3
Шарт бойынша өзінің міндеттемесін толық орындағанға дейін əрекет ете береді.
3.3. Карточканы жоғалтқан, жойылған не Клиенттің қалауымен оны қайта шығару жағдайында, Клиенттің
тиісті жазбаша арызы негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Банк Шарттың 4.5. тармағына
сəйкес, Қолданылатын Тарифтерге сай Карточканы қайта шығару үшін комиссияны ұстап қалуды
жүзеге асырады.
3.4. Шарттың 3.1., 3.3. тармақтарына сəйкес қайта шығарылған Карточкаларға, тиісті Карточканы қайта
шығару сəтінде əрекет ететін Шарттың жағдайы тарқатылады.
3.5. Карточканы Ұстаушы Арыз берген күннен бастап, 6 (алты) күнтізбелік ай мерзімінен аса уақыт бойы,
Карточканы алу үшін Банкке келмеген жағдайда, Банк Карточканы жойып жіберуге құқықты. Бұл
жағдайда Банктің Карточканы шығару мен қызмет көрсетуі үшін алған комиссия қайтарылмайды.
4. Клиенттің Банкпен өзара тарифтері мен есептесулері
4.1. Шарт бойынша Банк ұсынатын қызметтер үшін, Клиент (сондай-ақ Шартпен тағайындалған
жағдайларда – Қосымша Карточканы Ұстаушы) Банкке операцияны жасау датасында əрекет еткен
Қолданылатын Тарифтерге сəйкес, комиссиялық сыйақы (комиссия) төлеуге міндеттенеді.
4.2. Комиссия төлемі Шарттың 4.5. тармағымен белгіленген тəртіпте жүргізіледі.
4.3. Қолданылатын Тарифтерді Банк Карточканы Ұстаушыға Шартқа қосылғанға дейін ұсынады.
Шарттың 1.3. тармағында қарастырылғандай, Шартқа қосыла отырып, Карточканы Ұстаушы
Қолданылатын Тарифтермен танысқанын жəне оның мөлшерімен, өзгертілу тəртібі мен
қолданылуымен келісетінін қуаттайды.
4.4. Банк Қолданылатын Тарифтерге біржақты тəртіппен өзгерістер ендіруге құқықты. Енгізілген
өзгерістер туралы Банк мұндай өзгерістер күшіне кіргенге дейінгі 10 (он) күнтізбелік күннен
кешіктермей,
Карточканы
Ұстаушыны
Банктің
Интернет
желісіндегі
www.kkb.kz,
www.americanexpress.kz электрондық мекен жайы бойынша орналасқан электрондық сайтына
ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.
4.5. Банк Карточкалық операциялар сомасын (оның ішінде, Банкпен бастапқы Карточка операциясының
қайтарылуы жүргізілген жағдайда, бастапқы Карточка операциясы бойынша есептелген Бонустар
көлеміндегі ақша сомасын), Банк комиссиялары, қате есептелген ақшаны жəне Берешекті, оның
ішінде Карточка Ұстаушының Банк алдындағы өзге берешегін Қазақстан Республикасының
заңдарымен, Шартпен жəне Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған құжаттар негізінде Карт-
шотты тікелей дебеттеу арқылы есептен шығарады, ал Карт-шотта ақша болмаған жағдайда:
• Қазақстан Республикасының заңдарымен, Шартпен жəне Банктің ішкі құжаттарымен
қарастырылған құжаттар негізінде Банкте ашылған Карточка Ұстаушының кез келген банктік шотын
тікелей дебеттеу жəне/немесе;
• Карточка Ұстаушының Банкте не Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде кез келген
басқа банктерде (жекелеген банк операцияларын жүргізетін ұйымдарда) ашылған банк шоттарына
төлем тапсырма-талабын ұсыну арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасының немесе тиісті шетел
мемлекетінің заңнамасында Карточка Ұстаушының қосымша акцепті талап етілмесе, төлем тапсырма-
талабын ұсынуға рұқсат беріледі жəне Банктің мұндай төлем тапсырма-талабына Шарттың
түпнұсқасы немесе нотариуспен куəландырылған көшірмесі немесе ақшаны акцептсіз алуға (есептен
шығаруға) қажетті басқа да құжаттар қосымша беріледі.
Карточка Ұстаушының Банкте ашылған банктік шотында ақша жеткілікті болған жағдайда, Банктің
төлем құжаты (оның ішінде төлем тапсырма-талабы) онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы
тиіс, ал Банктің төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын алу (есептен шығару) үшін - ақша
жеткіліксіз болған жағдайда - Карточка Ұстаушының Банкте ашылған банктік шотының
картотекасында сақталады.
Карточка Ұстаушының банктік шотынан ақшаны өзге (Карточка Ұстаушының міндеттеме
валютасынан бөлек) валютада акцептсіз алған (есептен шығарған) жағдайда, валюталық заңнама
талабына сəйкес алынған ақшаны міндеттеме валютасына айырбастау - Банктің таңдауы бойынша –
Қолданыстағы Тарифтерге сəйкес Карточка Ұстаушының есебінен айырбастау жүргізу үшін комиссия
сомасы ұсталып (оның ішінде айырбасталған сомадан айырбастағаны үшін комиссия ұсталғанда),
Банкпен алынған валютаны немесе Карточка Ұстаушының міндеттеме валютасын сату немесе сатып
алу белгіленген бағамы бойынша жəне /немесе Банкпен алынған валютаның немесе Карточка
Ұстаушының міндеттеме валютасына белгіленетін бағамы бойынша жүргізіледі
Осымен Карточка Ұстаушы Шарттың осы тармағында белгіленген жағдайлары мен тəртіпте Банкке
Карточка Ұстаушының қосымша келісімісіз (акцептсіз) ақшаны есептен шығару құқығын ұсынады.
4.6. Карточканы Ұстаушы Карт-шотына (соның ішінде Банктің Несие/Жалақы несие ұсыну жолымен)
жаңылысып аударылған ақшаны не Банкоматтың бақылау чегінде көрсетілген Банкоматты пайдалану
арқылы Карточканы Ұстаушы сұратқан ақшадан көп соманы жаңылысып алғанда, Карт-шот бойынша
көшірмені алған сəттен не Банктің жазбаша тиісті талап етуі бағытталған сəттен бастап 2 Банктік
күннен кешіктірмей Банкке қайтаруға міндеттенеді.
4.7. Карта Ұстаушының (Карта Иесінің) жұмыс берушісі Карта Ұстаушы мен жұмыс беруші арасындағы
4
келісімдік қатынастар жүзінде (немесе оған арналған ақша көлемінен артық) Карта Ұстаушыға
арналмаған ақшаны Карта-шотына қателікпен (ағаттықпен) аударған жағдайда, жұмыс берушіге Карта
Ұстаушыға жасалған төлемнің қате жасалғандығы жөнінде ескерту жасау негізінде Карта Ұстаушы
Шартты орындай отырып, Банкке Карта-шотынан тиісті ақша сомасын тікелей дебеттеу арқылы алып
тастауға келісім береді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің Карта Ұстаушыға байланысты
талаптарының негізділігі бойынша жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі; Банк тарапынан жұмыс
беруші мен Карта Ұстаушы арасында туындаған даулы жағдайына еш қатысы болмайды.
5. Карточканы құлыптап тастау
5.1. Карточканы құлыптап тастау:
• Карт-шоттарды құлыптап тастаусыз – Карточка Ұстаушының Карточканы жоғалтып
алуына/ұрлануына жəне бөгде біреудің Карт-шотқа рұқсатсыз кіруіне байланысты өтініші
негізінде;
• Карт-шоттарды құлыптап тастау арқылы – уəкілетті мемлекеттік органдардың жəне/немесе
лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген рəсімдерге сəйкес
Карт-шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатылуы, Карт-шоттардағы ақшаға тыйым
салынуы туралы шешімдері/қаулылары негізінде жəне/немесе Шартпен қарастырылған басқа
жағдайларда жүргізіледі.
5.2. Банк төмендегі жағдайларда өз бастамасы бойынша Карточканы жəне/немесе Карт-шотты (не
Идентификатор мен Парольды) құлыптап тастауға құқықты:
• Карточканы Ұстаушы Шарт/ Кредит шарты жағдайларын бұзғанда;
• Банктің пікірі бойынша Карточканы Ұстаушы жəне/немесе Банкке залал келтіруі мүмкін
жағдайдың бар болуы;
• Шарттың 4.6., 10.7. тармақтарына сəйкес Банктің жазбаша талабында көрсетілген, Карточканы
Ұстаушы 10 (он) Банктік күн мерзімінің аяқталуы бойынша Қарызын өтемеуі;
• Карточка жəне/немесе Карт-шот алаяқтық операцияларды жүзеге асыруға, ақшаларды заңдастыру
(жуып-шаю) жəне/немесе лаңкестік қызметтерді қаржыландыруға пайдаланылып жүргендігінің
жеткілікті түрде күдігі бар болған кезде;
• Шарт бойынша операцияларды шектейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер
енгізілгенде.
Көрсетілген жағдайларда, егер оны құлыптап тастау қажеттілігі жоқ болатын болса, Карточканы
Құлыптап тастаудан шығаруды Банк жүзеге асырады.
5.3. Карточканы құлыптап тастау туралы Карточканы Ұстаушының нұсқауы, Банкке телефон немесе
байланыстың басқа арнасы не Банкке (Сөз-парольді пайдалану арқылы) тікелей жазбаша хабарласу
бойынша не Homebank.kz Қаржы порталы (Идентификатор мен Парольды пайдалану жолы) арқылы
ұсынылады. Көрсетілген жағдайларда Карточканы құлыптап тастаудан шығаруды, соңғысының
Банкте тікелей қатысуы кезінде рəсімделетін Карточканы Ұстаушының тиісті жазбаша арызы
негізінде Банк жүзеге асырады.
6. Несие
6.1. Егер Банк қабылданған Арыздың негізінде, Карточканы Ұстаушыға Несиені ұсыну мүмкіндігін
анықтаған жағдайда, Карточканы Ұстаушы Шартпен жəне Банктің ішкі құжаттарымен бекітілген
жағдайларда, Банкпен Несиелік шарт жасауға міндеттенеді.
6.2. Карточканы Ұстаушыға Несиені ұсыну жағдайы Несиелік шартпен реттеледі.
7. Карточкалық операцияларды өткізу тəртібі
7.1. Карточкалық операцияларды өткізу кезінде, Карточканы Ұстаушы Шарттың талаптары мен
Карточканы пайдалану Тəртібін (Шарттың №2 Қосымшасы) есепке ала отырып өзінің қалауы
бойынша Карт-шоттағы ақшаны жұмсайды.
7.2. Банк Карточканы Ұстаушының аударма/Электронды құжат (соның ішінде САР программасын
пайдалану арқылы құралған)/Слип Банкіне келіп түскен/Бенефициардың төлем құжатының Банкке
келіп түскен жазбаша арызы негізінде, Банкке Карточканы Ұстаушының жазбаша арызы берілген
берілген немесе Банк Электронды құжат /Слип/Бенефициардың төлем құжатын алған күннен бастап 3
(үш) Банктік күннен кешікпейтін мерзімде, Карт-шоттан Бенефициардың пайдасына ақшаны
аударады.
7.3. Карточканы Ұстаушының/Карточкалық операция Жүйесінің Қатысушысының бастамасы бойынша,
Банк өткізілген Карточкалық операция бойынша қуаттайтын құжаттарды алғанға дейін,
Авторландыру сомасына тең (Банктің комиссиялық сыйақысын есепке ала отырып) Карт-шоттағы
ақшаны құлыптап тастауға құқықты. Бұл жағдайда Карт-шоттағы құлыптанып тасталған сомалар,
Банк Карточканы құлыптап тастау туралы арызды алғаннан кейін де Банкпен шегеріліп тасталуы
мүмкін.
7.4. Банк Карт-шоттар бойынша ақшаларды есепке алу/шегеру операцияларын өткізбей қоюға құқықты,