Заңы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы



жүктеу 246,8 Kb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата19.11.2018
өлшемі246,8 Kb.
#21782
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  

ЗАҢЫ  

  

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы 



(2013.03.07. берілген 

өзгерістермен

)

 

  



Осы  Заңды  іске  асыру  мақсатында  қабылдануы  қажет  нормативтік 

құқықтық актілердің 

тізбесін

 

қараңыз

 

  



1-

тарау. Жалпы ережелер

 

(1-2-



баптар)

 

2-



тарау.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы мемлекеттік реттеу

 

(3-7-



баптар)

 

3-



тарау.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы жалпы талаптар

 

(8-13-



баптар)

 

4-



тарау.  Энергия  үнемдеуді  және  энергия  тиімділігін 

арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

 

(14-16-



баптар)

 

5-



тарау.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы мемлекеттік қолдау

 

(17-19-



баптар)

 

6-



тарау.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері

  

(20-21-

баптар)

 

7-



тарау. Қорытынды ережелер

 

(22-24-



баптар)

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ 

 

  

Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 

қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің 

құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

  

  

1-

тарау. Жалпы ережелер 

  

1-

бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) аккредиттеу туралы куәлік - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 

арттыру  саласындағы  уәкілетті  орган  беретін,  заңды  тұлғалардың  энергия 

аудитін  және  (немесе)  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат; 

2)  квазимемлекеттік  сектор  субъектілері  -  мемлекеттік  кәсіпорындар, 

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде 

қатысушысы  немесе  акционері  мемлекет  болып  табылатын  ұлттық  басқару 

холдингтері,  ұлттық  холдингтер,  ұлттық  компаниялар,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  заңнамалық  актілеріне  сәйкес  олармен  үлестес  болып 

табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар; 




3)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  -  Мемлекеттік  энергетикалық 

тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы; 

4)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  операторы  -  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен  Мемлекеттік  энергетикалық 

тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым; 

5)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  субъектілері  -  энергетикалық 

ресурстарды  жылына  шартты  отынның  бір  мың  бес  жүз  және  одан  көп 

тоннаға  барабар  көлемінде  энергетикалық  ресурстар  тұтынатын  жеке 

кәсіпкерлер  және  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  мемлекеттік  мекемелер  мен 

квазимемлекеттік сектордың субъектілері; 

6)  терможаңғырту  -  үйлердің,  құрылыстардың,  ғимараттардың  жылу 

энергиясы  ысырабының  азаюына  әкелетін,  олардың  жылу  техникалық 

сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара; 

7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы - 

үйлердің,  құрылыстардың,  ғимараттардың  энергия  тұтыну  үнемділігінің 

пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; 

8)  шартты  отын  -  техникалық-экономикалық  есептеулер  кезінде 

қабылданған,  органикалық  отынның  алуан  түрлерінің  жылу  құндылығын 

салыстыру  үшін  қызмет  ететін,  нормативтер  мен  стандарттарда 

регламенттелетін бірлік; 

9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі 

мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық 

ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау; 

10)  энергетикалық  ресурстар  -  запастағы  энергиясы  қазіргі  уақытта 

шаруашылық  және  өзге  де  қызмет  түрлеріне  пайдаланылатын  немесе 

перспективада  пайдаланылуы  мүмкін  табиғи  және  өндірілген  энергия 

көздерінің  жиынтығы,  сондай-ақ  энергия  түрлері  (атом,  электр,  химия, 

электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері); 

11)  энергетикалық  ресурстарды  тиімді  пайдалану  -  энергетикалық 

ресурстарды  пайдаланудың  техникалық  жағынан  мүмкін  болатын  және 

экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу; 

12)  энергетикалық  тиімділік  (энергия  тиімділігі)  -  энергетикалық 

ресурстарды  пайдаланудан  болған  пайдалы  әсердің  осы  әсерді  алу 

мақсатында  өндірілген  энергетикалық  ресурстардың  шығындарына 

қатынасын көрсететін сипаттамалар; 

13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы 

энергия  тұтынатын  электр  құрылғысының  энергия  тұтыну  үнемділігінің 



пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; 

14)  энергия  үнемдеу  -  пайдаланылатын  энергетикалық  ресурстардың 

көлемін 

азайтуға 

бағытталған 

ұйымдастырушылық, 

техникалық, 

технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру; 

15)  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы 

аккредиттеу  -  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы  уәкілетті  органның  энергия  аудиті  және  (немесе)  энергия 



жүктеу 246,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау