Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 3,11 Mb.
Pdf просмотр
бет73/102
Дата20.11.2018
өлшемі3,11 Mb.
#21840
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 152-беті 
 
152 
 
7.9.5  Қосымша  алфавиттің  бас  əрпімен  А  əрпінен  басталып  (Ё,З,Й,Ң,  О,И,Ь,Ы,Ъ 
əріптерінен  басқа)  белгіленеді.  Қосымшаның  ретін  көрсететін  əріп  «қосымша»  сөзінің 
алдына  жазылады. 
7.9.6  Қосымша  құжаттың  өзге  бөлімдерімен  бірге  беттердің  жалпы  нөмірлеу  санына 
кіреді. 
 
8 Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну 
8.1  Бекітілген  тəртіп  бойынша  рəсімделген  магистрлік  диссертация  «қорғауға 
ұсынылады»,  «қорғауға  ұсынылмайды»  деген  дəлелді  қорытындысы  жасалған  ғылыми 
жетекшісінің пікірімен университеттің мамандық шығарушы кафедрасына алдын-ала қорғау 
процедурасын өтуге ұсынылады. 
8.2  Магистрлік  диссертация  бойынша  басқа  ұйымнан  ғылым  докторы  не  кандидат 
дəрежесі бар, не болмаса мамандық бағыты бойынша PhD доктор атағы бар ресми рецензент 
тағайындалады. 
8.3  Магистрлік  диссертацияның  ресми  рецензенті  университет    Ғылыми  кеңесінің 
шешімі негізінде жұмыс істейтін орны, атқаратын қызметі, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы 
жəне  диссертацияның  қорғалатын  саласы  бойынша  негізгі  басылымдары  (кем  дегенде  3 
жұмыс) көрсетіліп, университет ректорының бұйрығымен бекітіледі. 
8.4 Ресми рецензент (оппонент) магистрлік диссертацияны зерттеу нəтижесінде дəлелді 
қорытынды  мен  «өте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық»,  «қанағаттанарлықсыз»  деген 
бағасы көрсетілген мамандығына сай академиялық магистрлік дəрежесі берілуі не берілмеуі 
мүмкін деген рецензия береді. 
8.5 Ресми рецензенттің (оппоненттің) рецензиясы компьютерде басылып, берілген күні 
көрсетіліп, қолы қойылуы керек. Рецензенттің қолы өзі қызмет атқаратын ұйымның кадрлар 
бөлімінің басшысымен расталып, ұйымның мөрімен куəландырылады.  
8.6 ҚР БҒМ 18.03.2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында 
білім алушылардың үлгілерімін ағымдық бақылау мен аралық жəне қорытынды аттестаттау 
жүргізудің үлгі ережелеріне» сай университеттің мамандық шығарушы кафедрасында алдын 
ала  қорғау  өткен  магистрлік  диссертация  кафедра  құрған  сараптама  комиссиясының 
сараптамасынан  өтеді.  
8.7  Сараптама  комиссиясы  құрамына  пəн  жəне  зерттеу  саласында  білімі  бар 
диссертацияда  қорғалатын  мəселелер  бойынша  екі  не  одан  да  көп  басылымдарымен 
дəлелденіп,  соңғы  5  жылда  отандық  жəне  шетелдік  ғылыми  зерттеулерде  жоғары  импакт-
факторы бар кем дегенде 3 маман енуі керек. 
8.8 Сараптама комиссиясына:  
– 
толық дайындалған магистрлік диссертация;  
– 
диссертацияның тақырыбы бекітілгені туралы құжат;  
– 
магистранттың ғылыми жетекшісінің пікірі; 
– 
магистрлік диссертацияның рефераты;  
– 
бекітілген  тəртіп  бойынша  расталған  ғылыми  басылымдар  тізімі  жəне  олардың 
көшірмесі (6-қосымша). 
– 
Бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы  шешімі  (кафедра 
отырысы хаттамасының көшірмесі). 
      8.9  Сараптама  комиссиясы  арнайы  формада  жазбаша  негізделген  келесі 
шешімдерден тұратын қорытынды береді (7-қосымша): 
1) диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылады; 
2)белгіленген  мерзімде  кемшіліктері  жөнделген  жағдайда  диссертация  көпшілік 
алдында қорғауға ұсынылады; 
3) диссертация қорғауға ұсынылмайды. 


Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 153-беті 
 
153 
 
8.10  Магистрлік  диссертация  міндетті  түрде  плагиатқа  (пайдаланылған  дереккөздерге 
жəне  авторға  сілтеме  жасамау  мəні  бойынша)  тексерілуден  өтуі  тиіс,  мұндай  тексерісті 
жүргізу қағидалары мен тəртібін жоғары оқу орнының өзі анықтайды. 
 
9 Магистрлік диссертацияны қорғау процедурасы 
9.1 Магистрлік диссертацияны қорғауды  университет тарапынан құрылған мамандыққа 
сай МАК іске асырады. 
9.2  МАК-тің  магистрлік  диссертацияны  қорғауға  байланысты  мəжілісі  оның 
төрағасының жетекшілігімен жүргізіледі. 
9.3  Магистрлік  диссертацияның  қорғалуы  төмендегі  жағдайда  жүзеге  асады: 
     1) ғылыми жетекшінің оң пікірі; 
2) ғылыми 
баспада 
диссертация 
тақырыбында 
кемінде 

мақала 
жарық 
көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 
3) сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының 
жазбаша қорытындысы; 
4)  бітіріп  шығарушы  кафедраның  қорғауға  ұсынымдамалары  туралы  шешімі  (кафедра 
отырыс хаттамасының көшірмесі); 
5)  қорғалатын  жұмыс  бейініне  сай  келетін  маманның  бір  рецензенттің  рецензиясы. 
Мұнда  диссертацияның  жан-жақты  сипаттамасы,  көрсетілген  дəлелді  қорытындысы  жəне 
сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дəрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі. 
Ғылыми жетекші немесе /жəне бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» 
немесе  «қорғауға  ұсынуға  болмайды»  деген  қанағаттанарлықсыз  қорытынды  берілген 
жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады. 
9.4  МАК-қа,  сонымен  бірге,  магистрлік  диссертацияның  ғылыми  жəне  практикалық 
құндылығы жайында басқа да материалдар, ресми емес пікірлер магистрлік диссертацияның 
мамандыққа  сай  практикалық  қызметін  атқаратын  ұйыммен  жазбаша  келісімдер,  ғылыми 
зерттеудің  нəтижесін  ендіру  туралы  анықтамалар  мен  ендіру  актілері,  макеттер  т.б. 
ұсынылуы мүмкін. 
9.5 Магистрлік диссертацияны қорғау МАК-тің ашық мəжілісінде оның кем дегенде 2/3 
мүшесінің қатысуымен жүргізіледі. 
9.6  Магистрлік  диссертацияны  қорғаудың  МАК  мəжілісінде  ғылыми  жетекшісі  мен 
рецензенті міндетті түрде болуы керек.  
9.7  Бір  магистрлік  диссертацияны  қорғау  ұзақтығы  50  минуттан  аспауы  қажет. 
Магистрант 15 минут шеңберінде қысқа, əрі нақты баяндама жасап, зерттеудің мақсаты мен 
міндетін, негізгі мəселелерді дəлелдеп, қорытынды жасап, ұсыныстар береді:  
– 
орындалған жұмыстың көлемі;  
– 
зерттеудің өз бетінше орындалуы;   
– 
жұмыста жаңа технологияларды пайдалануы; 
– 
əдеби шолудың толықтылығы жəне пайдаланылған əдебиеттердің заманауилығы;  
– 
алынған  нəтижелерді  ғылыми  зерттеулерде,  практикалық  жұмыстарда  не  оқу 
процесінде қолдану мүмкіндігі;  
– 
материалдың сауатты жəне нақты баяндалуы;  
– 
талапқа сай безендірілуі;  
– 
диссертацияны  қорғаудағы  баяндау  сапасы  (нақтылығы,  сауаттылығы,  кəсіби 
терминдерді пайдалануы, көрнекілік материалдары т.б.); 
– 
қорғау  барысында  берілген  сұрақтар  жəне  рецензенттің  ескертулеріне  толық  жəне 
дұрыс жауап беруі;  
– 
жұмыс  бойынша  басылымдар  саны,  магистранттың  ғылыми  конференциялардағы 
баяндамалары;  


жүктеу 3,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау