Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет5/16
Дата19.11.2018
өлшемі1,21 Mb.
#21645
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ҚР ҚН 5.01-06-2013 

 



 

- кӛлденең  рамалардың  ригельдерін  тіректердің  осьтеріне  қатысты  симметриялық 

етіп орналастыруға; 

- жүктеменің  ригельдер  мен  эксцентриситеттері  бар  арқалықтарға  берілуіне  жол 

бермеуге; 

- іргетастардың тӛбесін биіктік бойынша шықпаларсыз жобалауға; 

-  барлық  консольдердің  шықпаларын  минималдық  ықтимал  ӛлшемдерде  белгілеуге 

кепілдеме  беріледі,  осы  жерде  тиісті  есептеу  жоқ  болған  кезде,  консольдың  тірелетін 

қиысуының биіктігін оның шықпасынан 0,75 кем емес етіп қабылдау керек. 

6.1.6 Қабырғаларды  горизонталь  динамикалық  жүктемелердің  әрекетінің  бойына 

орналастыру керек. 

6.1.7 Іргетастық  бұрандалардың  типтерін,  оларды  орнату  жолдарын,  сонымен  қатар 

материал мен орнату параметрлерін ҚНжЕ 2.09.03 талаптарына сәйкес белгілеу керек. 

6.1.8 Динамикалық  жүктемелері  бар  машиналардың  астындағы  іргетастарда 

негіздеме  болған  жағдайда,  жобада  негіздеменің  деформациясын  азайтуға  бағытталған 

шараларды қарастыру керек.  

Топырақтың  кесіктер  мен  шықпадағы  шашпалары  бар  машинаның  жобаланатын 

іргетасының  ауыртпалығының  жалпы  орталығы  мен  іргетас  табанының  ауданының 

ауыртпалық орталығын бір вертикальда орналастыру керек. 

6.1.9 Қабырғалық 

және  рамалық  іргетастардың  элементтерін  арматуралау          

ҚНжЕ 2.03.01 талаптарына сай есептеу бойынша жүзеге асады. 

6.1.10  Іргетастарда  температуралық-отырмалық  жіктерді  қарастыру  керек.  Жіктерді 

іргетастың жік арқылы бӛлінген жеке телімдерінде ӛзара қатты байланыспаған жабдықты 

орналастыруға болатындай етіп орнату керек. 

Температуралық  деформацияларды  азайту  үшін  уақытша  температуралық-

отырмалық жіктерді жасауға жол беріледі. 

6.1.11 Іргетастың  майысуын  технологиялық  талаптар  бойынша  шектеген  кезде, 

температуралық-отырмалық  жіктердің  орнына  бетонды  қалау  кезінде  температуралық 

тәртіпті  реттеу  бойынша  шараларды  қарастыру  керек.  Бұл  жағдайда  уақытша 

температуралық-отырмалық жіктерді орнатуға жол берілмейді. 

6.1.12 Басқыншылықты  ортаның  ықпалына  ұшырайтын  іргетастар  немесе  олардың 

жеке телімдері үшін  ҚНжЕ 2.03.11 талаптарына сәйкес оларды қорғау бойынша шаралар 

қарастырылуы керек. 

6.1.13 Машина  іргетастарының  табандарын,  әдетте,  жоспарда  тікбұрыш  формада 

қарастырып, бір белгіде орналастыру керек. 

Тиісті  негіздемесі  бар  жеке  жағдайларда,  су  сіңірмеген  топырақтарда  монолиттік 

іргетастардың  табанына  терең  шұңқырдын  астында  немесе  олардың  ғимарат  іргетасына 

жанасатын жерлерде шықпаларды қарастыру керек. 

6.1.14 Іргетастардың  гидро  оқшаулауы  мен  құрғатқышын  тиісті  нормативтік 

құжаттардың  талаптарының  есебімен  қарастыру  керек.  Шұңқырлардың  ішінде  еңісі  бар 

түптер  мен  қажет  болғанда  суды  қотаруды  ӛндіруге  мүмкіндік  беретін  зумпфтарды 

қарастыру керек. 

 



ҚР ҚН 5.01-06-2013 

 



 

6.2  Іргетас табанын және имараттың негіздемелерін жобалаудың талаптары  

 

6.2.1 Имараттың  негіздемелерін  жобалауда  мынадай  болжамды  динамикалық 



әсерлерді  есепке алу керек:  

а) қолданыстағы  және  жабаланушы  имараттарда  орнатылған  динамикалық 

жүктемелері бар стационарлық жабдықтан;  

б) автомобиль мен темір жол кӛлігінен және метрополитеннен;  

в) құрылыстық жабдықтан;  

г) басқа кӛздерден (жарылыс жұмыстары ж.т.б.) болатын ықтимал динамикалық әсер 

етудің есебімен жүзеге асуы керек. 

Динамикалық  әсер  ету  кезінде  негіздемелерді  жобалау  аспаптық  ӛлшеу  немесе 

топырақ тербелісінің есептік болжамының негізінде жүргізіледі. 

6.2.2 Тегіс емес шӛгінділерге сезімтал және машиналарға құрылыс конструкциялары 

немесе  топырақ  арқылы  берілетін  динамикалық  жүктемелерді  қабылдайтын  ғимараттар 

мен имараттардың іргетастарын жобалау кезінде әсер етудің жобалық шамасы ҚР ҚН EN 

1990:2002+A1:2005/2011 сәйкес анықталуы керек. 

6.2.3 Қадалық іргетастарды қолданғанда  кезде : 

- жертӛлесіз  типтегі,  мысалы,  илейтін  станоктардың,  ауыр  темір  балғалар  мен 

алаңың  үстінен  елеулі  тереңдікке  әлсіз  топырақтар  шӛгетін  коперлік  қондырғалырдың 

астына терең іргетастарды орнату керек; 

- негіздеме ұсақ дәнді су сіңіргіш топырақтардың қуатты қалыңдығы мен ірі жоғары 

жиілікті  машиналардың,  оның  ішінде  қуатты  турбоагрегаттардың  астындағы  майда 

тӛселетін іргетасты құрайтын, қатты қысылған топырақтардың бірқалыпты шӛгуі кезінде 

ұзақ  уақыт  сӛнбейтін  тегіс  емес  шӛгінділерді  беруі  мүмкін  кезде  қолдану  мақсатқа  сай 

келеді. 


6.2.4 Кезеңдік  жүктемелері  бар  машиналардың  іргетастары  үшін  кез-келген  түрдегі 

қадаларды қолдануға болады; соққылық әрекеттегі машиналардың іргетастары үшін тұтас 

қиысудағы  темірбетон  қадаларды  қолдану  керек.  Қадалық  іргетастардағы  қадалардың 

орталықтарының арасындағы қашықтықты ҚР ҚНжЕ 5.01-03 нұсқауларына сәйкес, бірақ 

10d  артық  емес  (мұнда  d  –  қаданың  диаметрі  немесе  кӛлденең  қиысу  жағының  ең  кіші 

ӛлшемі) етіп қабылдау керек. 

6.2.5 Динамикалық  жүктемелері  бар  машиналардың  іргетастарының  маңында 

орналасқан ғимараттар мен имараттардың қадалық  іргетастарын орнату кезінде қаданың 

күш  түсетін  қабілеттілігін    негіздеме  топырағының  жағдайын    ескеретін  қосымша 

коэффициентінің мәндерін  ҚР ҚНжЕ 5.01-03 талаптарына сәйкес анықталанады. 

 

6.3 Айналатын бӛлшектері бар машиналардың және қисық тиекті-шатундық 

механизмі бар машиналардың және темір балғалардың іргетастарын жобалау 

 

6.3.1 Осы бӛлімнің талаптары турбомашиналардың (энергетикалық, қуаттылығы 100 

мың  кВт  дейінгі  мұнай  және  газ  қотаратын  турбоагрегаттар,  турбокомпрессорлар, 

турбоауа  үрлегіштер,  турбо  сорғыштар),  электрлік  машиналардың  (мотор-генераторлар 

мен синхрондық компенсаторлар), цетрифугалардың, орталық жүгіртпелі сорғыштардың, 



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау