Материалдары



жүктеу 2,88 Mb.
Pdf просмотр
бет14/174
Дата19.11.2018
өлшемі2,88 Mb.
#21628
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174

 
29
Ғылыми-әдістемелік 
еңбектердегі 
ой-пікірлерді 
саралай 
келе, 
студенттердің  жазбаша  сөйлеу  тілін  дамытудың  негізі  ретінде  мәтін 
мазмұнының  дұрыс  сұрыпталуы;  жазба  жұмыстарының  оқушының  жас 
мөлшеріне  сәйкес  жүргізілуі;  жазба  жұмыстарының  білімдік,  тәрбиелік, 
танымдық  міндеттерді  шешуге  бағытталуы;  орфографиялық  нормаға  сәйкес 
жазу  дағдысының    қалыптасуы;  сұрыпталған  мәтіндер  арқылы  халқымыздың 
мәдени-рухани  мұрасы  мен  салт-дәстүрінің  озық  үлгілерін,  ұлтымызға  тән 
әдептілік, сыпайыгершілік қасиеттерін таныту қажеттігі белгіленді.    
Жазба  жұмыстарының  кешеніне  жаттығулар  жүйесі,  диктант  түрлері, 
мазмұндама, шығарма жұмыстарын енгізу керек. Қазақ тілінде жазбаша сөйлеу 
тілін  дамытуда  студенттердің  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым  және 
тілдесім  әрекеттерін  байланыста  меңгеруіне  байланысты  жазба  жұмыстарын 
сұрыптадық.  
Орфографиялық 
норма 
қалыптастыруда 
бағдарламада 
үздіксіз 
орындалатын  тәжірибелік  жұмыстың  негізгі  түрі  –  диктант.  Диктант  термині 
кейбір  әдістемелік  еңбектерде  жатжазу  түрінде  қолданылады.  Диктант  өзге 
тілді  аудитория  студенттерінің  жазбаша  сауаттылығын  қалыптастыру  үшін 
қолданылады.  Диктант  жұмысын  орындау  әдістері  зерттеудің  педагогикалық 
негізінде  ұсынылған  дидактикалық  ұстанымдарға  негізделеді.  Студенттердің 
білімі мен тілдік дағдылары есепке алынады.  
Жазбаша  сөйлеу  тілін  дамыту  бағытында  жүргізілетін  диктант 
жұмысының ең тиімді түрлері сұрыпталды:  
 сөздік диктанты;  
 жатқа жазу диктанты;  
 терме диктант;  
 бақылау диктанты;  
 шығармашылық диктант. 
Сөздік диктанты 
1-нұсқа.  Сөздерді алфавит ретімен буынға бөліп жаз. 
Ғарыш,  домбыра,  сандық,  бұлбұл,  кітапхана,  қолшатыр,  мысық, 
тамаша,  саяжай,  азамат,  шаңғы,  велосипед,  ынтымақ,  инелік,  ұшақ,  инелік, 
гүрсіл, парасат,футбол, әнші, ірімшік, ешкі, орман,өрмекші, құмырсқа, рахат, 
лақ. 
2-нұсқа.  Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. 
Шабдалы,  қияр,  бүлдірген,  ананас,  қарбыз,  асқабақ,  жидек,  қызылша, 
қарақат,  алмұрт,  анар,  жүзім,  өрік,  қауын,  сәбіз,  шие,  құлпынай, 
орамжапырақ, пияз, бұрыш, апельсин, қызанақ. 
Сөздік  диктантының  тиімділігі:  Студенттердің  сөздік  қоры,  сөз 
байлығы  дамып,  мағыналық  реңктеріне  қарай  сөздерді  тілдік  қарым-қатынаста 
сауатты 
қолдануды 
меңгереді. 
Сөз 
мағыналарын 
түсінумен 
бірге 
орфографиялық дағды қалыптасады.  
Өзге тілді аудитория студенттерінің жазбаша тілін дамытуда жүргізілетін 
жазба жұмысының негізгі түрі – мазмұндама. Мазмұндама жұмысының негізгі 
мақсаты    –  студенттердің  жазатын  жұмыстарын  терең  түсіне  отырып,  олардың 
тілдік  құралдарына,  сөздік  қорына,  сөз  таңдау,  сөйлеудегі  сөздердің  орнына, 


 
30
көркемділігіне,  бейнелілігіне  назар  аударып,  өз  ойын  жүйелі  айтып,  не  жазып 
беруге  дағдыландыру  болып  табылады.  Студенттердің    логикалық  ойлау 
қабілеті, есте сақтауы, зейіні жетілетіндігі анық. 
Мәтін  мазмұнын  түсініп,  ауызша  баяндап  беруге  даярлауда  жеке 
сөйлемдерден  бастаған  орынды.  Студенттердің  жеке  сөйлемдерді  жаттап  алу 
дағдысының  қалыптасуы  диктант  пен  мазмұндама  жұмыстарын  орындауда 
көмектеседі, есте сақтау қабілеттерін дамытады. 
Жеке  сөйлемдермен  жұмыс  істеу  дағдысы  қалыптастырылғаннан  кейін, 
студентті  шағын,  қысқа  мәтінмен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру  қажет.  Мәтінді 
мәнерлеп оқып, мазмұны айтқызылады.  
Мазмұндама тақырыбы:  Жалқау мысық. 
Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына 
алты жылдай болып қалды. Алғаш асырап алған кезімізде ол сондай тынымсыз 
еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан 
тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан 
бас  көтермейді.  Сөйтіп,  менің  мысығым  жалқау  болып  кетті.  Маған 
мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.   
Тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестері:  сүйкімді,  сондай  тынымсыз,  бұрын, 
алғаш  асырап  алған  кезімде,  ұйқыдан  бас  көтермейді,  оралған  жіп  көрсе, 
жалқау. 
Жоспары: 1. Сүйкімді мысық. 2. Ойынға құмарлық. 3. Ұнамсыз қылық. 
Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасы түсіндіріліп, сөздік 
жұмысы жүргізіледі.  
Мазмұндаманың  тиімділігі:  Студенттер  мәтінді  түсініп  оқып,  ауызша 
мазмұндауға  үйренеді.  Мәтін  бойынша  қойылған  сұрақтарға  жауап  береді, 
өздері  де  сұрақ  қоюға  дағдыланады.  Берілген  тірек  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 
пайдалана  отырып,  дайын  мәтін  бойынша  мазмұндама  жазуға  үйренеді. 
Мазмұндама жұмысының бұл түрі студенттердің есте сақтау қабілетін    дамыта 
отырып, орфографиялық нормаға сәйкес жазылым әрекетін қалыптастырады.    
Тұжырымдағанда,  мазмұндама  жұмысын  орындатуда  мәтіннің  мазмұнын 
дұрыс  баяндау  үшін  жоспардың  дұрыс  құрылуы  және  оның  үлгілері 
мазмұндама талаптарына сәйкес мәтіндермен ұсынылуы керек.  
Студенттердің  жазбаша  сөйлеу  тілін  дамытуда  орындалатын  жазба 
жұмысының  бір  түрі  –  эссе.  Қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне  меңгертуде  де 
жазылым әрекетіне жаттықтыруда жүргізілетін эссе жұмысының ерекшеліктері 
еңбектерінде қарастырылды. Жазылым әрекетін жетілдірудің ең жоғары сатысы 
болып  табылатын  шығарма  жұмысын  орындауға  жаттығу  арқылы  тақырып 
мазмұнын  әңгімелеуге,  жоспарды  өз  бетімен  құрастыруға,  ой  қорытындысын 
жасауға үйренеді. 
«Эссе  –  прозаическое  сочинение  небольшого  объема  и  свободной 
композиции на частную тему, трактуемую субъективно и обычно неполно», деп 
орыс тілінің сөздігінде осындай анықтама береді. [6:68] 
Эссе  –  тіл  дамыту  жұмыстарының  ішіндегі  студенттердің  өзіндік  ойын, 
тілін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру ісіне тікелей қатысы бар тілдік қатысымды 


жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   174




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау