58
2) егер, шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемедегі борышқор
тарапындағы бірнеше кəсіпкерлер өздерінің міндеттемелерінің орын-
далмағанына немесе тиісінше орындалмағанына ортақтасып жауап
береді.
3) егер шартта өзгеше көзделмесе, кəсіпкерлік қызметтен туын-
дайтын міндеттемелер мерзімінен бұрын орындала алмайды. Соны-
мен бірге, кəсіпкердің өзге де міндеттері шарттағы тиісті ескертпесіз-
ақ мерзімінен бұрын орындалуы мүмкін.
4) кəсіпкерлік қатынастардан туындайтын міндеттемені орындау
барысында зиян келтірген кəсіпкер кінəсіз негіздерде жауап береді.
Демек, кəсіпкердің жауаптылығы зиянның келтірілуіндегі оның
кінəсін есептеместен орын алады. Мұндағы маңыздысы субъектінің
(кəсіпкердің) мəртебесі жəне оның қызметі (кəсіпкерлік) болады.
ҚР азаматтық құқығында кəсіпкерлік қызметтің субъектілерінің
бірнеше негіздер бойынша жіктелінетіндігі айтылуда. Мысалы, жеке
кəсіпкерлік туралы заңда заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлердің үш
түрі қарастырылады:
а) заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны
елу адамнан аспайтын дара кəсіпкерлер жəне кəсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адам-
нан аспайтын жəне жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгіленген 60 000 еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар шағын
кəсіпкерлік субъектілері болып табылады;
б) заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны
елу адамнан астам дара кəсіпкерлер жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге
асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 50-ден астам, бірақ
250 адамнан аспайтын жəне жыл бойғы активтердің орташа жылдық
құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда белгіленген 325 мың еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар
орта кəсіпкерлік субъектілері болып табылады.
в) жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық
орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің
жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюд-
жет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген
айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кəсіпкерлік
субъектілері болып табылады.
Енді заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары-
на тоқталсақ. Өйткені олар белгілі бір нысанды алу арқылы ғана
азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастарға қатыса алады.
59
Жоғарыда аталып өткендей, заңды тұлғалар коммерциялық жəне
коммерциялық емес болып бөлінуі мүмкін. Ал коммерциялық заңды
тұлғалар таңдай алатын ұйымдық-құқықтық нысандардың тізімі ҚР
заңнамасында айтарлықтай нақты айқындалған.
Кəсіпкерлік қызметпен байланысты əркеттерді жүзеге асыруда ең
кең таралған ұйымдық-құқықтық нысан, ол шаруашылық серіктестік
болып табылады. Шаруашылық серіктестіктер туралы жəне оның же-
келеген түрлері туралы жалпы ережелер ҚР АК берілген.
Шаруашылық серіктестіктердің құрылуы жəне қызмет етуі,
сондай-ақ шаруашылық серіктестіктер туралы ҚР Заңымен де
реттеледі. Шаруашылық серіктестік нысанында құрылатын
коммрециялық ұйымдардың жеке түрлерінің құқықтық статусының
ерешеліктері, нормалары АҚ сəйкес келетін арнайы заң актілермен
көзделуі мүмкін.
ҚР АК 58-бабына сəйкес жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық
ұйым шаруашылық серiктестiк деп танылады.
АК шаруашылық серіктестіктердің келесідей түрлері бекітілген:
1) толық серіктестік;
2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
4) сенім серіктестігі;
Бұл ұйымдық-құқықтық нысан да капиталдар мен тұлғалар
бірлестігінен тұрады. Шаруашылық серiктестiктiң құрылтай құ-
жаттарына нотариат куəландыруға тиiс жарғы жəне құрылтай шарты
жатады.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қыз-
мет нəтижесi құқығын қоса алғанда жəне өзге де мүлiк (Қазақстан
Республикасының
секьюритилендіру
туралы
заңнамасына
сəйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалып-
тастырылатын арнайы қаржы компанияларын жəне Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына
сəйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)
шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым
бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға
заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары
барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң
барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша
ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма
60
мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе,
оның бағасын тəуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушы-
ның салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құ-
жаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.
Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға
берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi
алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап
бередi.
Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн
жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында
көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану
төлемiмен анықталады.
Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық жəне өзге де материалдық
емес игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған
талаптарын есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.
Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркелгеннен
кейін қатысушылар мəртебесіне ие болады. Жалпы ереже бойынша
шаруашылық серіктестіктің құрылтайшысы заңды жəне жеке тұлға
бола алады.
Заңда шаруашылық серіктестік қатысушысы ретінде өкілдік,
атқарушы жəне сот билігінің органдарына қатысуға тыйым сала-
ды. Ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда шаруашылық
серіктестік қатысушылары ретінде осы мақсаттарда арнайы құрыл-
ған атқарушы органдар болуы мүмкін.
Толық серiктестiктен жəне сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға
құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi
оның бiрден-бiр қатысушысына тиесiлi болады.
Заңнамада серіктестіктердің жарғылық капиталына, олардың
мөлшерлеріне белгілі бір талаптарды қояды жəне осы арқылы
серіктестіктің əр түрінің жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері, оны қалыптастыру жəне өзгертудің тəртібі мен мерзімдері
айқындалады.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық
капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi жəне тиiсiнше
олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi
(мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар бо-
лады. Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi
өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында
өзгеше көзделмесе, салып қоюға жəне сатуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |