«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет29/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

116

117


10-оқушы:  -  Қарт  жүректі  елжіреткен  «Қалдырған»   

әнінің қалай туғанын айтайын. Осы әндегі Сұраған деген кісі 

қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Келлер  ауданын-

дағы  Талап  деген  жерінің  тұрғыны  болған  екен.  Үкілі                                                                                                             

Ыбырай бір тойда өзінің әнін сол Сұрағанның орындауында 

естіп,  қатты  риза  болған.Содан  соңғы  шумақты  «Сұраған, 

саған  аманат»  деп,  яғни,  «Осы  әнді  келешек  ұрпаққа 

жет-кізуші    –  сен»  деген  екен.  Міне,  сол  Сұраған  сияқты 

әншілердің  арқасында  «Қалдырған»  әні  бүгінгі  ұрпаққа 

жетті. 


Енді  осы әнді  тыңдайық. 

Жүргізуші:  -  Иә,  үкілі  Ыбырай  атамыздың  бойында 

болған  қасиет,  дарын,  өнер  –  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  өнер 

деген  осы  екен  ғой.  Қыздар,  жігіттер,  кеш  қарайып  кетті. 

Ауылға қарай аяңдайық. (Шертпе күй ойналады).



Гүлмира КӨЛБАЕВА,

Степан Бреусов атындағы 

жалпы орта мектептің мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түлкібас ауданы,

Шақпақ баба ауылы.



НҰРЛЫ ШАҚ

(7-сыныптар)

Сабақтың  мақсаты:  а)  оқушылардың  білімге 

құштарлығын  арттыру,  шығармашылыққа  баулу,  топпен 

жұмыс  істеуге  үйрету,  тіл  байлығын  дамыту,  өз  ойын 

толық  жеткізуге,  ортада  өзін  еркін  ұстауға  баулу;  ә) 

шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  оқып  білуге  ынта-

ландыру,  есте  сақтау  қабілетін  қалыптастыру;  б) 

адамгершілікке,  имандылыққа,  тілді  құрметтеуге,  туған  

елін, салт-дәстүрін сақтауға тәрбиелеу.



Түрі: сайыс сабақ. Көрнекілігі: графопроектор, төсбелгі. 

Типі: білімді жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың барысы.

Жүргізуші:  -  «Нұрлы  шақ»  атты  7-сынып  оқушыла-

рының арасында өтетін топтық сайысқа қош келдіңіздер.

Сайысымызды  бастамас  бұрын  қазылық  ететін  алқа 

мүшелерімен таныс болайық.



1.  Топтың  өздерін  таныстыруы  (сәлемдесу,  ұран,     

төсбелгі, ән).



2.  үй  тапсырмасы  бойынша  екі  топ  «Қазақ  тілім»        

тақырыбын қорғап, тілдің жан-жақтылығына тоқталуға тиіс.



3. «Қателеспе» (сұрақ-жауап).

Білім  дағдыларын  саралауға  арналған  сұрақ  тапсыр-

малар береміз.

1.  Морфология  нені  зерттейді?  (сөз  құрамын).  2. 

Лексикалық  мағынасы  көптік  ұғымды  білдіретін  сөздер 

(мұнай, газ, тары). 3. Есімшенің жұрнағы (-ған, -ген, -қан, 

-кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -шақ, -шек, -пақ, 

-пек,  -бақ,  -бек).  4.  Дауыссыз  дыбыстың  бір-біріне  ықпал 

етуі, өзара үндесіп айтылуын не дейміз? (дыбыс үндестігі). 

5. Зат есімнің септік жалғаулар арқылы өзгеруін не дейміз? 

(зат есімнің септелуі). 6. Жалғаулық шылау (Ыңғайластық: 

және, да, де, әрі; қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда; 

себеп-салдар:  өйткені,  себебі,  сондықтан;  талғаулықты: 

не,  немесе,  я,  болмаса,  яки;  кезектес:  кейде,  бірде,  біресе; 

шартты: егер, егер де). Толықтауыш қандай сұраққа жауап 

береді?  (кімді,  нені).  8.  Көсемшенің  жұрнақтары  (-а,  -е, 

-й,  -ып,  -іп,  -ғалы,  -гелі,  -қалы,  -келі).  9.  Салыстырмалы 



118

119


шырай жасайтын жұрнақ (-ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, 

-қылтым,  -шыл,  -шіл,  -шылтым,  -шілтім,  -ғыш,  -ілдір,  -аң, 

-қал,  -ша,  -ше).  10.  Өздік  есімдігінің  түрленуі  (Септеледі, 

жіктеледі).  11.  «Дүниеде  не  өлмейді?»  дегенде  Жиренше 

қалай  жауап  берген?  (Жақсының  аты  өлмейді,  Ғалымның 

хаты  өлмейді).  12.  Тарбағатай  тауынан  Тоқсан  сала 



қосылып,  Тоғыз  өзен  түйісіп.  Қай  өлеңнен  үзінді?  (Дулат. 

“Аягөз,  қайда  барасың?”).  13.  Композиция  дегеніміз  не? 

(Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып реттеп, 

қиыннан  қиыстырып  тұратын  тәсіл).  14.  “Қырық  мысал” 

кімнен  аударылған?  15.  Бір  үйде  жиюлы  екен  қазына  мал, 

Көрсетті  бәрін  бізге  ақсақал  шал.  (Сұлтанмахмұт.  «Бір 

адамға»)  16.  Ирония  деген  не?  (Астарлы  келекеге  негіз-

делген, кекесін мағынасында).

4. Қалауың білсін (Әдебиет пен салт-дәстүр сұрақтары).

Ұяшықтарға  жасырынып  тұрған  әдебиет  пен  салт-

дәстүрге байланысты сұрақтар.

Әдебиет:            10             20              30

Салт-дәстүр:     10            20               30

Әдебиет саласы бойынша.

10.  “Аяз  би”  ертегісінде  Аяз  уәзірлерге  өзі  алғызған 

шөптің жаманы – шеңгелді, құстың жаманы – сауысқанды, 

адамның  жаманы  –  өзі  екенін  хан  алдында  қалай  талдап 

береді?


20. Метафора дегеніміз не?

30.  ”Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу”  жырындағы  Ай  мен 

Таңсықтың қоштасуынан үзінді айт.

Салт-дәстүр саласы бойынша.

10. Мұсылманның бес парызын ата (Иман келтіру, намаз 

оқу, ораза ұстау, пітір-зекет беру, қажыға бару).

20. Аяқты малды танып алу үшін салынатын белгі не деп 

аталады? (ен)

30. «Қымызмұрындық» қай кезде беріледі? 

5.  Қапы  қалма.  Көркем  ойды  тобықтай  түйінді  сөзбен 

жеткізетін уақыт келсе керек. 

Тірек сөздер арқылы тұрақты тіркестерді табу.

1. Дөнен                              2. Инелік

    Жылқы      басқандай     Маса                  көрмеді

    Тай                                   Шыбын   

    Құнан                              Жылан

Тайға таңба басқандай.     Шыбын шаққан құрлы көрмеді.

                                             \ ауырсынбады.

3. Ар                                    4. Ой 

    Намыс   бермеді             Сана                   сыймады

    Ұят                                   Қуаныш

   Ашу                                   Жұбаныш

Намысты қолдан бермеді. Қуанышы қойынына сыймады.

5. Кірпік                              6. Аяқ 

    Көз          қаққанша        Қол                    ашық

    Ауыз                                Сирақ

    Қас                                   Қолтық

Қас қаққанша \лезде\.        Қолы ашық \жомарт\.

7. Тай                                   8. Күні

    Сөйлем      байлау          Түні              жарасқан

    Сөз                                   Жұлдызы

    Ат                                     Айы

Сөз байлау \уәделесу\.     Жұлдызы жарасқан /тату/.

9. Домбыра                         10. Кеудесінің

    Бес             аспап            Жүрегінің               бар

    Қобыз                              Асқазанының

    Ән                                    Басының

Бес аспап   \өнерлі\.           Жүрегінің түгі бар \батыр\.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау