6-
бап. Өзге де мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру саласындағы құзыреті
1. Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады
және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша және
мерзімдерде уәкілетті органға энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін
арттыру туралы есептерді береді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган:
1) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды реконструкциялау, салу
мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де
жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көппәтерлі үйлердің жобалау
алдындағы және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі
мен бекітілуін қамтамасыз етеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:
1) кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын
электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында
энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-
шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың
нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-
шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың
нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік
мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік
мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу
тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды
ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды
ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз
етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия
үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
6. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы
органдары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-
шараларды тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) даму
бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну
нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, мемлекеттік
мекемелердің энергия аудитін өткізуді, терможаңғыртуды, мемлекеттік
мекемелер үшін энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптары мен жылу
тұтынуды реттеудің автоматты жүйелерін сатып алуды және орнатуды
ұйымдастырады, сондай-ақ энергия үнемдейтін шамдарды пайдалануды
ескере отырып, саябаққа және көшеге жарық беруді жаңғыртуды қамтамасыз
етеді;
4) тұрғындарда пайдалануда болған, құрамында сынап бар энергия
үнемдеу шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
7-
бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылау
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік бақылау:
1) Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың
дұрыстығына;
2) осы Заңның
11-
бабының 3-тармағында
көрсетілген объектілерден
басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиімділігі жөніндегі
талаптардың орындалуына;
3) дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың энергия тұтыну
нормативтері мен электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік
мәндерін сақтауына;