіктігі;
3
1
P
n
·
h
Δ
–
нысанның қимасы бар ең соңғы жазықтықтан
h
Δ
биіктік айыр-
ма жасайтын шыңының ауданы. Осы əдіспен тау түзілістерінің
ғана емес, егер изобатпен, қардың қалыңдығы изосызықтармен
берілгіленіп, ең терең жері берілсе теңіздердегі, көлдердегі судың,
қар жамылғысының да көлемдерін есептеп шығаруға болады.
Ұсақ масштабты карта бойынша географиялық коорди-
натты анықтау. Ұсақ масштабты карталардан қажетті нысанның
географиялық координаттарын анықтаудың екі тəсілі бар. Бірінші
дəл емес тəсілді қолданғанда нүкте арқылы картаның градустық
бұрыштамаларын қиып өтетін меридиан мен параллель жүргізеді.
Ендікті анықтау үшін бүйір бұрыштамалардан (батыс жəне
шыңыс) градус саны кіші параллельден қиып өтетін көлденең
сызыққа дейін теңдей градустық бөліктерге бөліп санайды.
Бойлықты анықтау үшін оңтүстік жəне батыс бұрыштамалардан
градус саны кіші меридианнан қиып өтетін тік сызыққа дейін
теңдей градустық бөліктерге бөліп санайды. Шыққан сандарды
градусының мəні кіші параллель мен меридианға қосып жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |