13
Компьютерлік желілердің пайда болуымен мектеп оқушылары
жəне мұғалімдер жер шарының кез келген нүктесінен ақпаратты
тез алу жаңа мүмкіндігіне ие болды. Басты телекомуникациялық
желі Интернет арқылы əлемдік ақпараттық ресурстарға (электрон-
ды кітапхана, мəліметтер қоры, файлдарды сақтау орны, жəне т.б.)
қолжетімділік деңгейі мүмкін болды. Интернет танымал ресурсында
– WWW бүкілəлемдік өрнекте бірнеше миллиард мультимедиалық
құжаттар жарияланған.
Телеқатынастық желі Интернет қолжетімді жəне бұдан басқа
адамға қажетті ақпаратпен алмасуға жəне қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін кең таралған сервистер, əсіресе электронды пошта,
ICQ, жіберу тізімі, жаңалықтар топтары, чат. Нақты уақыт режимінде
қарым-қатынас жасауға арналған арнайы программалар дайындалған,
сондай-ақ олар байланыс орнатылғаннан кейін мəтіндерді, дыбыстар-
ды жəне бейнелерді тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл программа-
лар пайдаланушылардың жеке компьютерде орнатылған программа-
мен жеке жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мəліметтерді сығымдаудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуы-
мен компьютерлік желі бойынша тасымалдауға арналған дыбыс са-
пасы айтарлықтай артты жəне телефон желісіндегі дыбыс сапасына
жақындай түсті. Бұның салдарынан жаңа технология – Интернет те-
лефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғылардың жəне Ин-
тернет желісі арқылы программалық қамтамасыз етудің көмегімен
аудио жəне бейнеконференция жүргізуге болады.
Компьютерлік желілерде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз
ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы қолданылады, оның мақсаты
– басты компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы
мəліметтерді жинау жəне пайдаланушыларға ақпаратты жылдам
іздеу мүмкіндігін беру. Іздеу жүйелерінің көмегімен əлемдік өрмектің
құжаттарын, мультимедиалық файлдарды жəне программалық
қамтамасыз етуді, мекемелер мен адамдардың мекенжай ақпаратын
іздеуге болады.
Нақты уақыт жағдайында Ақпараттық-қатынастық технология-
лар желі құралдарының көмегімен оқу-əдістемелік жəне ғылыми
ақпаратқа, жедел көмек, ғылыми-зерттеу іс-əрекетін модельдеу, вир-
туалды оқу сабақтарын (дəріс, семинар) жүргізуге қолжетімділік
деңгейі артты.
Маңызды ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар
санына бейнежазба жəне теледидар жатады.
14
Видеопленкалар жəне оған сəйкесінше ақпараттандыру
құралдары білім алушылардың бірқатарын үздік оқытушылардың
дəрістерін тыңдауға мүмкіндік береді. Дəріс жазылған видекассе-
таларды арнайы жабдықталған аудиторияларда да сонымен қатар
үй жағдайында да қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа
түрінде де жəне бейнекассета түрінде де беріледі. Мысал ретінде
мектептегі шет тілін дəстүрлі оқытуды алуға болады, мұндай оқыту
барысында білім алушылар баспа өнімдерін жəне магнитофонды не-
месе сəйкесінше оқу программасымен жабдықталған компьютерді
пайдаланады.
Мұндай жағдайда түрлі ақпараттық жəне телекомуникация-
лық технологияларды қолданудың мақсатқа лайықтылығы мен
қажеттілігі туралы мəселе туындайды. Мəселен, оқыту барысын-
да визуалды ақпарат қажет болса жəне оны білім алушыға баспа
түрінде бере алмайтын болсақ, онда бейнематериалдың қажеттілігі
белгілі. Егер бейнепленка немесе компьютердің көмегімен ұйым-
дастырылатын бейнедемонстрация, қосымша арнайы иллюстра-
циясыз дəрістер жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны
қолдануға болады, бірақ міндетті емес.
Теледидар, ақпараттық технологиялардың кең тараған түрі, адам-
дар өмірінде үлкен рөл атқарады: əрбір жанұяда ең болмаса 1 теле-
дидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар əлем бойынша кеңінен
қолданылады жəне білім беруді ақпараттандырудың нақты мысалы
болып табылады. Теледидардың негізінде кең ауқымды аудиторияға
жалпы дамытуды арттыру мақсатындағы дəрістерді беру мүмкіндігі
артуда, сонымен қатар арнайы тесттер мен емтихан көмегімен
білімді тексеру мүмкіндігі бар.
Өкінішке орай, мұндай технология кең аудиторияларға, мы-
салы, шетел тілдерін немесе қандай да бір ғылымның негізін
меңгерушілерге қолданылады. Ұлттық немесе қалалық теледидар-
ды арнайы бағыттағы мектеп оқу курстарына қолдану қиындық
туғызады.
Бірқатар оқыту теле- жəне радиопрограммалар спутниктік теле-
дидар арқылы жеткізіледі. Мəселен, 1971 жылы құрылған INTELSAT
халықаралық ұйымы барлық 15 спутнигін қоса отырып, оқытушы
программаларды бүкіл əлемге жеткізе алды. Спутниктік каналдар
бір уақытта бейнебейнені, дыбысты, мəтінді жəне құжаттар копия-
сын сандық түрде жеткізуге мүмкіндік беретін ISDN қатынастық
желісін ұйымдастыруға жағдай жасайды.
15
Меңгерілетін материалдың негізгі көлемін сақтауға жəне
тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология компьютерлік
желіде таратылатын, сонымен қатар арнайы ақпарат тасымалдау-
шыларда: CD, DVD жəне т.б. жазылған білім беруші электрондық
басылымдар болып табылады. Олармен оқушылардың жеке жəне
ұжымдық жұмысы материалды терең меңгеру мен түсінуге жағдай
жасайды. Бұл технология, бар оқу материалдарын жəне оқыту
құралдарын жеке қолдануға үйретеді, сонымен қатар өзбетімен
оқуға жəне алынған білімді өз бетімен тексеруге мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларға,
сонымен қатар электрондық поштаға, телеконференцияға не-
месе ICQ-ға байланысты білім беру үрдісіне қатысушылардың
арасындағы қарым-қатынас кеңістікте жəне уақытта бөлінеді. Мы-
салы, педагогтар мен білім алушылар əртүрлі елде тұрып, өздеріне
ыңғайлы уақытта өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай диалог
уақыт бойынша созылуы мүмкін – сұрақ бүгін қойылса, оның жауа-
бын бірнеше күннен кейін алады.
Мұндай тəсілдер негізінде білім алушылар мен оқытушыларға
алынған хабарламаны талдауға жəне оған кез келген ыңғайлы уақытта
жауап беру арқылы ақпаратпен (сұрақтар, кеңестер, қосымша мате-
риал, бақылау тапсырмалары) алмасу мүмкіндігі болады.
Жалпы білім беретін орта білім беру саласында қолданылатын
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды əртүрлі
категорияларға байланысты жіктеуге болады. Мысалы, білім
беруді ақпараттандыруды оқып-үйренуде көрсеткіш ретінде мақсат
ретінде əдісті, тəсілді қолдану немесе ақпаратқа əсер ету алгоритмін
қарастыруға болады. Бұл жағдайда ақпаратты сақтау, беру, енгізу,
шығару, өңдеу жəне жеткізу технологияларын ерекшелеуге болады.
Ақпараттық жəне телекомуникациялық құралдар жəне тех-
нологиялар көп. Əрбір жыл сайын білім беруді ақпараттандыру
тұрғысынан маңызды жаңа құралдар мен технологиялар пай-
да болуда. Оларды тізімдеу, оқып-үйрену əлі де мүмкін болмай
отыр. Арнайы жағдайда мұндай технологиялардың бірқатары
оқушыларды оқыту мен тəрбиелеудің сапасын арттыруға ықпалын
тигізуге қабілетті екендігін түсіну маңызды. Бұған қоса кез кел-
ген тəжірибелі мұғалім ақпараттық технологияларды енгізуден
жеткілікті жағымды жағдайлардың бола бермейтіндігін түсіндіреді,
кейбір жағдайларда білім беруде ақпараттандыру құралдарын жиі
қолдану оқытудың тиімділігіне ықпалын тигізбей, керісінше əсер
Достарыңызбен бөлісу: |