мөлшерлемелерін
(оларды
төмендету
жағдайларын
қоспағанда)
және
(немесе)
микрокредиттi өтеу тәсiлi мен әдісін, сондайақ тарифтер мен комиссиялардың
мөлшерлерін (оларды төмендету жағдайларын қоспағанда) өзгертуге;
2) жеке тұлға болып табылатын, микроқаржы ұйымына микрокредит сомасын
мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтарған қарыз алушыға микрокредитті
мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл санкцияларын қолдануға құқылы емес.
8бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi
1. Өтініш беруші:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер
беру тарифтерімен танысуға;
2) микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға)
байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат алуға;
3) микрокредит беру туралы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
2. Өтініш беруші микроқаржы ұйымына микрокредит беру туралы шарт және қарыз
алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін шарттар жасасу үшін
қажетті, осы Заңның
20бабының 3 және 4тармақтарында
айқындалған құжаттар мен
мәліметтерді ұсынады.
3. Өтініш берушінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгіленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
9бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Қарыз алушының:
1) микрокредиттер беру қағидаларымен, микроқаржы ұйымының микрокредиттер
беру тарифтерімен танысуға;
2) алған микрокредитке микрокредит беру туралы шартта белгіленген тәртіппен және
талаптармен билік етуге;
3) өз құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
қорғауға;
4) микрокредит беру туралы шарт бойынша берілген микрокредит сомасын
микроқаржы ұйымына мерзімінен бұрын толық немесе ішінара қайтаруға;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру
туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қарыз алушы:
1) микрокредит беру туралы шартта белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен алынған
микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша сыйақыны төлеуге;
2) микроқаржы ұйымы осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәлiметтердi беруге;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында және
микроқаржы ұйымымен жасалған шарттарда белгіленген өзге де талаптарды орындауға
мiндеттi.
10бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
1.
Микрокредит
беру
туралы
шарт
бойынша
мiндеттемелер
Қазақстан
Республикасының
азаматтық заңнамасында
көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
2. Микрокредиттер беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша қарыз
алушыларға қойылатын микроқаржы ұйымдарының талаптарына наразылық және талап
қою мерзімдерінің өтуі қолданылмайды.
3тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
11бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы шаруашылық серiктестiктің ұйымдыққұқықтық нысанында
құрылады.
2. Микроқаржы ұйымына
бағалы қағаздар
шығаруға тыйым салынады.
12бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын
мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi
мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
13бап. Микроқаржы ұйымының атауы
1. Микроқаржы ұйымының атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген
сөздер болуға тиiс. Атауында «MҚҰ» деген аббревиатураны пайдалана отырып,
микроқаржы ұйымының атауын қысқартып жазуға жол беріледі.
2. Микроқаржы ұйымы ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында
«микроқаржы ұйымы» деген сөздердi, оның солардан туындайтын, микрокредиттер беру
жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратындығын меңзейтін сөздерді немесе «МҚҰ» деген
аббревиатураны пайдалануға құқығы жоқ.
14бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу
1. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті органға:
1) өтінішті;
2) 2014.16.05. № 203V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
3) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондайақ
меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталғаны туралы ақпаратты;
4) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар болса);
5) микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын, микроқаржы ұйымы бағдарланған
нарық
сегментінің
айқындамасын,
қызмет
түрлерін,
маркетинг
(клиентураны
қалыптастыру) жоспарын, ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін ашып көрсететін
бизнесжоспарды;
6) өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар
(қатысушылар) туралы, атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер
туралы мәліметтерді;
7) микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесін;
8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес жасалған ақпарат беру
туралы шарттың көшірмесін және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды
пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың
көшірмесін береді.
2. Есептік тіркеуден өту және микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу қағидасын
уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі
3. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық
топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі
4. Уәкілетті орган осы баптың 3тармағында белгіленген мерзімде микроқаржы
ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және оны осы шешім туралы