161
Таким образом, как показывает практика, учебно-проектная деятельность
реально способствует формированию нового типа учащегося, обладающего
набором умений и навыков самостоятельной конструктивной работы,
владеющего
способами
целенаправленной
деятельности,
готового
к
сотрудничеству и взаимодействию, наделенного опытом самообразования.
Литература:
1. Бычков А.В. Метод проектов в современной школе. - М., 2000.
2. Маркачев А.Е., Боровских Т.А., Чернобельская Г.М. Применение
метода проектов в школьной практике.\\ Химия в школе, 2007 - №2.
3. Переверзев Л. Проектный подход и требования к учителю // «Школа и
производство», 2002.- №1.
4. Полат Е.С. Метод проектов, М., 2001.
5. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе информационно-
коммуникационных средств. М.: НИИ школьных технологий. 2005.
6. Сергеев И.С. Как организовать проектную деятельность учащихся. –
М.: АРКТИ, 2003.
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ –
АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Конкашев Марат Айдарханович,
Сағындыкова Гүлдана Мырзабековна,
Джакупова Шынар Сунгатовна
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы«Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»
Бүгінгі күні адам шығармашылығының дамуының заңдылықтарын
зерттейтін жаңа интегратифті-кешенді ғылым акмеологияның алатын орны
ерекше.
Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылымның «Акмеология»
деген атауы грек тілінен аударғанда «шың», «биіктік» деген мағынаны береді.
Демек акмеология жетілген ересек адамның дамуын зерттейді. Психологияда
кемелденген және ересек адам түсініктері бір мағынада қолданылатын
жағдайлар көп кездеседі. Акмеологияда олардың керісінше ара жігі ажыратыла
қарастырылады. Акмеологиялық көзқарастар бойынша тұлғаның жетілуі –
оның моральдік-азаматтық сапаларын, гуманистік бағыттылығын, қарым-
қатынас нормаларының деңгейін көрсететін кең ауқымды категория. Жетілген
тұлғаны жоғары жауапкершілік, гуманистік тұрғыдағы әлеуметтік белсенділік
пен басқаларға қамқор бола білу, өзін-өзі іске қоса алу сияқты сапалар
сипаттайды. Сондықтан жетілудің шыңы – АКМЕ - ересек адамның жоғары
кәсібилік, тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті
жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді.
162
Әр адамдағы АКМЕ қалыптың бағыттылығы мен байқалуы әрқалай
болуы олардың туа берілетін нышандары мен қабілеттерінің әр деңгейде
болуымен
байланысты.
Дегенмен
адамды
зерттеудің
әдіснамалық
ұстанымдарына сәйкес (Б.Г.Ананьев, В.Н.Мясищев, А.А.Бодалев) бұл
әртүрліліктің төрт ортақ күре тамыры бар екендігі аталып өтіліп, олар
төмендегідей топтастырылады:
1) адамның индивид ретіндегі прогрессивті дамуындағы шығар «шыңы»;
2) тұлға ретіндегі дамуындағы жетістіктері;
3) еңбектегі жоғары жетістіктері (әрекет субъектісі ретіндегі дамуымен
байланысты);
4) адамның даралық дамуындағы жетістіктерінің шыңы.
Бұл бағыттар бір-бірімен өзара тығыз байланысады. Олардың өзара
түйісулері нәтижесінде адамның әрекеттің «жоғары баспалдағында» болуы
орын алады. Қазіргі кездегі акмеологиялық теорияның басты мәселесі маманды
кәсібиліктің биігіне жеткізу болғандықтан оның әдіснамалық негізін
С.Л.Рубинштейн
еңбектерінде
тұжырымдалған,
кейіннен
А.Н.Леонтьев
жалғастырған сана мен әрекеттің бірлігінің ұстанымы құрайды. [1]
Акмеология ғылымының даму барысын төрт кезеңге бөлуге болса:
бірінші – латенттік, алғышарттары анықталып жатқан кез, екінші –
Н.Рыбниковтың осы арнайы терминді еңгізген кезі, үшінші – Н.Кузьминаның
тұжырымдамалық идеяларының шыққан мезгілі, бұл кезең акмеологияның
жаңа ерекше пән ретінде даму бағдарламасының пайда болуымен аяқталады.
Төртінші – инстиуционалдық кезең. Бұл осы бағыттағы ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жандандыратын әртүрлі әлеументтік құрылымдардың түзілуімен
сипатталады. Олар: акмеологиялық кафедралар, зертханалар, сондай-ақ
Халықаралық акмеологиялық ғылымдар Академиясының ашылуы. Бұл
құрылымдар аясында зерттеулер жүргізіледі, акмеологиялық технологиялар
сыналады, кәсіби білімдер беріледі. Осы арада Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғырттылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
жиырма қадам» атты мақаласында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау,
оның дамуымен заңдылықтарын нақты игеру үшін акмеологиялық білімін
шыңдау туралы келелі ойды еліміздің мұғалімдерінің алдына қойыған үлкен
мақсаттардың бірі екендігін нақты анықтап берді. Қазақстандағы білім беру
жүйесі ескірген әдістемелерге негізделіп отыр, оны тездетіп жаңарту керек дей
отыра жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды
міндетті «Акмеология» оқу курстарын енгізу туралы мәлімдеді. Жастардың
едәуір бөлігінің әлеуметтік инфантилизміне, ересек өмірге бейімделе алмауына,
басқа да келеңсіздіктерге ұрындырады. Жастардың бір бөлігі діни секталардың,
экстремистердің, есірткіге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына»
айналады. Мұның бәрінің басты себебі – әлеуметтік инфантилизм, өзінің өмірі
мен өз отбасының әл-ауқаты үшін өзі жауап бере алатын ересек әрі кемел
азамат болуға шамасы жетпеушілік.Сондықтан бүгінгі таңда оқу-тәрбие
үдерісін түбірінен өзгерту маңызды.», - деп атап өтті президент.
Акмеология педагогика ғылымымен өте тығыз байланыста екеніне
тоқтала отырып, дегенмен олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |