Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105

11
(жасампаздық  деңгей),  ғылыми  зерттеулердің  нəтижелерін  талдау 
(рефлексивтік деңгей).
Кəсіби  педагогика  ғылыми  білімдердің  саласы  жəне  жалпы 
педагогиканың  бір  тармағы  ретінде  келесі  міндеттердің  шешімін 
іздестіреді:
1. Кəсіптік  білімнің  теориялық-əдіснамалық  негіздерін  жəне 
кəсіби педагогикада зерттеулер жүргізу негіздерін өңдемелеу.
2. Кəсіптік  білімнің  мəнін,  аспектілерін  жəне  функцияларын 
негіздеу.
3. Кəсіптік білімнің жəне педагогикалық ой-пікірдің даму тари-
хын зерттеу.
4. Отандық  жəне  шетелдік  кəсіптік  білімнің  бүгінгі  жағдайын 
талдау жəне даму болашағын болжау.
5. Жеке тұлғаны кəсіптік оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту заңды-
лықтарын анықтау.
6. Кəсіптік білім стандарттарын жəне мазмұнын негіздеу.
7. Кəсіптік  білімнің  жаңа  əдістерін,  құралдарын,  жүйесін  жəне 
технологияларын өңдемелеу жəне жетілдіру.
8. Кəсіби-педагогикалық  жүйелерді  басқару  принциптерін, 
əдістері  мен  амалдарын  анықтау,  кəсіби-білім  үдерісі  мен  білім 
алушылардың кəсіби дамуын мониторинг арқылы зерттеу.
9. Жоғары кəсіптік білімнен кейінгі жəне кəсіптік білім педаго-
ги-касы проблемалары бойынша ғылыми педагогикалық кадрлар да-
ярлауды қамтамасыз ету;
10.  Кəсіптік білім беру бойынша озық шетел тəжірибесін зерттеу, 
оны отандық кəсіптік білім беру практикасына ендіру мүмкіндіктері 
мен жолдарын іздестіру.
Осы  тұрғыдан  алғанда,  кəсіби  педагогиканың  ғылым  саласы 
ретінде,  кəсіптік  білім  беруге  байланысты  кəсіби  педагогикалық 
жəне қоғамдық іс-əрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерт-
теу мақсаты болып табылады. 
Кəсіби  педагогика – зерттеу  аясы  кең  ғылым  саласы.  Зерттеу 
пəнінің өрісі кең болғандықтан, оның мəнін тек өзге ғылымдармен 
байланысы негізінде ғана түсіндіруге болады.
Философия  ғылымы  жеке  тұлға  мен  қоғам  проблемасын 
қарастырады. Оның міндеті – əлеуметтік дамудың өте-мөте жалпы 
заңдылықтарын анықтау. Философиялық ғылымдар (диалектикалық 
жəне тарихи материализм, ғылымтану, əлеуметтану, этика, эстетика 


12
жəне т.б.) кəсіби тəлім-тəрбиенің мəні мен мақсаттарын анықтауға, 
оның адамның тұрмысы мен ой-санасына ықпал-əсерін дұрыс есеп-
ке  алуға  көмектеседі,  тəрбие  бағытын  дұрыс  жобалауға  септігін 
тигізеді.  Ғылым  мен  қоғамда  болып  жатқан  оқиғалар  жөніндегі 
мағлұматтармен қаруландырады.
Жаңа  кəсіби-педагогикалық  білімді  екшеп  алу  философияның 
өзі зерттейтін ғылымтанудың жалпы заңдарына бағынады. Кəсіби-
педагогикалық тəжірибиенің таразылануы жəне жаңа педагогикалық 
тұжырымдамалардың  жасалуы  философияның  теориялық  негізіне 
жүгінеді. Философияның кездейсоқтық пен қажеттілік, жалпы мен 
жеке,  ерекше  заңдар  мен  заңдылықтар,  өзара  байланыс  пен  өзара 
тəуелділік,  даму  жəне  оның  қозғаушы  күштері  сияқты  категория-
лары  қайсыбір  кəсіби-педагогикалық  ой-пікірдің  өзегін  құрайды. 
Бүгінгі күнде, қалыптасу үстіндегі білім беру философиясы кəсіби-
педагогикалық зерттеулердің сапасын жетілдірудің кепілі болып та-
былады.
Педагогика  сияқты  кəсіби  педагогика  да  өзінің  барлық  даму 
кезеңдерінде философиялық заңдылықтарға негізделеді жəне өз про-
блемаларын шешуде, жинақталған практикалық тəжірибесін сарап-
тауда, сонымен қатар, оларға баға беруде философияға сүйенеді. Өз 
кезегінде, қоғамдағы адамның тыныс-тіршілігін, əлеуметтік қарым-
қатынас  ерекшеліктерін  зерделейтін  əлеуметтану,  мəдениеттану 
жəне т.б. ғылымдардың жетістіктері кəсіби педагогика үшін құнды 
материал болып табылады. Көптеген философиялық-этикалық кате-
гориялар мен қағидалар тек жалаң теорияда ғана емес, кəсіби прак-
тикада да орын тепкен. 
Психология  ғылымы  жетістіктерінің  кəсіби  педагогика  үшін 
маңызы зор. Психология – психикалық үдерістердің жəне адамның 
тұлғалық  сапа-қасиеттерінің  даму  механизмі  мен  заңдылықтарын 
қарастыратын, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуын зерттейтін заңдарды 
жасайтын ғылым. Оқыту мен тəрбие бағытының қай-қайсысы бол-
масын  адам  психикасының  дамуына  негізделеді.  Психологияның 
көптеген 
ғылыми-зерттеу 
əдістері 
кəсіби-педагогикалық 
проблемалардың шешімін іздестіруде кеңінен қолданылады.  Кəсіп 
бойынша оқу-тəрбие үдерісіндегі фактілерді, құбылыстарды түсініп, 
пайымдау психологиялық зерттеу əдістерінің көмегімен жүзеге асы-
рылады.  Психология  ғылымының  кəсіби  педагогиканың  теория-
сымен,  практикасымен  байланысы  кəсіби  іс-əрекеттегі  сана  мен 
іс-əрекеттің  бірлігі  жəне  біртұтастық,  жүйелілік  тұрғылар  тəрізді 
жалпы ғылыми принциптерінің жүзеге асырылуымен сипатталады.


13
Кəсіби  педагогика  жалпы  жəне  кəсіби  психология  ғылымдары-
мен  ажырамас  бірліктегі  тығыз  байланыста.  Екеуінің  зерттеу  пəні 
бөлек болғанымен, объектісі ортақ, ол – даму үстіндегі жеке тұлға. 
Кəсіби  педагогиканың  кəсіби  психология  теориясымен  басты  бай-
ланысы  алдымен  категориялық  аппараттарының  ортақтастығымен 
сипатталады.  Кəсіби  педагогика  кəсіптік  оқыту  мен  тəрбиелеу 
мəселелерін əр уақытта кəсіби-психологиялық ғылыми мəліметтерге 
сүйене отырып зерттейді. Егер кəсіби психология кəсіби қабілеттер, 
кəсіби  іс-əрекеттер,  кəсіби-психологиялық  танымдық  үдерістер 
жəне жеке типологиялық ерекшеліктер (темперамент, мінез, қабілет) 
жөніндегі білімдермен қаруландырып, адам психологиясының даму 
заңдылықтарын  зерттейтін  болса,  кəсіби  педагогика  кəсіптік  білім 
беру мен тəрбие берудің тиімді əдістерін, құралдарын анықтап аша-
ды. 
Кəсіби  педагогика  үшін  физиологиялық  білімдердің  мəні 
зор.  Өйткені,  физиология  адамның  биологиялық  мəнін  (жоғары 
жүйке  жүйесінінің  жұмысы  жəне  жүйке  жүйесінің  типологиялық 
ерекшеліктері, сезім мүшелері мен қозғалыс аппаратының, қан та-
мыры  мен  тыныс  алу  жүйесінің  қызметі)  ұғыну  базасын  құрайды. 
Адамның  дене  күшінің  дамуы,  организмнің  өмір  сүру  əрекетінің, 
əсіресе  жоғары  жүйке  жүйесі  қызметінің  заңдылықтары  тура-
лы  білімдер  түрлі  кəсіби  іс-əрекеттерді  тиімді  ұйымдастыруға 
көмектеседі.
Кəсіби  педагогика  адамды  индивид  ретінде  зерттейтін 
ғылымдармен (биология, анатомия, антропология, медицина) табиғи 
байланысты. Бұның өзі, кəсіби педагогиканың, əрқайсысына өзіндік 
ерекшеліктері тəн, əлеуметтік ғылымдар кешенімен өзара тығыз бай-
ланыста, өзара əрекеттестікте өмір сүріп, қызмет атқаратын ғылым 
саласы екендігін танытады.
Болашақ  кəсіптік  оқыту  оқытушының  даярлығында  «Кəсіптік 
оқыту əдістемесі» пəні бойынша меңгерілетін əдістемелік білімдер 
үлкен  рөл  атқарады.  Пəнді  оқыту  студенттердің  кəсіби,  мақсатты, 
бағытталған,  əдістемелік  даярлығын  қамтамасыз  етеді.  Кəсіби 
педагогиканың  əлеуметтік,  қоғамдық  маңыздылығы,  техноло-
гияны  оқытушының  əдістемелік  мəдениетінің  мазмұны,  кəсіби 
педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарының мəні жөнінде 
түсінік береді.
Кəсіби  педагогика  педагогикалық  практикамен  байланы-
сты.  Оның  мақсаты – болашақ  кəсіптік  оқыту  оқытушыны  білім 
алушылардың  барлық  кəсіби  іс-əрекеттеріне  жетекшілік  ету,  олар-


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау