13
білуі тиіс - тұрақты және бір фазалы синусойдалы токты сызықты электр
тізбегін есептеу әдістерін және негізгі заңдарын; периодты синусойдалы емес
әсердегі тізбектерді; тұрақты токты сызықсыз электр тізбегіндегі индуктивті
байланысқан тізбектерді;
істей алуы - қолданбалы есептерді шешу; периодты синусоидалы емес
әсердегі тізбектерді; тұрақты токты сызықсыз электр тізбегіндегі индуктивті
байланысқан тізбектерді;
дағдылану - инженерлі есептерді есептеу үшін сызықты электр тізбегіндегі
қалыптасқан режимдағы есептеу әдістерді қолдану;
құзыреттер - сызықтық электр тізбектеріндегі электромагниттік үрдістердің
сапалық және сандық заңдылықтарын білу.
Кафедра: Электротехника.
ЭЛЕКТР
ТІЗБЕКТЕРІНІҢ
ТЕОРИЯСЫ.
СЫЗЫҚТЫ
ЖӘНЕ
СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ТІЗБЕКТЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
Пререквизиттер: Математика, Физика, Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар.
Постреквизиттер: Электроника,
Цифрлық схемотехника.
Оқыту мақсаты: сандық және сапалық түрде тұрақты, синусойдалы,
периодты синусойдалы емес сызықты электр тізбегіндегі орныққан
кезеңдерді, резонанс режимдерін, төртұштықтарды, сүзгілерді және
периодты синусойдалы әсердегі тізбекті үйрену.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): тұрақты және синусоидалы
токтардың сызықтық электр тізбектерінде қалыптасқан кезеңдерді, сондай-ақ
электр тізбектерінің резонанс құбылысын, индуктивті байланысқан
тізбектерді, периодикалық синусоидалды емес әсер ету кезіндегі тізбектер
үшін, электр тізбегінің өтпелі кезеңдері, тұрақты токтың сызықсыз электр
тізбектерін және графоаналитикалық әдісін, төртұштықтар әдісін есептеу.
Оқыту нәтижелері:
білуі тиіс - тұрақты, синусойдалы және периодты синусойдалы емес токты
сызықты электр тізбегін есептеу әдістерін және негізгі заңдарын; электр
тізбегіндегі резонанс режимдарын, төртұштықтарды және сүзгілерді;
істей алуы - қолданбалы есептерді шешу, тұрақты, синусойдалы және
периодты синусойдалы емес токты сызықты электр тізбегін есептеу әдістерін
және негізгі заңдарын;
дағдылану - инженерлі есептерді есептеу үшін сызықты электр тізбегіндегі
қалыптасқан режимдағы есептеу әдістерді қолдану;
құзыреттер - мамандық бойынша іс-әрекеттерде тұрақты ток сызықтық
электр тізбектерін есептеу әдістерін қолдана білу.
Кафедра: Электротехника.
ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ
СТАТИСТИКА
Пререквизиттер: Математика.
14
Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері.
Оқыту мақсаты: арнайы пәндердің тарауларын өзіндік оқып-үйрену үшін
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі
ұғымдарымен таныстыру, есептеу әдiстерiн, сипаттамаларын меңгеру.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні.
Комбинаторика элементтері. Элементар оқиғалар кеңістігі. Толық
ықтималдық формуласы. Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
Кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдары. Лапластың локалдық және
интегралдық теоремасы. Пуассон теоремасы. Математикалық статистика
элементтері. Бақылаулардың нәтижелерін өңдеу. Статистикалық үлестірімнің
сандық сипаттамалары. Үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау.
Оқыту нәтижелері:
білуі тиіс - кездейсоқ шамалардың негізгі үлестірім заңдарын және сандық
сипаттамаларын; ақпаратты өңдеу әдістері, оларды жүйелендіру және
статистикалық берілімдерді талдау әдістерін;
істей алуы - мәселені қоя білу; математикалық модель құру; қолданбалы
есептерді шешу үшін қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларда
аналитикалық және сандық әдістерді қолдану; үлестірімнің белгісіз
параметрлерін кездейсоқ шамалардың үлестірім бағасы арқылы анықтау;
басқару процесстерінде таңдама статистикалық берілімдер бойынша сандық
сипаттамаларын табу;
дағдылану - үлестірім заңы бойынша статистикалық берілімдер талдау,
жүргізілген статистикалық талдау негізінде машықтану ұсыныстарын беру;
құзыреттер - мамандық бойынша іс-әрекеттерде ықтималдықтар теориясы
мен математикалық статистикамен байланысты мәселелерді шеше білу.
Кафедра: Математика және математикалық моделдеу.
ҚОЛДАНБАЛЫ СТАТИСТИКА
Пререквизиттер: Математика
Постреквизиттер: Сараптау жүйелері, Жасанды интеллект жүйелері.
Оқыту мақсаты: ықтималдыктар теориясы мен математикалық статистика
негіздерін, кездейсоқ шамалардың ықтималдыктарының үлестірім заңдарын,
үлкен сандар заңдарын, үлестірім параметрлерінің статистикалық
бағалауларын,
статистикалық
болжамдардың
тексеру
әдістерін,
ықтималдылық моделдерді құру және зерттеу әдістерін оқып меңгеру.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ықтималдықтар теориясы пәні.
Комбинаторика элементтері. Толық ықтималдық формуласы. Кездейсоқ
шамалардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шамалардың негізгі
үлестірім заңдары. Үлкен сандар заңы, орталық шектік теорема. Чебышев
теңсіздігі мен теоремасы. Математикалық статистика пәні және оның басты
мақсаттары. Полигон және гистограмма. Үлестіру параметрін статистикалық
бағалау. Функционалдық және корреляциялық тәуелділік. Корреляцияның
таңдама коэффициенті және оны табудың әдістері.
Оқыту нәтижелері: