болған жағдайда, осы баптың 4тармағында көзделген тұлғалардан басқа, жазбаша сұрау
салу негiзiнде, сондайақ:
1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға;
2) нотариустарға: өздері жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустың
мөрiмен расталған, оның жазбаша сұрау салуы негiзiнде беріледі.
Нотариустың жазбаша сұрау салуына қайтыс болу туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса
берiлуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша
берiледi.
6. Мыналар:
1) кредиттік бюроларға микроқаржы ұйымдарының теріс ақпарат беруі және
күнтізбелік жүз сексен күннен асатын мерзімі өткен берешегі жөнінде кредиттік тарих
субъектісі туралы кредиттік бюролардың теріс ақпарат беруі;
2) заңды тұлғаға микрокредит бойынша талап ету құқықтарын беру кезінде күмәнді
және үмітсіз деп сыныпталған және ол бойынша теріс ақпараты бар осы микрокредитпен
байланысты ақпаратты аталған тұлғаға микроқаржы ұйымдарының беруі микрокредит
беру құпиясының ашылуы болып табылмайды.
22бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау
Микроқаржы ұйымының бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті
жасауы, бухгалтерлік есептің жүргізілуін автоматтандыру уәкілетті органның нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
23бап. Құжаттарды сақтау
Микроқаржы ұйымының қызметiне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
24бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн
жарнамаға тыйым салу
1. Микроқаржы ұйымдары ретiнде тiркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер
беру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2. Микроқаржы ұйымдарына өздерiнiң қызметi туралы оны жариялау күнінде
шындыққа сай келмейтiн жарнама жасауға тыйым салынады.
25бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату
Микроқаржы
ұйымдарын
қайта
ұйымдастыру
және
тарату
Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
26бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және
сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
Пруденциялық нормативтердің және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен
лимиттердің құрамына:
1) жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi;
2) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;
3) меншікті капиталдың жеткiлiктiлiгi;
4) бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
5) левередж коэффициенті кіреді.
27бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) есептік тіркеуді жүргізедi;
2) микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
3) пруденциялық нормативтердi және микроқаржы ұйымының сақтауы мiндеттi өзге
де нормалар мен лимиттердi және оларды есептеу әдістемесін, сондайақ олардың
орындалуы туралы есептілікті табыс етудің
нысандары мен мерзімдерін
әзірлейді және
бекітеді;
4) микроқаржы ұйымының есептілік
тiзбесiн
, нысандарын, оны табыс ету мерзiмдерi
мен тәртiбiн айқындайды;
5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді
сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру
қағидаларын
әзірлейді және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін
қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім
бойынша бекітеді;
6) микроқаржы ұйымының қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206V ҚР
Заңымен
61) тармақшамен толықтырылды
61) микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
ісқимыл туралы
заңнамасында
көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге
асырады;
7) осы Заңның
15бабы 2тармағының
бірінші бөлігінде және
16бабының
5тармағында
көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, микроқаржы ұйымдарын
қайта ұйымдастыру не тарату туралы сотқа талап арыз береді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
28бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және
оларды қолдану негіздері
1. Микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де
нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен
қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз ісәрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде
уәкілетті орган осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады. Ықпал ету
шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсіндіріледі.
2. Уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шаралары ретінде микроқаржы ұйымына
мынадай шектеулі шараларды қолдануға:
1) мiндеттемехат талап етуге;
2) орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқама беруге;
3) жазбаша ескерту шығаруға;
4) жазбаша келісім жасауға құқығы бар.
Микроқаржы ұйымының мiндеттемехатында орын алып отырған кемшiлiктердi
мойындау фактiсi және микроқаржы ұйымы басшысының жоспарланған шаралар тiзбесiн
көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою жөніндегі кепiлдігi болуға тиiс.
Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзеу шараларын
қабылдау туралы микроқаржы ұйымына берілген нұсқау уәкілетті органның жазбаша
нұсқамасы болып табылады. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым
жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Қазақстан
Республикасының
заңнамасын
микроқаржы
ұйымының
бұзғанын
(бұзушылықтарын) уәкілетті орган анықтаған жағдайда немесе егер орын алып отырған
кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмайтын болса, осы баптың