№6 (68), маусым, 2009 ақШа ағынын



жүктеу 289,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі289,03 Kb.
#22497


18

№6 (68), маусым, 2009

19

№6 (68), маусым, 2009



ақШа ағынын 

Бағыттаушы

Банк жұмысындағы біздің жолсерігіміз 

Қазкоммерцбанктің шетел валютасы 

мен бағалы металдар операциясы 

басқармасының бастығы евгений 

мИхАйЛОв болды. 

Бұл  адам  клиент-банк-клиент  тізбегі 

бойынша  ақшаның  тиімді  айналымын 

қамтамасыз  ететін  командада  жұмыс 

істейді.

—  Біз  банк  кез  келген  уақытта  клиенттің 

өтінішін 

қанағаттандырып, 

клиенттің 

банктегі  қаражаты  бойынша  кез  келген 

төлемін  орындағанын  бақылаймыз.  егер 

клиенттің  еуромен  ашылған  депозиті  бол-

са,  ол  оны  қолма-қол  ақшамен  алуға,  де-

позитпен төлем жасап немесе өзге валютаға 

ауыстыруға  құқылы.  Осының  барлығын 

қазына  бөлімі  бақылайды.  Біз  клиент  өз 

төлемдерін жүзеге асыра алатындай қажетті 

валютаны қамтамасыз етуіміз керек. 

клиент банкке нақты соманы алатыны не-

месе аударатыны туралы және т.б. сұраным 

жібергенде, біз оған нақты соманы дайын-

дап қоямыз, — дейді евгений. 

Яғни  бастапқы  мақсатымыз  —  қаражат  

қажетті  болған  кезде  оның  қаражаттың 

болуын 

қамтамасыз 



ету. 

Қазына 


департаментінің  (Қд)  екінші  негізгі  функ-

циясы — еркін ақшаны басқару. 

маманның түсіндіруінше, банктің депозиті 

мен несиесі бір–бірімен байланысты екі сау-

ыт  негізінде  жұмыс  істейді.  Бұл  дегеніміз, 

бір клиент банкке ақша салғанда (депозит), 

оны  басқа  клиент  алады  (несие  ретінде). 

егер  депозит  қаражатын  алатын  қарызгер 

табылмаса, банк ақшаны орналастырудың 

басқа  амалын  қарастырады.  ертеңгі  күні 

депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесін 

төлеу үшін. міне, бұл Қд–ның жұмысы. 

– Бұл ақшаға өзге қаржы инструментін сатып 

алып, пайда тауып, сосын клиентке депозит 

бойынша сыйақы мөлшерлемесін төлеу үшін 

бұл  инструментті  сатып  жіберуге  болады,  — 

деп түсіндіріп кетті евгений михайлов. 

алайда  қазына  бөлімінде  бұл  қаражат 

көп  жатпайды  —  бір–екі  апта.  Өйткені  Қд 

«қысқа  ақша»  нарығында  жұмыс  істейді. 

Қазына  бөліміне  нарық  осындай  талап 

қояды  —  қысқа  мерзім,  жылдам  шешім, 

жақсы жауап. 

Қазына  бөлімі  қаражатты  конвертациялау 

және  қысқа  депозиттер  бойынша  барлық 

клиенттермен  жұмыс  істей  бермейді.  тек 

100 мың доллардан көп ақшасы бар және 

сол ақшаны банкке бір күннен көп мерзімге 

бере  алатын  клиенттермен  жұмыс  істейді. 

клиент  ұсынатын  валюта  мен  нарықтағы 

жағдайға  сүйене  отырып,  банк  жеке 

сыйақы  мөлшерлемесін  белгілейді.  еркін 

ақшаны банк түрлі қаржы инструменттеріне 

салады,  сондай–ақ  халықаралық  ақша 

нарығында орналастыра алады. 

—  Банктер  өзара  ликвидпен  алмасады. 

Біреуінде  доллар  көп  болып,  теңге  аз  болуы 

мүмкін. Ол артық долларды бір-екі күнге өзге 

банкке беріп, өзі теңге алады. егер біз клиент-

тен қысқа мерзімге теңге алсақ, біз сол теңгені 

сәйкес  мерзімге  контрагент  банкке  орналас-

тыра аламыз. Біз шығатын айырма бойынша 

пайда табамыз. мәселен, бір мөлшерлемемен 

алсақ, басқа мөлшерлемемен береміз, — деп 

түсіндіріп  кетті  операциялардың  мәнін  евге-

ний михайлов. 

—  Қаражатты  қайда  инвестициялайты-

нын  Қазына  бөлімі  жеке-дара  шеше  ме? 

тәуекелдік ше? — деп сұрадым мен. 

—  клиент  қаражаты  жүрген  жерде 

тәуекелдікке  ешкім  бармайды,  —  деп 

жұбатып  қойды  мені  маман.  —  ақша 

тәуекелдігі  жоқ  немесе  тәуекелдігі  төмен 

активке 


салынады. 

мәселен, 

аҚш 

қазынасының  облигацияларына  немесе 



біздің  болжауымызша  белгілі  бір  кезеңде 

өсетін валюталарға, алайда қысқа мерзімге 

— бір аптаға дейін салынады, немесе сәйкес 

валютадағы депозиттерге салынады. 

Сондай–ақ  евгений  банкте  тәуекелділік 

департаменті  жұмыс  істейтінін  айтып  кетті. 

аты айтып тұрғандай, бұл бөлім тәуекелділікті 

есептеп, шектеу қояды. мемлекеттік қаржыны 

қадағалау агенттігі де лимит қояды. 

Оған  қоса  —  іштегі  қатаң  бақылау.  егер 

бір  трейдер  бекітілген  шектеулерге  сай 

келмейтін  мәміле  жасаса,  мәміленің  ли-

митке сай келмейді деп күшін жояды. 

Қд  кез  келген  валютадағы  ақшамен  қатар 

асыл металдармен де жұмыс істейді (алайда 

клиенттер тек алтын сұрайды, ал банктегілер 

күміс  пен  ақ  алтын  операцияларын  да 

ұсынуға  дайын).  менің  әңгімелесушім 

дағдарыстың  салдарынан  металдық  шот-

тар  ерекше  сұранысқа  ие  екенін  айтуда, 

олардың саны күннен күнге өсуде екен. 

евгений  михайлов  оның  себебі  мынада 

дейді: 

—  Қазір  әлем  валюталарының  бағамдары 



қай бағытта жылжитынын айту қиын. Қаржы 

дағдарысынан валюта нарығын болжау қиын. 

Орталық банктердің ресми тұлғалары жасаған 

мәлімдемелері,  жаңалықтары  бағамға  әсер 

ете  алады.  ал  валюта  тұрақсыз  кезеңде  ал-

тын  сұранысқа  ие  болады,  өйткені  ол  валю-

та бағамының ауытқуынан «аулақ жүре ала-

тын» инструмент. алтын бағамы да ауытқиды, 

алайда аз ауытқиды. міне, сондықтан халық 

жинағанының бір бөлігін алтынға салады. Біз 

клиенттерімізге жинағандарыңызды түрлі ва-

лютада  жинауға,  оның  ішінде  алтынмен  де 

жинауға кеңес береміз. түрлі баға бойынша, 

әлемдік валюта қорының 3–тен 5% дейін ал-

тын. Қалғанның барлығы — қағаз. Сондықтан 

консервативті  позицияны  ұстанатын  болсақ, 

өз  жинағаныңыздың  5%–на  алтын  сатып 

алып, ол туралы ұмыту керек. егер барлық ва-

люталар құнсызданатындай дағдарыс болса, 

сіздің жинағаныңыздың құны 5% арқасында 

өзгермейді. 

 

Сонда металдық шот дегеніміз не? 



— Физикалық металдың баламасы, — дейді 

ҚаЗкОмның  шетел  валютасы  мен  бағалы 

металдар  операциясы  басқармасының 

бастығы. — Сіздің шотыңызда біршама ун-

ций  бар,  алайда  физикалық  алтын  жоқ. 

Біз  клиент  үшін  осы  баламаны  сатып  ала-

мыз да, оны швейцария банкінде, Цюрих-

те сақтаймыз. Белгілі бір шарттар негізінде 

біз оны қолма–қол ақшаға аудара аламыз. 

егер біз физикалық алтынымызды алғымыз 

келсе,  бізге  ешкім  қарсы  шыға  алмай-

ды.  алайда  бұл  қосымша  ақша.  Бірақ  біз 

бағамға  сай  алтынды  сатып,  ақшалай  ба-

ламасын кез келген валютада ала аламыз. 

— ал құйма ретінде алуға бола ма?

— Құймамен болады, алайда бізде қолма–

қол ақшалы алтынмен жасалған операция-

лар  үшін  12%  ҚҚС  төленеді.  алтынның 

қазіргі құнына бұл өте көп. егер унция құны 

1000 доллар болса, сіз унциядан 120 доллар 

ҚҚС  төлейсіз.  міне,  сондықтан  қолма–қол 

ақшалы  алтынмен  жасалған  операциялар 

рентабельді емес құймалар. Сіз қолма–қол 

ақшалы алтын сатып алып, оны сатқан кезде 

табыс алу үшін, оның құны кем дегенде 12% 

жоғары болу керек, — евгений михайловтың 

айтуынша, олай болуы екіталай. 

алтын,  валюта,  VIP-клиенттер.  Қазына 

бөлімінің жұмысы қаншалықты құпия, деп 

сұрап жатырмын. 

— Бұл сұрақты қауіпсіздік қызметіне қойған 

дұрыс  шығар,  —  дейді  евгений  михай-

лов.  —  Өйткені  біздің  қызметкерлер  банк-

ке  жұмысқа  тұрарда,  банк  және  оның 

клиенттеріне қатысты кез келген ақпаратты 

жарияламау туралы банкпен келісім-шартқа 

отырады. Қазына бөліміне кімді алады және 

оларға  қойылатын  талап  қандай  деген 

сұрағыма, басқарма бастығы бәрі оңай, деп 

жауап берді. — маман ағылшын тілін біліп, 

экономикалық  процестерді  түсінуі  шарт, 

сондай-ақ  білім  алуға,  жаңаны  үйренуге 

ынтасы болу керек. 

— Суперкәсіби болу міндетті емес, — дейді 

евгений. — Бізге дайын маманды қайтадан 

оқытудан  гөрі,  маманға  өзімізге  керекті 

дәрежеде жұмыс істеуді үйрету жеңілдеу.

Дана БОЛАТОВА

 ҚАрАЖАт


 ҚАрАЖАт

«комсомолканың» корреспонденті банк мамандарының «көлеңкесі» болып, көптеген кабинеттерді 



аралап, банктің «ішкі дүниесін» көріп, ақшаны кім, қалай басқаратынын біліп шықты. 

Бастан өткен нәрсе

жүктеу 289,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау