14) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау алдындағы және
(немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі
талаптарды
бекітеді;
15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
үлгі
келісімді
бекітеді;
16) 2013.03.07. № 124-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
17) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік
энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен
мазмұнына қойылатын
талаптарды
бекітеді;
18) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін
құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының қызмет
тәртібін
айқындайды;
19) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы
жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну
мерзімдерін
бекітеді;
20) өзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясында
, заңдарында
және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де
функцияларды орындайды.
5-
бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі
саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді
ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады;
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы
нұсқаманың
нысанын
әзірлейді және бекітеді;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
5-
баптың 9) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа
енгізілді
9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды,
суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың
алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған
шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның
ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік
мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет
ресурсында орналастырады;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ
технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады, оның
құрамын
және қызмет
тәртібін
бекітеді;
12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеуді жүргізеді және аккредиттеу туралы куәліктің
нысанын
бекітеді;
13) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін
жүргізеді;
14) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия
тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау
мен олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін
құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарын құруды және
олардың жұмысын ұйымдастырады;
15) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия
тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау
және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін
құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарының тізбесін
қалыптастырады;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік саясаттың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады,
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша және
мерзімдерде орталық атқарушы органдар ұсынатын есептерге талдау
жүргізеді;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
үлгілік келісімді әзірлейді;
2012.10.07. № 36-V ҚР
Заңымен
18) тармақша жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес міндетті ведомстволық
есептіліктің,
тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдерін
, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын
әзірлейді және бекітеді;
19) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын Қазақстан
Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.