2. Микроқаржы ұйымы:
1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті органға,
сондайақ қарыз алушыларды (өтініш берушілерді) микроқаржы ұйымының орналасқан
жері бойынша, сондайақ қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның заңды мекенжайы
бойынша және қарыз алушы (өтініш беруші) заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша
екi баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиiстi ақпарат жариялау арқылы не
мұндай өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмейтін
мерзімде әрбір қарыз алушыны (өтініш берушіні) жазбаша хабардар ету арқылы жазбаша
хабарлауға;
2) микрокредиттер беру қағидаларының көшiрмесiн микроқаржы ұйымы қарыз
алушысының (өтініш берушісінің) көруі және онымен танысуы үшін қолжетiмдi жерде,
оның ішінде микроқаржы ұйымының интернетресурсы бар болса, сонда орналастыруға;
3) өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге
(қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат беруге;
4) микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге өтеудің
мынадай әдістерімен:
микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең
сомалары және негізгі борыш қалдығы кезеңі үшін есептелген сыйақы кіретін, азайып
отыратын төлемдермен жүзеге асырылатын сараланған төлемдер әдісімен;
микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайып отыратын
төлемдер және негізгі борыш қалдығы кезеңі үшін есептелген сыйақы бойынша азайып
отыратын төлемдер кіретін, микрокредиттің бүкіл мерзімі бойына тең төлемдермен жүзеге
асырылатын аннуитеттік төлемдер әдісімен есептелген микрокредитті өтеу кестелерінің
жобаларын беруге міндетті. Алғашқы және соңғы төлемдердің мөлшерлері басқаларынан
ерекшеленуі мүмкін;
5) қарыз алушыға (өтініш берушіге) микрокредит алуға байланысты оның құқықтары
мен мiндеттерi туралы ақпарат беруге;
2014.10.06. № 206V ҚР
Заңымен
51) тармақшамен толықтырылды
51) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы ісқимыл туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді хабарлауға;
6) микрокредит беру құпиясын сақтауға;
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімін қамтамасыз ету
саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша
уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, берілген микрокредиттер бойынша активтер
мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы
провизияларды (резервтерді) құруға;
8) уәкілетті орган белгiлеген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті
өзге де нормалар мен лимиттерді, оларды есептеу әдістемесін сақтауға;
9) уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде және тәртіппен уәкілетті органға есептілік
ұсынуға;
10) уәкілетті орган анықтаған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты
жоюға;
11) он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды осы Заңның
14бабы 1тармағының 2)
және 6) тармақшаларында
көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы жазбаша
хабардар етуге;
12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгiленген
өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
3. Микроқаржы ұйымы:
1) біржақты тәртіппен микрокредит беру туралы шартқа қол қойған күні қолданыста
болған, микрокредиттерді беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты сыйақы