18
Қазақстан Республикасының Заңы
беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті
тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан
құралады.
5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын
ұйымдастыру заңмен белгіленеді.».
35. 84-бап алып тасталсын.
36. 86-бапта:
1) 2-тармақтағы «төрт жыл» деген сөздер «бес жыл»
деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Респуб-
лика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі
тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі
мерзімінен бұрын тоқтатылады.».
37. 87-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда
жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті
тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің
әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті
айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады.
Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді
қызметтерінен босатуға хақылы.
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемін-
де бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік
білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда
мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік да-
усымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен
босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не
24
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына
берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына
отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты
орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ
ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi
сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
I БӨЛIм
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады,
оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық
татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн
көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм;
мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық
әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда не-
месе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару
нысанындағы бiртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды.
Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және
бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.