Оқулық Алматы, 012 Пікір жазғандар



жүктеу 18,93 Mb.
Pdf просмотр
бет21/68
Дата20.11.2018
өлшемі18,93 Mb.
#22245
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

67
Құрылу  ерекшеліктеріне,  басқару  сипаты  мен  акцияларының 
құқықтық  режиміне  қарай  акционерлік  қоғамдар  туралы  заң  бұрын 
жабық  жəне  ашық  акционерлік  қоғамдар  деп  бөлген.  Қазіргі  қол-
даныстағы АҚ туралы заңда мұндай жіктелу көзделмеген.
Құқықтық  жағдайының  ерекшеліктеріне,  АҚ  түрлі  белгілеріне 
қарай  өзге  де  ұйым  топтарын  белгілеуге  болады.  Қоғамның  құ-
рылтайшысы  жалғыз  тұлға  болуы  мүмкін,  яғни  барлық  дауыс  беру 
акциялары  бір  меншік  иесіне  тиесілі  болады.  Бұл  акционерлік 
қоғамның  жеке-дара  құрылтайшысы  не  құрылтайшыларынан  неме-
се  қатысушыларынан  барлық  дауыс  беру  акцияларын  сатып  алған 
қоғамның қатысушысы болуы мүмкін. Акцияларды осылай ұстаудың 
құқықтық  салдары  келесідей  болады.  Біріншіден,  мұндай  акцио-
нерлік  қоғамда  жоғары  орган  (акционерлердің  жалпы  жиналысы) 
болмайды, оның өкілеттілігі акцияларды жеке-дара ұстаушыға өтеді. 
Екіншіден, жалпы жиналысты шақыру, кворум, ұсақ акционерлердің 
құқықтарын қорғау жəне т.б. мəселелер өзектілігін жоғалтады.
Келесі  акционерлік  қоғамдардың  ерекше  тобының  мына  ұлттық 
компанияларда  атауға  болады («Қазмұнайгаз»  ҰК, «Қазпошта»  ҰК, 
«Қазақтелеком» ҰК жəне т.б.). АҚ туралы Заңның 5 тарау 34-бабына 
сəйкес  мемлекеттік  акциялар  пакетін  иелену  жəне  пайдалану  құқы-
ғын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының 
заңдарына  сəйкес  акционерлердің  жалпы  жиналысының  құзыретіне 
жатқызылған  мəселелер  бойынша  акционер  ретінде  мемлекеттің 
мүдделерін білдіреді.
Құқыққабілеттілігіне  қарай  ерекшеліктері,  коммерциялық  негіз-
де пайда болған акционерлік қоғамдар коммерциялық емес қоғамдар 
жалпы емес арнайы құқыққабілеттілікке ие, яғни олар тек заңда жəне 
құрылтай  құжаттарында  белгіленген  қызмет  түрімен  ғана  айналыса 
алады (биржалар, зейнетақы қорлары жəне т.б.).
Сондай-ақ,  логикаға  сүйенсек,  жалпы  құқыққабілеттілігіне  ие 
болуы  тиіс  коммерциялық  АҚ  құқыққабілеттілігіне  заңнаманың 
өзінде  кейде  шектеулер  қойылады.  Атап  айтқанда, «Сақтандыру 
қызметі туралы» Заңда мұндай қызметпен тек акционерлік қоғамның 
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымдардың ғана айналы-
са  алатындығы  айтылады (22-бап).  Осы  заңның  өзінде  сақтандыру 
ұйымдарына  сақтандыру  қызметінен  өзге  қызмет  түрлерімен 
айналысуға тыйым салады (11-бап).
АҚ  туралы  заңның 6-бабына  сəйкес  акционерлік  қоғам  құрыл-


68
тайшылар шешімімен жаңа акционерлік қоғам болып немесе заңды 
тұлғаны қайта құру негізінде (қосылу, бірігу, бөліп шығару, біріктіру, 
қайта құру) құрылуы мүмкін.
Заңның 5-11 баптарында акционерлік қоғамның құрылу тəртібіне 
бірнеше  талаптар  қойылған.  Акционерлік  қоғамды  тіркеу  кезіндегі 
қосымша  талаптар  акционерлік  қоғамның  тіркеу  тəртібін  реттейтін 
актілермен  белгіленеді,  ҚР  «Заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу 
туралы»  заңы 17 сəуір 1998 жылдың  №335-II  немесе  ҚР  Əділет 
Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Бұйрығы, №66, 23 сəуір 
1999  жыл  «заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеудің  Ережелерін 
бекіту туралы».
Акционерлік  қоғамның  құрылтай  құжаттары  болып  құрылтай 
шарты  жəне  жарғы  табылады.  Құрылтай  шарты  негізінде  заңды 
тұлғаны  құру  кезіндегі  құрылтайшылар  арасындағы  қатынастар 
реттеледі.  АҚ  туралы  заңның 7-бабының 1-тармағында  құрылтай 
шартының мазмұны берілген.
Құрылтай  шартында  (жалғыз  құрылтайшының  шешімінде) 
жазылған мəліметтер, егер шарттың өзінде (жалғыз құрылтайшының 
шешімінде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табыла-
ды.
Құрылтай шартында өзге де деректермен бірге құрылтайшылар-
дың  арасында  акцияларды  орналастырудың  тəртібі  мен  мерзімі 
қарастырылады.  Құрылтай  шартының  қолданылуы  жарияланған 
акциялардың  шығарылуы  мемлекеттік  тіркелген  күннен  бастап 
тоқтатылады (7-баптың 4-тармағы).
Жарғы АҚ туралы заңның 9-бабына сəйкес акционерлік қоғамды 
құру кезіндегі басты құрылтай құжаты болады.
Қоғамның  жарғысы  қоғамның  заңды  тұлға  ретiндегi  құқықтық 
мəртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Қоғам жарғысына 
құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол 
қоюға жəне нотариалды куəландырылуға тиiс.
АҚ  қайта  құрылуының  өзінің  ерекшеліктері  бар.  Қайта  құру-
дың барлық нысандарының жалпы шарты болып табылады:
Кезектер
Құжат түрі
Қажет іс-əрекеттер


69
1
Құзырлы 
органның қайта 
құру туралы 
шешімі
Мүлікті  түгелдеуді  бекіту,  салық 
ұйымын жəне бюджеттен тыс қор-
ларды қайта құру туралы хабардар 
ету,  тапсыру  актісін  құрастыру 
мерзімдерін 
бекіту, (бөлу 
балансы),  бухгалтерлік  есептілік 
жасау мерзімдерін анықтау, т.б. 
2
Қосылу немесе 
біріктіру 
туралы шарт
Құрылтайшылардың жалпы жина-
лысы бірігу немесе қосылу  туралы 
шарты қоғамның жарғысын немесе 
оған  енгізілген  қосымшалар    мен 
толықтыруларды бекітеді
3
Мүлікті 
түгелдеу 
тізімдемесі
Қайта 
құрылатын 
тұлғаның 
барлық  мүлік  түрлерін  жəне 
міндеттемелерін анықтау.
4
Бағалау актісі
Шешімде  бекітілген  тəсілдермен 
мүлікті  жəне  міндеттемелерді  
бағалау.
5
Тапсыру актісін 
(бөлу балансы)
Мүлік 
пен 
міндеттемелерді 
тапсыруды растайтын құжаттарды 
дайындау.
6
Қорытынды 
бухгалтерлік 
есеп
Қорытынды 
бухгалтерлік  
есептілік-кіріспе 
бухгалтерлік 
есептілік жасаудың негізі
7
БАҚ 
хабарландыру
Қайта 
құру 
туралы 
БАҚ 
хабарландыру беру
8
Жаңа құрылтай 
құжаттары
Жаңа 
заңды 
тұлғалардың 
құрылтай  құжаттары,  құрылтай  
құжаттарына енгізілген өзгертулер  
мен  толықтырулар  немесе  сондай  
құжаттарды қайта толтыру. 


жүктеу 18,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау